Дүниетану. №1 Тақырыбы: Айнала дүниедегі денелер,құбылыстар. Мақсаты


Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі



бет4/6
Дата27.12.2016
өлшемі1,21 Mb.
#6298
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. “Жануарлар” тақырыбын қайталау.

Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.Аюдың суретін салу.

9.Бағалау.

Дүниетану.

32



Тақырыбы:Тиіннің азық қоры.

Мақсаты: 1.Тиіннің қысқы азық қоры туралы мағлұмат беру.

2.Оқушыларға тиін тіршілігі туралы түсінік беріп,ой-пікірін еркін жеткізе

білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды жануарларды қорғай білуге тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Аңдардың күзгі тіршілігі”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Қорытындылау.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Тиіннің азық қоры” .



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Кіріспе әңгіме жүргізу.

Тиін қысқы азық қорын жинайды.Оның дайындайтын азық түрлері:жаңғақ,бүр,

саңырауқұлақ.Жаңғақ пен бүрді ағаш қуысына,шөп арасына жасырып қояды.Ал

саңырауқұлақтарды ағаш бұтағына іліп қояды.Оны ол адамнан үйренген екен.

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

-Тиін қысқа азық қорының қандай түрін әзірлейді?

-Саңырауқұлақты қалай сақтайды?

-Сен тиінді көрдің бе?

-Ол көбіне қандай ағаштарды мекен етеді?

3.Сергіту сәті



6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. “Жануарлардың қысқа дайындығы” тақырыбын

қайталау.

Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.

Тиін суретін салу.

9.Бағалау.
09.01.2013 ж Дүниетану.

33



Тақырыбы:Тышқанның зияны.

Мақсаты: 1.Тышқанның зиянкестігі туралы әңгімелеу.

2.Аңдардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелей отырып,олардың өз

тамақтарын қалай жинайтынын бақылауға машықтандыру.

3.Оқушыларды жануарларды қорғауға үйрету,олардың ішінде зиянкестері

болатынын ескерту, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Аңдардың күзгі тіршілігі”туралы мәтінді оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

-Күздің белгісі неден көрінеді?

-Аю,борсық,кірпінің ортақ белгісін айтып бер.

-Ақкіс,қоянның қысқа қалай дайындалатынын әңгімелеу.

2. Қорытындылау.



4. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Тышқанның зияны” мәтінімен танысу .



5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Кіріспе әңгіме жүргізу.

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

Тышқанның зияны жайлы әңгімелеу.

Тышқан-бидай,арпа масағын ініне тасып,қысқа азық қорын қамдайды.Ал ол-егінге зиян тигізу деген сөз.

3.Сергіту сәті

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

-Тышқандар қандай жерді мекендейді?

-Тышқанның қандай түрлері бар?

-Тышқандар немен қоректенеді?

-Тышқан туралы мультфильмдер көрдің бе?

-Тышқан мысықпен дос па?

-Тышқанға байланысты қандай ойын білесің?

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау. Тышқан суретін салу.

9.Бағалау.

10.01.2013 ж Дүниетану.

34

Тақырыбы:Малды қыста бағып-күтуге дайындық жасау.

Мақсаты: 1.Малды қыста бағып-күту үшін жүргізілетін жұмыс түрлерін әңгімелеу.

2.Сурет бойынша әңгіме құратып,ауыл адамдарының істейтін жұмыс

түрлері туралы айту, ой-пікірін еркін жеткізе білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды малды күтіп-бағуға,оның адам өміріне пайдасын білуге

тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Тышқанның зияны”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

-Тышқанның зияны жайлы әңгімелету.

-Тышқан қысқа азық қорын қалай әзірлейді?

-Дәнді қалай ініне тасиды?

-Қандай аңдар қыста қор жинайды?

-Тышқанның зиянкестігі туралы айт.

-Аңдардың қысқы тіршілігін айтып бер.

2. Қорытындылау.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Малды қыста бағып-күтуге дайындық жасау” .



5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

-Қыста малды күтіп-баптауға арналған жұмыс түрлері:

а)Жем-шөп әзірлеу.

ә)Мал қораларды жылылау.

б)Малға жем-шөп беретін жерлерді әзірлеу.

в)Су ішетін науа жасау.

г)Күздік сыртқа бағып келген малды түнге қарай қораға кіргізу.

3.Сергіту сәті

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау. 9.Бағалау.



16.01.13 ж


Дүниетану.

35



Тақырыбы:Құстардың қысқа дайындығы.

Мақсаты: 1.Мәтіннің мазмұнын ашу,жыл құстары туралы түсінік беру.

2.Оқушылардың құстардың қысқа дайындығы туралы түсінігін кеңейту.

3.Қыста құстарға әрдайым қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Малды қыста бағып-күтуге дайындық”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

-Адамдар қыста малды қалай күтетінін әңгімелеу.

-Ауылда істелетін жұмыс түрлерін ата.

-Малды қыста бағып-күту үшін не керек?

2. Қорытындылау.



4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Құстардың қысқа дайындығы.” .



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

-Оқушыларға рөл бойынша оқыту.

-Жыл құстары:тырна,үйрек туралы әңгімелеу.

-Құстар қай жаққа ұшуға дайын болғандығы жайлы әңгімелеу.

-Ауылыңның маңынан қандай құстарды көбірек кездестіруге болады?

-“Жыл құстары ”дегенді қалай түсінесің?

-Күзде өз өлкеңнен жылы жаққа ұшып бара жатқан құстар тізбегін бақылау.

3.Сергіту сәті

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.

“Жыл құстары ”суретін салу.

9.Бағалау.

17.01.13 ж

Дүниетану.

36



Тақырыбы:Аңдар қалай қыстайды?

Мақсаты: 1.Қыстағы жануарлар тіршілігі туралы мағлұмат беру.

2.Жануарлардың жүндерінің реңінің өзгеруі,ұйқыға жататын аңдар

жайында түсінік беру.

3.Жануарларды қорғай білуге тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Құстардың қысқа дайындығы ”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

-Құстар қай жаққа ұшуға дайындалады? Неліктен?

-“Жыл құстары ”дегенді қалай түсінесің?

-Қалада қандай құстар кездеседі?

2. Қорытындылау.



4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Аңдар қалай қыстайды?” .



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Сурет бойынша мәтін құрастыру.

Қыс мезгілінде жабайы жануарларға қандай көмек жасайтынын әңгімелету.

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

-Қандай аңдар ұйқыға жатады?

-Қандай аңдардың жүнінің реңі өзгереді?

-Қыста жануарлар тіршілігі неге қиындайды?

-Ұйқыға жататын жануарларды атап бер.

-Түлкі өз жауынан қалай құтылады?

-Тиіннің реңі,қоянның жүні неге өзгереді?

3.Сергіту сәті

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Қорытындылау. Есте сақта!

Қыс-қарлы,боранды,аязды,суық жыл мезгілі.

Су жаңа қатқан кезде мұздың үстімен жүрме,ол өте қауіпті!

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.Түлкі суретін салу. 9.Бағалау.

23.01.2013 ж Дүниетану.

37



Тақырыбы:Олар қалай қыстайды?

Мақсаты: 1.Бақа,кесіртке,жылан,бунақденелілер қалай қыстайтынын түсіндіру.

2.Бунақденелілер не себепті ұйықтайтынын,оларды бақылауға,зерттеу

жүргізе білуге машықтандыру.

3.Оқушыларға олардың пайдасы жайлы әңгімелеп,оларды қорғай білуге

тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Аңдар қалай қыстайды?”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1.Сұрақтарға жауап алу.

-Ұйқыға жатқан жануарлар немен қоректенеді?

-Елік,бұғылар жайында айтып бер.

-Қыста тиін немен қоректенеді?

-Жануарларға не себепті қосымша азық керек?

-Түлкі туралы айтып бер.

2. Қорытындылау.



4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Олар қалай қыстайды?” .



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

Кесіртке мен жылан қураған шөптер мен жапырақтар үйіндісінің астына кіріп,ұйқыда жатады.Бақа су түбіндегі лайға көміліп алып ұйықтайды.

-Күзде азық қорының азаюы нелерге әсер етеді?

-Бунақденелілер не себепті жоқ болып кетеді?

-Қосмекенділер не себепті жоқ болып кетеді?

-Жәндіктер ауа-райының салқындауына неге шыдай алмайды?

3.Сергіту сәті



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.

Кесіртке суретін салу. 9.Бағалау

24.01.2013 ж Дүниетану.

38

Тақырыбы:Құстар қалай қыстайды?

Мақсаты: 1.Қыста қыстайтын отырықшы құстар туралы мағлұмат беру.

2.Құстардың ”жыл құстары”,”отырықшы құстар”болып екіге

бөлінетінін, қыста оларға қалай күтім жасау керектігі жайлы әңгімелеу.

3.Құстарға қамқор бола білуге тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Аңдар қалай қыстайды? ”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

-Күзде азық қорының азаюынан бунақденелілер қайда кетеді?

-Ауа райы суытқанда олар қайда кетеді?

-Кесіртке мен жылан қайда тығылады?

-Бақа қайда жатып ұйықтайды?

-Жәндіктер мен бунақденелілерді ата.

2. Қорытындылау.



4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.” Құстар қалай қыстайды?” .



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

-Торғай,құр,сауысқан,тауықтар,үй құстары жайлы әңгімелеу.

-Үй құстарын адамдар не үшін және қалай бағып- күтеді?

-Тоқылдақ қоректі қалай табады ?

-Қай құс қалай,немен қоректенеді ?

-Құстарды неліктен:жыл құстары,отырықшы құстар деп атайды ?

-Отырықшы құстар немен қоректенеді?

3.Сергіту сәті

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту,іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.Тоқылдақ суретін салу.

9.Бағалау.

30.01.2013 ж Дүниетану.

39

Тақырыбы:Аңдардың көктемгі тіршілігі.

Мақсаты: 1.Оқушыларды мәтінмен таныстыру.

2.Оқушыларға аңдардың көктемгі тіршілігі жайында толығымен мағлұмат

беру.Ой-пікірін еркін жеткізе білуге машықтандыру.

3.Аңдарды қорғай білуге тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Құстар қалай қыстайды? ”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1.Сұрақтарға жауап алу.

-Үй құстарын ата:

-Үй құстарын қалай бағып-күтеді?

-Жыл құстары,отырықшы құстар жайлы әңгімеле.

-Тоқылдақ қоректі қалай табады?

-Басқа құстар қалай қоректенеді,әңгімеле.

2. Қорытындылау.

Ойын:”Орнын тап”.

Шарты:мына құстардың ішінде қайсысы отырықшы, қайсысы жыл құсы?

\торғай,қарға,сауысқан,саңырау құр,шымшық,суық торғай,сандуғаш,үйрек,қаз,

көкек,қарлығаш\

Отырықшы құстар:

Жыл құстары:



4. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Аңдардың көктемгі тіршілігі.” .



5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

Аңдар көктемде балалайды,күшіктейді,қоздайды,сүтқоректілер төлдейді.

Балаларын сүтпен асырайды.

3.Сергіту сәті

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. Аңдар :\білетін аңдарды жазу\.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.Жолбарыс суретін салу.

9.Бағалау.


Дүниетану.

40



Тақырыбы:Құралай желі .

Мақсаты: 1.Құралай желі туралы түсінік беру.

2.Оқушылардың аң төлдерін дұрыс атай білулеріне машықтандыру.

3.Оқушыларды аңдарды қорғай білуге,оларға күтім жасай білуге

тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Аңдардың көктемгі тіршілігі ”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Қорытындылау.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Құралай желі ” .



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

Киіктің лағын-құралай деп атайды.Киіктің лағы тұрып,енесіне ереді.

Көктем ортасында бір аптадай жел соғады,күн салқындайды.Жауын шашындатып,

суық жел соғады.Сондықтан да бұл желді ”құралай желі” деп атайды.

3.Сергіту сәті



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

-Ауа райында болатын құбылыстарды ата.

-Жел түрлерін ата.

-Адамдар желдің соғуына қарап,қандай затты ойлап тапқан?

-Жел бағытын қалай анықтайды?

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

“Құралай желі”-деп неге айтады?

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.

Киік суретін салу.

9.Бағалау
Дүниетану.

41



Тақырыбы:Көктем қарбаласы.

Мақсаты: 1.Көктемдегі жабайы аңдар тіршілігі,балалауы туралы мағлұмат беру.

2.Оқушылардың суретке қарап,ой-пікірін еркін жеткізе білуіне

машықтандыру.

3.Аңдарды қорғай білуге тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Құралай желі”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

-Киік баласын қалай атайды?

-Көктемде соққан желді неге “құралай желі” деп атайды?

2. Қорытындылау.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Көктем қарбаласы” .



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Көктем қуанышы-аңдардың балалауы.Көктемде барлық жануарлар азық іздейді.

Балаларын суықтан,жаулардан қорғайды.Көктемде қорек өте аз болады.Аңдар көбіне

қиындық көреді.

Аю ұйықтап жатып балалайды.Оның баласы “қонжық” деп аталады.Олар енесін

еміп,сүтпен қоректенеді.Көктемде бунақденелілерді іздеп,құс жұмыртқасын,құмырсқа

илеуін де жейді.Аю өзеннен балық та аулайды.Қонжығы да енесінен көргенін істеп,өз

қорегін тауып жеуді үйренеді.

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

3.Сергіту сәті



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

-Аюдың көктемдегі тіршілігін айт.

-Аю баласын қалай атайды?

- Басқа жануарлар тіршілігі туралы әңгімелеп бер.

3. Теріп оқыту.

7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. Есіңе сақта!

Жабайы аңдардың балаларын енесінен айыруға болмайды.Олар қолда ұстауға

көндікпейді,көп жағдайда өліп қалады.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау. Қонжық суретін салу. 9.Бағалау.



Дүниетану.

42



Тақырыбы:Малды көктемде бағып-күту.

Мақсаты: 1.Малды адамдар қалай бағып-күтеді және мал мен жабайы аңдардың

көктемгі тіршілігін салыстыра білу туралы мағлұмат беру.

2.Малдарды қосымша қоректендіру,малдардың көктемгі тіршілігіндегі

өзгерістер туралы әңгімелеу.

3.Оқушыларды малды күтіп-баптай білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Көктем қарбаласы”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

-Көктемдегі аңдар тіршілігі жайлы айтып бер.

-Аңдар үшін көктемнің қуанышы мен қиындығын нақтылап дәлелдеп бер.

-Жабайы аңдардың балаларын не себепті енесінен айыруға болмайды?

-Көктемде олар немен қоректенеді?

2. Қорытындылау.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Малды көктемде бағып-күту”.



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Сурет бойынша әңгімелеу.

Төрт түліктің төлдеріне қосымша тамақ беру керек.Сонда жас төлдер жақсы өседі.

Жылқы құлындайды. Сиыр бұзаулайды.

Қой қоздайды. Түйе боталайды.

Ешкі лақтайды.

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

3.Сергіту сәті



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

-Мал мен жабайы аңдардың көктемгі тіршілігін салыстыр.

-Малды адам қалай бағып-күтеді?

-Апаң мен атаңның үйіндегі малдың көктемгі тіршілігін бақыла,айтып бер.

3. Теріп оқыту.

7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.Түйе суретін салу.

9.Бағалау.

Дүниетану.

43



Тақырыбы:Құстардың туған жерге оралуы.

Мақсаты: 1.Құстардың туған жерге оралуы,ұя салуы туралы мағлұмат беру.

2.Құстардың көктемгі тіршілігі,балапандауы,оны қоректендіру туралы

мағлұмат беру,ой-пікірін еркін жеткізе білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды құстарды қорғай білуге тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Малды көктемде бағып-күту”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Қорытындылау.Үйден жазып келген ”Көктем”мәтінін оқыту.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Құстардың туған жерге оралуы” .



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Сурет бойынша мәтін құрастыру.

-Құстар қай жақтан оралып келеді?

-Ол жаққа қашан,неліктен кеткен еді?

-Суретте қандай құстар тізбегі бейнеленген?

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

3.Сергіту сәті.

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

-Құстардың оралуы жайлы қандай әнді білесіңдер?

-Құс жолы деген не?

-Киелі құс деп неге айтады?

3. Теріп оқыту.

7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Қорытындылау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет