Дүниетану
Түсініктеме хат
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Естімейтін мектеп білім алушысының алдағы оқу жылдарында адам, табиғат, қоғам туралы терең білімді меңгеруін қамтамасыз ететіндіктен, «Дүниетану» жаратылыстану, биология, география және тарих пәндеріне қатысты насихат ретінде қарастырылады.
«Дүниетану» пәні есту қабілеті бұзылған білім алушылардың өзін, қоршаған ортадағы өзінің орнын, басқа адамдарға өзінің қатынасын (субъективтік құзыреттілік) ұғынуына мүмкіндік береді. Ұлттық сана-сезімін, патриоттық сезімін оятады. Танымдық сөйлеу әрекетінің дамуында белгілі бір өзгешелігі бар естімейтін мектеп білім алушысының ұлттық дәстүрлер туралы түсінігін байытады. Оны оқытудың негізгі пәні бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушыларды қоршаған әлемді тануға үйрету процесі, оларды оқыту барысында тәрбиелеу және дамыту болып табылады.
Оқу бағдарламасы оқыту процесін білім алушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін бағдарлайды.
Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады.
Білім берудің классикалық негізі ретінде құндылыққа бағдарланған, әрекеттік, тұлғаға бағдарланған, коммуникативтік тәсілдер оқытудың мақсаттар жүйесіне тән және білім беру процесі нәтижелерінің артықшылықтарын нығайту үшін пайдаланып, бұл оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тауып отыр.
Пәннің оқу бағдарламасы аумақтық сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау әрекетін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан білім алушының белсенділігін дамытуға мүмкіндік береді. Осы пәнді оқытудың мақсатына қол жеткізуде жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жобалау әрекеті ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен серіктестікте ұйымдастырылады.
Оқу бағдарламасында оқытудың мақсаттар жүйесі түрінде күтілетін нәтижелер тұжырымдалған, бұл оқу пәнінің мазмұнын анықтау үшін негіз бола алады.
Пән бойынша білім беру процесінің мазмұны оқытудың мақсатына бағындырылған және білім алушыларда алынған білімді, білікті және дағдыны кез келген оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалануға дайындығын қалыптастыруға, жетістікке жетуде жігерлілігін дамытуға бағдарланған, өмір бойы білім алуға уәждейді.
Тұлғалық сапаларды дамыту білім алушыларды «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет көрсету», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты базалық білім құндылықтарына дағдыландырудың негізі болып табылады. Аталған құндылықтар білім алушының мінез-құлқы мен күнделікті әрекетін уәждемелеуші тұрақты тұлғалық бағдар ретінде танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |