Дүниетану Түсініктеме хат


«Дүниетану» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері



бет2/3
Дата30.01.2022
өлшемі28,93 Kb.
#116145
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
КТЖ Дүниетану 2 сынып

«Дүниетану» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
Оқу пәнін оқытудың мақсаты: білім алушыларда қоршаған әлем туралы, атап айтқанда адамның табиғи және әлеуметтік ортасы туралы білім жүйесін, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан табиғат пен адамның өзара байланысы туралы түсінігін қалыптастыру.

Оқу пәнінің міндеттері:

1) қоғамның, табиғи құбылыстардың және нысандардың өзара байланысы және өзара тәуелділігі туралы білім алушылардың түсінігін қалыптастыру;

2) білім алушыларда табиғи, әлеуметтік және технологиялық ортада мінез-құлық нормалары мен қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру;

3) білім алушыларда табиғи және әлеуметтік болмыстың бақылау, тәжірибе, сұрақ қою сияқты танымдық дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету;

4) білім алушылардың танымдық әрекетін дамытуды қамтамасыз ету;

5) білім алушыларды қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесіне дағдыландыру;

6) пәнді оқыту арқылы білім алушыларда қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына оң қарым-қатынасын қалыптастыру;

7) құндылықтар жүйесі, әлеуметтік тұрғыдан қолайлы мінез-құлық нормалары мен әлеуметтік ортадағы қауіпсіз мінез-құлық нормалары туралы, экологиялық мәдениет туралы алғашқы түсінік беру:

туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру;

табиғатты қорғаудың мәні туралы түсінік беру;

сол жергілікті (аймақтағы, республикадағы) табиғатты қорғау бойынша іс-шаралармен таныстыру;

гигиеналық білімін бекіту, жеке және қоғамдық гигиенаға, денсаулықты сақтауға дағдыландыру;

күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау кезінде және табиғатта серуендеу кезінде қауіпсіз мінез-құлықты сақтауға дағдыландыру;

8) бастауыш білім беру деңгейінің білім алушыларын жаратылыстану және қоғамдық пәндердің шеңберінде қоршаған орта саласы бойынша алдағы білім деңгейлеріне дайындау және олардың қоршаған ортаны өзбетінше тануға деген ұмтылысын қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет