2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. Күтілетін нәтижелер
Білу:
өркениеттердің тарихи типтері мен олардың ошақтарын;
мемлекеттің тарихи түрлері мен мемлекеттік-құқықтық институттарының қалыптасуы мен даму кезеңдерін;
әлемдік тарих барысына ықпал еткен әскери-саяси оқиғаларды;
әлемдік мәдени-тарихи прогреске ықпал еткен әлемдік жаңалықтар және жетістіктерді;
қазіргі әлемдік мәдениеттің жағдайы мен тарихын; адамның, қоғамның пайда болуы мен дамуына қатысты, әлем халықтары мен өркениеттерінің негізгі ғылыми теорияларын;
әлемдік қоғамдық ойдың дамуына елеулі үлес қосқан тарихи қайраткерлерді; - дүниежүзі тарихы бойынша негізгі жинақталған ғылыми еңбектерді біледі.
Түсіну
мәдени-тарихи процесті оның бірлігі мен алуан түрлілігін;
мемлекеттің тарихи формалары мен түрлерін, өркениеттің өзіндік ерекшеліктерін;
мемлекеттік-құқықтық институттарының маңызын;
әлемдік өркениеттердің қалыптасуы мен дамуына табиғи-географиялық факторлардың ықпалын;
тарих барысына әскери-саяси оқиғалардың ықпалын;
әлемдік тарихи-мәдени прогресс үшін адамзаттың жетістіктері мен ұлы ашылулардың маңызын;
түрлі тарихи кезеңдерде әлемдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын;
әлемдік қоғамдық ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді;
тарихтың дамуына тұлғалардың ықпалын;
жаһандық әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін жалпы адамзаттық құндылықтардың маңызын түсінеді.
Қолдану
уақыт пен кеңістікте әлемнің мәдени-өркениеттік орталықтары мен мемлекеттері құрылуын анықтау кезінде;
мемлекеттердің түрлері мен тарихи формаларын, өркениеттердің өзіндік ерекшеліктерін анықтау барысында;
түрлі тарихи кезеңдердегі әлем халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы ерекшеліктерін анықтауда;
әлем тарихындағы тарихи тұлғалардың рөлін анықтау кезінде;
өткен және қазіргі кездегі оқиғалар мен құбылыстарға қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын қолданады.
Талдау
әлем халықтарының ортақ белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып тарихи дамуын;
түрлі тарихи кезеңдерде қоғамның қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) ықпалын;
себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатында әлем тарихының оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін;
тарихи тұлғалар қызметінің себептері мен нәтижелерін;
тарихи деректерді;
этногенез, саяси және мәдени процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды;
жаһандану жағдайында бүгінгі қоғамның даму үрдістері мен перспективаларын талдайды.
Жинақтау
тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды;
әлем халықтарының тарихи дамуының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында салыстырмалы тарихи сипаттамаларын;
әлемдік тарихи-мәдени процесс туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен гипотезаларды жинақтайды.
Бағалау
түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамның дамуына (географиялық, демографиялық, көшіқон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін;
әлем тарихының ықпалы контекстінде тарихи тұлғалар қызметін;
әлемдік өркениеттің қалыптасуы мен дамуына түрлі әлем халықтары мәдениетінің қосқан үлесін;
тарихи деректердің шынайылығын;
әлем тарихының этникалық, саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды.