4.«Құпиялы қасиет» ойыны.
(Барлық балалар бір шеңберге тұра қалады да, қолдарын алдына қарай,алақандарын бір-біріне тигізіп,созады.Мұғалім қолында,мейірімділік қасиетін білдіретін белгі ретінде,тиын ұстап тұрады. Мұғалім екі алақандарының арасындағы тиынды балалардың алақандарына салғандай тигізеді де,былай дейді: Сезім « өте мейірімді». Сонан кейін Арай алақанын ашады да,тиын бар ма,жоқ па, көрсетеді. Балаларға тиынның кімде екенін табуға үш рет мүмкіндік беріледі.
Ойын «Мейірімді жүрек»
Шарты: Балалар үлкен шеңбер құрып отырады. Ойын бастаушы жүрекшені ұстап тұрып:
«Балалардың мейірбандық жүрегі,
Адамдарға бақыт, шаттық тіледі», - деп айтады.
Басқа балалар да осы өлең жолдарын қайталап, қасындағы көршісіне оның жақсы қасиеттерін білідіретін жылы сөздер айтады. (Сен мейірімдісің! Сен кішіпейілсің! Сен әдемісің! Сен қайырымдысың!)
5 ҚОРЫТЫНДЫ:
« Жүректен жүрекке» жаттығуы.
Алдарыңда түрлі-түсті жүрекшелер бар. Кімге қай түстегі жүрекше ұнайды соны алайық. Әр жүректің артында адамның бойындағы жақсы қасиеттерді оқыңдар.
Қызыл-адамгершілік.
Сары- адалдық.
Қызғылт- мейірімділік.
Көгілдір- сүйіспеншілік.
Жасыл- әдептілік.
Көк- ізеттілік.
Ақ-қайырымдылық.
Ендіше, осы қасиеттер сендердің бойларыңнан табыла берсін демекпін.
Жақсылықпен- кәрі-жастың күйін біл,
Сөз,ісіңмен ел-жұртыңды сүйіндір.
Есендікте ізгілік ет, тарылма,
Қазына үлес ,жарылқа Һәм жаңылма- деген Ж Баласағұнидің сөзімен сабағымды қорытындылаймын. Бүгінгі сабаққа бәріңе көп рахмет, жақсы қатыстыңдарың үшін!
6 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Интернет материалдары
- Әдеби кітаптар
Достарыңызбен бөлісу: |