Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы
Катонқарағай ауылы
«Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Абенова Сауле Ерғабылқызы
«Оралхантану » таңдау курс бағдарламасы
Түсінік хат
Қапыда үзілген қысқа ғұмырында қазақ әдебиетінің классикалық үлгілері қатарына қосылған небір жауһар туындылар қалдырып кеткен Оралхан Бөкеев есімі бүгінде иісі қазақ қастер тұтар киелі есімдердің біріне айналды. Көзінің тірісінде-ақ, бүтін бір ұрпақтың сүйікті жазушысына айналған ,Қазақстан Жастар Одағы мен Республика Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты атанған бұл үлкен суреткердің шығармашылық мұрасын- роман,хикаяттарын,әңгіме, новеллаларын,пьесаларын,публицистикалық мақалаларын,эсселері мен очерктерін, замандастары мен жазысқан хаттарын , өзі ғұмыр бойы үзбей дәптеріне түсіріп отырған жан сырлары-күнделіктерін оқып жас буынға жеткізу біздің басты мақсатымыз. Бұл бағдарламада сұңғыла суреткер , көркем сөздің хас шебері,жерлес жазушымыз,есімі әлемге танылған, дарын иесі- Оралхан Бөкей хақында білім беру көзделеді. Оралхан Бөкей қозғаған әлеуметтік тақырыптар, рухани өмірімізге қатысты мәселелер ,оның шығармаларында терең көркемдік шешімін тапқандығы ұлттық әдебиетімізде ғана емес, әлемдік әдебиеттің шеңберінде жоғары бағаланатындығы жайлы хабарлау. Шығармашылық қолтаңбасы ешкімге ұқсамайтын зергер жазушының әрбір туындысы бүгінде нақты талдауды,сөз құдіретін танытудағы өзіндік шеберлік өрнегін кеңінен әңгімелеуді, шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін айқындауды керек етеді.
«Оралхантану » таңдау курс бағдарламасы аптасына 1 сағат қарастырылған.
Бағдарлама бойынша оқу материалдарын жаңа мазмұндағы технологиялар арқылы, сонын ішінде Қ.Бітібаеваның «Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы» ,Сын тұрғысынан ойлау технологиясына негізделіп өткізуге қолайлы. Жазушының әңгімелері түрлі деңгейлі тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырады. Білім мен біліктілік жүйесін қолдана білу тиімділігі оқушылардың өз бетінше білім алу қабілеті, Оралханның шығармаларына деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.
Мақсаты:
Халқымыздың біртуар перзенті, қазақ сөз өнерінің айтулы саңлақтарының бірі, көрнекті жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жерлес жазушымыз Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығын тереңірек оқыту,жазушының қазақ әдебиетіне қосқан үлесін меңгерту, шығармаларында кездесетін ауыл адамдарының прототиптерін анықтау,кейіпкерлер әлемімен танысып,өзіндік ой түйіндеу.Жазушының өмірінен,шығармашылығынан деректер жинастыру.
Күтілетін нәтиже:
1. Теориялық білімдерін практикада қолдана білу біліктерін қалыптастыру.
2. Көркемдеп сөйлеудің амал-тәсілдерін игеру.Сөйлей білудің қалыптасқан жүйесін,орфографиялық және орфоэпиялық нормаға сай сөз қолданыстарының қыр-сырын ұғынуға тиіс.
3.Сценарий жазуға,сахналық көрініс дайындауға үйрену.
4.Жоспар жасату
5.Оқушылардың шығармашлық қабілеттерін жетілдіру
Міндеті:
Оқушыларды азаматтық құндылықтарды білуге, адамгершілікке, тіл шеберлігін қалыптастыруға , сауатты жазып,өз ойын анық толық жеткізе білуге үйрету. Ізденіс жұмыстарына бейімдеу; өз беттерімен жұмыс түрлерін істей білуге дағдыландыру.
2016-2017 оқу жылындағы 7 «А» сынып оқушылары үшін «Оралхантану» тақырыбындағы дайындалған факультатив курсының бағдарламасы
(Аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат)
№
|
Тақырыбы
|
Сағат
саны
|
Мақсаты
|
Түрі
|
Мерзімі
|
1
|
Кіріспе. Курстың мақсат ,міндеттері
|
1
|
Заманымыздың заңғар жазушысы О.Бөкейдің өмірі , өскен ортасы, шығармашылығы жайлы малғұмат беру. Оқушының жазушы туралы таным түсініктерін кеңейту.Сөйлеу тілін дамыту.Ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Оқушыларды іздендіре отырып,Оралхан Бөкей туралы білімдерін тексеріп толықтыру.
Әңгімелерінің мазмұнын меңгертіп,кейіпкерлеріне толық талдау жасауға үйрету.
