Курсы: 2 Мамандық: 6В11401- Әлеуметтік жұмыс Өндірістік тәжірибе жетекшісі



бет1/3
Дата09.09.2022
өлшемі1,62 Mb.
#149069
  1   2   3
Байланысты:
практикалық есеп
921343751018 1-апта лекция, My motherland KZ. ОМ, ПЕД, B1, соөж анатомия

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ӘЛЕУМЕТТІК - ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ



ОҚУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ ЕСЕБІ


Аты-жөні: Тәттібек Гүлзейнеп Жолдасбекқызы
Курсы: 2
Мамандық: 6В11401- Әлеуметтік жұмыс
Өндірістік тәжірибе жетекшісі: Саурбаева Райса Санаковна
Тәжірибе уақыты: 30.05.2022 - 11.03.2022
Алматы 2022
ОҚУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ




Өткізілетін іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Жауапты оқытушының аты-жөні

1

Оқу практикасында өткізілетін іс-шаралармен таныстыру, мақсаты мен міндетін түсіндіру, ұсыныстар беру

30.05.2022 ж
Сағ.10.00, 201 ауд.
аудиториялық кеңес беру

Саурбаева Р.С

2

Мамандық бойынша білім беру саласындағы ҚР заңнамалары мен халықаралық заңнамаларын зерттеу, талдау

31.05.2022

Сағ.10.00, 201 ауд.



Саурбаева Р.С

3

Мамандығының бейініне сәйкес психологиялық-әлеуметтік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттің каталогын құру (соңғы 5 жыл).

01.06.2022

Сағ.10.00, 201 ауд.



Саурбаева Р.С

4

Кәсіби Интернет-сайттармен және қоғамдастықтармен, олардың қызмет ету мақсаты мен мазмұнымен танысу.

02.06.2022

Сағ.10.00, 201 ауд.



Саурбаева Р.С

5

Алматы қаласындағы әлеуметтік оралықтар тізімдемесін жасау, олардың мақсаты мен міндеті ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасау

03.06.2022
Сағ.10.00, 201 ауд.

Саурбаева Р.С

6

Заманауи білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының өзекті мәселелері мен тақырыптарын анықтау;

06.06.2022
Сағ.10.00, 201 ауд.



Саурбаева Р.С

7

Ойлау мәдениетін меңгерту, ақпаратты жинақтау, талдау, қабылдау, мақсат қою және оған қол жеткізу мақсатында «Менің мамандығым – мақтанышым» тақырыбында эссе жазу

07.06.2022
Сағ.10.00, 201 ауд.



Саурбаева Р.С

8

Қазақстандағы волонтерлар орталықтары, оларға қойылатын талаптар, Алматы қаласындағы волонтерлар қызметін, бағдарламаларын талдау, волонтер болу жолдарын қарастыру

08.06.2022
Сағ.10.00, 201 ауд.



Саурбаева Р.С

9

Өз жұмысының нәтижелері бойынша алынған қорытындыларды тұжырымдау.

09.06.2022
Сағ.10.00, 201 ауд.



Саурбаева Р.С

10

Практика күнделігін жүргізу. Есеп жазу.

10.06.2022
Сағ.10.00, 201 ауд.

Саурбаева Р.С

11

Студенттердің оқу практикасының есебін бағалау

11.06.2022
Сағ.10.00, 201 ауд.

Саурбаева Р.С

Бағдарлама көшбасшысы Иманбекова Б.И.

Мен Тәттібек Гүлзейнеп Жолдасбекқызы 30.05.2022 – 11.06.2022 ж аралығында оқу практикасын « Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінде » өткіздім.


30.05.2022 ж. Жетекшіміз Саурбаева Райса апайымыз оқу практикасының алғашқы күнінде ең алдымен университетіміздің тарихы мен жетістіктері, оқу практикасының жүргізілу барысы, мақсаты мен міндеттері, практика нәтижесінде қалыптасатын студенттің құзыреттілігі туралы айтты. Сонымен қатар, университет кітапханасының бізге қажет материялдардың, яғни кітаптардың көп екенін айтып өтті. Жетекшіміздің бағыт – бағдарына сәйкес өзімізге пән бойынша түрлі мағлұматтарды жинақтап, оның білім, біліктілік және дағды секілді құрылымдарымен таныстық. Сондай-ақ жетекшіміз бізге өз мамандығымызға сәйкес ғылым салалары бойынша жаңалықтарымен бөлісіп, үнемі хабардар болып отыру қажеттігін, әрдайым ізденіс үстінде болып, білімімізді толықтырып отыру керектігін айрықша атап өтті. Сонымен қатар, тәрбие жұмыстарына сай өтілетін іс-шараларды ұйымдастыру және оған барынша жауапкершілік танытып, белсене қатысу қажеттілігін айтты.


Мен оқу практика барысында университетіміздің кітапханасына барып « Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтар» жобасы аясында ағылшын тілінен аударлыған «Әлеуметтік жұмыс: контексі мен практикасы» деп аталатын кітаппен таныс болдым. Бұл кітапта Австралия мен Жаңа Зеландиядағы әлеуметтік жұмыс практикасы туралы жан-жақты баяндайды. Неге бұл екі елдің әлеуметтік жұмыс моделі бізге не үшін керек деген сұрақ туындаған болатын. Бірақ оқу барысында біріншіден, бүгінгі әлемде қай елдің де ғылыми теориясы мен практикасы екінші мемлекетке жат болмайтынын түсіндім. Екіншіден, бұл кітаптағы мысалдар кейс тапсырмалар Қазақстандық Әлеуметтік жұмыс мамандары үшін өзекті тақырыптар айтылған. Бұл кітаптың біздің Қазақстандық Әлеуметтік жұмыс мамандарына үйретері де, береріде өте көп.
Жалпы Әлеуметтік жұмыс бойынша студенттерге қазақ тілінде ұсынылатын оқулықтар саны көп емес. Сондықтан қазақ тіліндегі әрбір оқу құралы, оқулық біз секілді болашақ жас мамандарға таптырмас құралға айналады.
Кітап авторлары: Мэрри Конноли, Луиза Хармс, Джейн Мэйдмент.
«Әлеуметтік жұмыс: контексі мен практикасы» кітабы арқылы Қазақстандық сутденттер де әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибелерімен таныса алады. Өйткені әр мемлекеттің әлеуметтік жұмыс саласындағы қолданып отырған әдіс тәсілдері біздің студенттердің де білімін молайтуға зор үлес қосады деп сенемін.

01.06.2022 ж оқу практика кезінде профессор, тренер, коуч – психолог Кусаинова Маншук Асқарқызымен кездесу өткіздік. Кездесу өте жоғарғы деңгейде өтті. Біз өз көкейімізде жүрген сұрақтарымызға жауап таба алдық. Психолог Маншук апайдың қойған сұрақтарына жауап беріп кері байланыс жасадық. Уақыттымызды үнемдеу керек екенін,қоғамға қандай пайда тигізуіміз керек, мен қандай болуым керек және өмірдегі өз орнымды білдім. Уақытымызды текке құртпай, пайдалы жаққа пайдалану керектігін айтты. Маншук апай өте қарапайым, біздің ойымызды өзгертуге өзінің бір үлесін қосқан, ерекше орны бар тұлға болып қалды. Кездеу барысында сергіту сәтін ұйымдастырды, группамызбен бірге уақытымыздың қайда кетіп жақтанын есептедік, барлығымыз ән айттық. Жалпы кездесуде өзімнің минустарымды білдім деп айтуға болады. Осы кездесуден кейін өз уақытымды үнемдеп қажетсіз заттарға алтын уақытымды құртпауды үйрендім. Біз қазір қандай әлемде өмір сүріп жатырмыз, ол әлем бізге қандай зиян келтіріп жатыр және біз қандай әлемде өмір сүруіміз керек барлығына тоқталып біздің ойымызды өзгертуге септігін тигізді. Бізге Маншук апаймен керемет кездесу ұйымдастырған Райса апайға үлкен алығысымды білдіремін!!!




Әлеуметтік қызметкердің жұмыс барысындағы ситуациялық проблемаларды шешу тәсілдерін меңгердік. Әлеуметтік қызметкер қандай болуы керек екенін талдадық. Қарапайым мысалдар келтірдік. Алдымызға келген клиенттің проблемасын шешуге тырыстық. Қате тұстарын топ болып талқыладық.


Әлеуметтік қызметке кәсіби маман болуы үшін көптеген жылдар еңбек етуі қажет. Ол кәсіби маман болуы үшін жан-жақты білімі, әлеуметтік жұмыс теориясын, әдістерін, технологияларын жақсы білуғ адамды түсіну сияқты салалары болуы керек. Әрбір әлеуметтік қызметкер бойында:
- адамгершілік;
- силастық;
- адам ол қандай, солай қабылдау;
- кішіні құрметтеу, үлкенді қадірлеу;
- өз мамандыған деген қызығушылық;
- өз ісіне жауаптылық, т.б қасиеттер. Себебі әлеуметтік қызметкердің қолында адам өмірі тұр. Ол өз ісіне жауапты, тұрақты болуы тиіс.
Белгілі бір мәселені шешкенде әлеуметтік қызметкердің методологиялық базасы кең болуы міндетті. Мәселені шешу барысында болжау, шешу, басқару осы арқылы әлеуметтік қызметкердің кәсіптік тұлғасы ерекше көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет