Билялова К.З. № 17 ЖББОМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Дүниетану сабағында ойын түрлерін қолданудың тиімділігі
«Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» Абай Құнанбаев
Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктерді пайдалануды көздейді. Оқу – тәрбие үрдісінде қолданылатын құралдардың бірі ойын.
Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетін орындауға бейімделеді. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады.
Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский «Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» деп айтқан. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.
Ойын – оқушы білімін берік меңгерту құралы. Әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы жас жеткіншектердің білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады. Ойынды оқушылар сабақта шаршаған кездерде сергіту мақсатында емес, оларға берілген ұғым, түсініктерді берік меңгеру мақсатында да жүргізіледі.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын – сабақ, ойын – жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан – жақты дамытып,білімді толық игеруіне көмектеседі.
Оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын ойынның бір түрі – дамытушы ойындар.
Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап – оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар келесі сұраныстарға жауап береді:
білік пен дағдыны қалыптастыру;
баланы жарыса білуге қалыптастыру;
балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық маңызы да арта түседі.оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.
Сол себепті мүмкіншілігіне қарай сабақтарда қай тақырыпқа болмасын тиімді дамытушылық ойын түрлерін ойластырып, қолдануға тырысамын.
Өзімнің іс – тәжірибемнен дүниетану сабақтарында пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлеріне тоқталайық.
«Қалалар» ойыны.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының қала атауларын қаншалықты есте сақтағандарын тексеру.қала атауларын дұрыс жазуға дағдыландыру.
Ойын шарты: тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қоса отырып, тор көздердің ішінен қала атауларын тапқызу.
А
|
Т
|
Ы
|
Е
|
Б
|
О
|
Н
|
Қ
|
А
|
Р
|
А
|
Қ
|
Т
|
А
|
Т
|
У
|
А
|
З
|
О
|
С
|
Н
|
А
|
А
|
Ғ
|
С
|
Е
|
Е
|
А
|
У
|
Н
|
А
|
Л
|
М
|
Е
|
Й
|
Ы
|
Д
|
Т
|
С
|
А
|
Т
|
Ы
|
Білгішпектің хаты
Біз Білгішбектен хат алдық. Ол өзенге барып балық аулапты. Жинаған балықтарының атында «б» дыбысы бар екен. Ол сендерден көмек сұрайды. Қандай балықтар екенін айтып жіберейік. (бекіре, табан, алабұға, камбала)
«Сандар сыры»
Ойынның шарты:цифрлар арқылы жазылған сөздерді табу.
Қ Ң Ы Ж Р Ұ А Ш Б
1 2 3 4 5 6 7 8 9
472935 175 965871
«Адасқан әріптер»
Шарты: әріптерден жануарлардың атын құрап жазу
р с а н т ы а к і т л ү қ ж б о ю
«Ұйқасын тап».
Алмастан тыным , Жағасында бұлақ,
Шабады ... құлын. Жайылып жүр .... лақ.
Уылжыған албырт, Шабақ аңдып жағада,
Дәмі ғажап ... Алмұрт. Шарқ ұрады ... шағала.
«Адасқан айлар».
Шарты: Төрт қорап дайындайсыз. Әр қорап сыртында жыл мезгіліне сай сурет болады, ай аттарын ауыстырып саласыз, оқушы әр айды жыл мезгіліне сай тауып салады. Бұл ойынды уақытпен ойнатуға болады. Ойын оқушының тез оқу, қимылдау дағдысын қалыптастырады. Мұғалім оқушының ай аттарын, жыл мезгілін есінде қалай сақтағанын бағалайды.
«Кім жылдам?»
Төрт түлік малдың сүреттері тақтада ілулі тұрады Сонымен балалар төрт түлік малдың қозысын, ботасын, бұзауын, құлынын тауып тақтаға шығып жазады. Бұл ойын балалардың тез ойлану, дұрыс жазу дағдыларын қалыптастырады
Қорыта келе,сабақта үнемі ойын түрлерін пайдалану тиімді де, жақсы нәтижеге жеткізетінін байқадым. Ойын – балалар үшін оқу да еңбек те. Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ойын балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Ойын арқылы баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке,әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын белсенділігін арттырып сапасын көтеру болып табылады.
Өзімнің оқытып отырған сыныбымда дүниетану пәні бойынша оқушылар 2010 - 2011оқу жылында 78%, 2011 – 2012 оқу жылында 79%, 2012 – 2013 оқу жылында екі тоқсан бойынша 75% оқу сапасын көрсетті.
Нәтижесінде :Тіл байлығы артады. Ойлау қабілеті дамиды.Білім алады. Нашар оқушылардың сабаққа ынтасы артады. Психикасына сапалы өзгерістер әкеледі. Мінез құлқы қалыптасады. Таным қабілеті артады.Ойынды ұйымдастыру мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне тікелей байланысты. Бала ойын үстінде білімді игеріп жатқанын , ал оқу үрдісінің ойынға қалай ұласып кеткенін аңғармай қалуға тиіс. Сонда ғана ойын мен оқу табиғи үйлесімді болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Әр ұстаз оқу- тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз. Ұстаз үйрену барысында ғана ұстаз , ал үйрену тоқтаған күні ұстаздық та тоқтайды,-деп К.Д.Ушинский айтқандай, үнемі шеберлікті шыңдау жолында жаңа әдіс–тәсілдерді үйренуге, қолдануға ұмтыламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Р.Б.Нұртазина, А. Д Сейсенова. «Мен оқимын ,ойнаймын ,ойлаймын!»
1,2 кітаптары . «Арман» баспасы. Павлодар,2003 26-б
2. С.Ахметов «Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру
жолдары.» Алматы «Рауан» 1994 ж. 63-б
Көңілді жаттығулар.
* Құмырсқаның туған күні болады. 1-ші жыбырлап 2 қоңыз келеді.Асығып 2 көбелек ұшып келіп есік қағады. Секіріп 2 шегіртке келді.
Шай ішіп отырғанда кешігіп жұлдызқұрт келіп, дастарханға жайғасады.
Сұрақ
Құмырсқаның туған күніне неше қонақ келді?
**
* Сауысқан ормандағы жануарларға:
-Асығыңдар, аралар бәріңе бал таратады, - дейді
Бірінші бөшкені көтеріп аю келеді.
Екінші кесе алып ақтиін келеді.
Үшінші келген қоян табақ көтеріп келеді.
Төртінші түлкі құмыра әкеледі.
Бесінші қасқыр кастрөл көтеріп келеді.
Сұрақ
1. Қоян несінші келді?
2. Ең кіші ыдыс кімдікі?
3. Ең үлкен ыдыс кімдікі?
* Салонға суретке түсуге бір отбасы келіпті.
Суретші оларды реттеп отырғыза бастайды.
Папасы мен мамасын орындыққа, апасын креслоға отырғызады. Атасы апасының қасына тұрады, ал інісі қарындасымен орындыққа отырады. Ең кішкентай бөпені мамасының қолына ұстатып, сурет шығарып береді.
Сұрақ.
1. Отбасында неше адам?
2. Балалар нешеу?
* Орманда бір үйшікте тату -тәтті аңдар тұрып жатыпты. Сендер олардың атын сипаттамасына қарай тауып көріңдер.
-өзі қу, жүрген жері шу /түлкі/
-көзі қитар, құлағы ұзын және қорқақ /қоян/
-кішкене ғана бойы бар, домаланған түрі бар. Үнемі арқасында тасып жүрген инесі бар. /кірпі/
-түсі сұр, тістері ақсиған, сондай қорқынышты /қасқыр/
-қорбаңдаған, епсіз, өзі балды сондай жақсы көреді./аю/
Достарыңызбен бөлісу: |