Әлеуметтік жұмыс - жеке адамдардың әлеуметтік мәселелерін, ең алдымен әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен коғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, азаматтардың әлеуметтік кепілдігі бар құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызметін атқару қабілетін қалпына келтіруге немесе көтеруге қолайлық туғызатын жағдайлар жасауға бағытталған кәсіптік іс-әрекеттің ерекше, бірлестірілген, пәнаралық түрі.
Әлеуметтік қорғауды қажет ететін әлеуметтік қызметкерлердің клиенттеріне жатады:
ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
аз қамтылған және көп балалы отбасылар;
мүгедектер немесе ұзақ уақыт бойы ауру адамдары бар отбасылар;
босқындар мен мәжбүрлі мигранттар;
бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдар;
жұмыссыз азаматтар;
қиын өмірлік жағдайға тап болған қарт адамдар.
Жалпы Әлеуметтік қызметкердің мақсаты басқалардыі әл-ауқатын жақсарту және өмір сүру сапасын жақсарту. Менде әлеуметтік қызметкер болғым келеді. Себебі адамдарға көмектескенді кішкентай кезімнен ұнатамын. Олардың қоғамға қосылып барлығы секілді күліп жүргенін қалаймын. Ауылдық жерде өскен соң көмекке мұқтаж адамдарды көп көріп өстім. Мен сол адамдардың жағдайын жақсартқым келеді. Ондай адамдардың елімізде аз болғанын қалаймын және осыған өз үлесімді қосамын.
Мен ойлаймын, Әлеуметтік қызметкер – ерекше мамандық. Ерекше рухани үлесі бар, жанашыр, қиналғанда қол ұшын беруге әрқашан дайын адамдар. Әлеуметтік қызметкер болу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Өз жұмысна ықыласпен кірісіп, өзгенің проблемасы деп ойламай, қиналған адамға көп саралап жатпай қолынан келген көмегін көрсетеді. Жалақысы мардымсыз бола тұра, қызмет алушының бабын табу мақсатында қалтқысыз қызмет ету дене күшімен бірге психологиялық табандылықты қажет етеді. Бұл жерде адамның діні, нәсілі, ұлты, жасы, білім деңгейі немесе қоғамдағы орны мағызды емес. Тек қана кең жүректі, адами бейнесі айқын, өзінен гөрі өзгелерге болсын дейтін адамның ғана қолынан келері анық. Айналамыз осындай мейірімзді адамдарыді көп болғаны қандай ғанибет!!!
Қорытындылай келе, оқу практика барысында көптеген өзіме қажетті материяларды алдым. Практика барысында Әлеуметтік қызметкердің жұмысымен толықтай таныса алдым деп айта аламын. Әлеуметтік қызметкер кәсіби маман болуы үшін практика жинап, көптеген жылдар бойы еңбек етуі керек. 10 к.ндік практика мен үшін өте әсерлі өтті. Саурбаева Райса апайымыз бізге мамандығымызды толығымен тануға үлкен үлесін қосты. Бар білгенін бізбен бөлісті. Практика барысында эссе жаздық. « Мамандығым-мақтанышым» атты эсседе мамандығыммен мақтана алатынымды, мамандығым жайлы айтқанда ерекше қуанышты сезімде болатынымды жаза кеттім. Университетіміздің бізге осылай оқу практикасын ұйымдастырып, болашақ маман ретінде практика алмасып, тәжірибе жинақтауға үлкен мүмкіндіктер беріп жатыр. Әр өткізілген іс-шаралардан ерекше әсер алдым. Менен болашақта жақсы маман шығатынына сенімдімін. Қазақстандағы әл-ауқаты төмен отбасылардың жағдайын жақсартуға өз үлесін қоса алатын Әлеуметтік қызметкер боламын.
Достарыңызбен бөлісу: |