Оқушылардың көркем шығармаға деген қызығушылығын туғызу,еркін сөйлеу,өз ойын жинақы жеткізе білу қабілетін дамыту.
Әңгімелерінің негізгі тақырыбын,көтерген мәселелерін түсіндіре отырып,жазушының негізгі ойын ашу.Топтық жұмыста шапшаңдық,тапқырлық танытуға ,ойын әдеби тілмен өрнектей білуге дағдыландыру.
Жазушы шығармасын сын көзбен , жоба арқылы талдау дағдыларын дамыту.
Шығармадағы кейіпкерлердібағалай білуге,табиғат сұлулығын сүюге,қорғай білуге тәрбиелеу.
Жазушының ой мен сезімді қатар өрген шебер тілді жазушы екеніне оқушы көзін жеткізе білу.
|
Лекция сабақ
|
|
2
|
Оралхан Бөкей өмірі мен шығармашылығы
|
1
|
Жаңа білімді меңгерту.
|
|
3
|
«Бес тиын» әңгімесі
|
1
|
|
|
4
|
«Іздегенін тапты ма?» әңгімесі
|
1
|
Аралас сабақ
|
|
5
|
«Сарыарқаның жаңбыры» әңгімесі
|
1
|
Аралас сабақ
|
|
6
|
Махмұт және ауыл адамдары
|
1
|
Білім бектіу
|
|
7
|
«Күлпәштің ұршығы» әңгімесі
|
1
|
Жаңа сабақ
|
|
8
|
«Жолда» әңгімесі
|
1
|
|
|
9
|
Тақырыбы,идеясы
|
1
|
Білім бектіу
|
|
10
|
«Ізтай» әңгімесі
|
1
|
|
|
11
|
Кейіпкерлер бейнесі
|
1
|
Талдау
|
|
12
|
«Құсқанат»
|
1
|
|
|
13
|
Тақырыбы,идеясы
|
1
|
Білім бектіу
|
|
14
|
«Сен не ойлайсың осы?!»
|
1
|
|
|
15
|
Кейіпкерлер бейнесі
|
1
|
Білім бектіу
|
|
16
|
«Адамдар неге жылайды?»
|
1
|
Моде ль қорғау
|
|
17
|
Тақырыбы,идеясы
|
1
|
Білім бектіу
|
|
18
|
«Жастық оты»
|
1
|
|
|
19
|
Кейіпкерлер бейнесі
|
1
|
Білім бектіу
|
|
20
|
«Із екеу еді»
|
1
|
|
|
21
|
Тақырыбы,идеясы
|
1
|
Білім бектіу
|
|
22
|
Қойшы жұлдыз
|
1
|
|
|
23
|
«Арпалыс»
|
1
|
|
|
24
|
Мен де сенің түлегің
|
1
|
|
|
25
|
«Аяулым менің-ауылым»
|
1
|
Практика лық оқуға негізделген ізденіс сабағы
|
|
26
|
«Ит ішкір-әй» (сықақ әңгіме)
|
1
|
Сахналық сабақ
|
|
27
|
Жылқы туралы эллегия
|
1
|
Жаңа сабақ
|
|
28
|
«Ана қуанышы»
|
1
|
Аралас сабақ
|
|
29
|
Тақырыбы,идеясы
|
1
|
Талдау
|
|
30
|
Оралхан туралы естеліктер
|
1
|
Ізденіс сабағы
|
|
31
|
Шығармашылық жұмыс
|
1
|
Сайыс сабақ
|
|
32
|
«Өте шыққан өмір-ай...»
|
1
|
Аралас сабақ
|
|
33
|
«Орман кезіп олжалы оралған Оралхан»
|
1
|
Ойтолғаныс
|
|
34
|
Оралханға арнау өлеңдер
|
1
|
Қорытынды сабақ
|
|
Мұғалім үшін пайдаланылған әдебиеттер :
«Біздің Оралхан» «Орхон» Баспа үй, Алматы 2013
«Оралхан» «Өнер» баспасы, 2000
Оралхан Бөкей шығармалары 1,2 том «foliant» баспасы, Астана 2013
«Оралхантану» кітапша Сегізбаева С.Қ. Туменбаев Т.Қ. Тлеукенова Л.А
Оқушы үшін пайдаланылған әдебиеттер :
«Біздің Оралхан» «Орхон» Баспа үй, Алматы 2013
«Оралхан» «Өнер» баспасы, 2000
Оралхан Бөкей шығармалары 1,2 том «foliant» баспасы, Астана 2013
«Оралхантану» кітапша Сегізбаева С.Қ. Туменбаев Т.Қ. Тлеукенова Л.А
Достарыңызбен бөлісу: |