Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері


-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды қойыңыздар



бет18/20
Дата05.11.2016
өлшемі6,05 Mb.
#831
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

5-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды қойыңыздар.

1. Ол Түркия ... тәжірибе алмасу ... барады. 2.Сәкен белгілі Қытай фирмасы... іскерлік сапармен бармақ. 3. Сіз іскерлік сапар... арналған құжаттарды алдыңыз ба? 4.Фирма бастығын әуежай... кім апарады?


6-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. Мәтінге жоспар құрыңыз.

Іскерлік кездесуде

Қыркүйектің 13-і күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ортаазбат-2012» әскери жаттығуларына арнайы келген АҚШ генералын, штаб бастықтары біріккен комитетінің төрағасын Генри Шелтонды қабылдады. Қабылдауда Г. Шелтон өзін Қазақстанға шақырып «Ортаазбат » әскери жаттығуларына қатысуға мүмкіндік берген Елбасына алғысын айтты.Содан кейін Президент пен Генерал Қазақстан армиясында жүргізіліп жатқан реформа барысын ,Қазақстан мен АҚШ-тың әскери салдағы ынтымақтастық мәселелерін қарады.Сұхбаттастар екі жақты әскери қарым-қатынас аймақтың қауіпсіздігіне жақсы әсер етеді деген пікірге келді.


7-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кімді қабылдады? Бұл кездесуде қандай мәселелер қаралды? Бұл кездесулер аймақтық қауіпсіздікке қалай әсер етеді? Бұл жаттығуларға неше мемлекет қаттысты?Осы жаттығулар нені күшейтуге жағдай туғызады?

8-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыздар.

1. Целью поездки явились улучшение взаимопонимания между государствами. 2. Какие проблемы будут обсуждаться во время этой встречи? 3.Вчера в Астану прибыл с официальным визитом премьер-министр Республики Белорусь Владимир Ермашин.4.В Астане состоялось первое заседание Казахстано-испанской комиссии по сотрудничеству в области культуры и образования. 5. 6 октября 2012 г. состоялся телефонный переговор между Президентом Республики Казахстан Н.А. Назарбаевым и генеральным секретарем НАТО Дж. Робертсоном. 6. Также обсудили итоги совместных учений «Центразбат» -2012


9-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді аударыңыздар.
1. Кешіріңіз, бүгін мен сізбен кездесе алмаймын. Кешіріңіз, бұл уақыт мен үшін ыңғайлы емес. Бұл уақыт мен үшін ыңғайлы.

2. Мен сізді сағат 5-те күтемін.Сейсенбіде түстен кейін кездесейік.

3. Біз сіздің шартыңызбен келіскім келеді.Менің сізбен сауда саласында сөйлескім келеді.Шығарған өнімдердің сапалылығына олар кепілдік бере алады.
10-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыздар.

Іскерлік байланыс, шартқа отыру, кездесу, қарым-қатынас жүргізу, талап қою, мақсат, сапар шегу.


11-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін пайдалана отырып, екеуара

әңгімелесіңіздер.
Шетел фирмаларымен байланыс, жеткізу шарты қолайлы, ортақ көзқарас, сату және сатып алу, бағасына келісу, сұраныс, тауарды көрсету, кепілдеме беру, бүкіл әлемдік стандартқа сай. Мәжіліске тоғыз мемлекет қатысып отыр. Осы жаттығуларға қатысушы әскери құрылымдардың өзара байланысын күшейтуге жағдай туғызып отыр.
12-тапсырма. Адамгершілікке жат қылық, жауыздық пен зұлымдық

туралы сөздерді тауып, мағынасын түсіндіріңіздер.
Тасборан
Тасборан (заң жолы, ғұрып). «Тәңірге тіл тигізген адам егер мұны жеті куә растаса, тас лақтырылып өлтіріледі»/Әз Тәуке ханның «Жеті Жарғы»-заңынан/. Бір адам ел-жұртына сатқындық жасаса немесеәйелі еріне опасыздық жасаса, немесе ел-жұрт естімеген, көрмегенқылмыс жасаса, айуандықпен жазықсыз адам өлтірсе т. б. өте ауыр қылмыстары үшін ол «тасборан» арқылы өлім жазасына кесіледі. Яғни өлімге бұйырылушының аяқ-қолын байлап жұрт алдына әкеліп, оған қатысқан барлық адам қолына бір-бір тас алып, қылмыскерді сол таспен ұрып өлтіреді. Мысалы Құнанбай Қодар мен Қамқаны өлтіргенде осы «тасборан» заңын қолданған.
13-тапсырма. Берілген сөздерді еске сақтап, жаттап алыңыздар.

Келіссөз-переговоры

Келіссөз жүргізу-проводить переговоры

Дамыту-развивать

Жақсарту-улучшать

Ұлғайту-увеличить

Жеткізуді қаржыландыру-финансировать поставки

Кепілдік беру- дать гарантию


14-жаттығу. Мақал-мәтелдерді аударып, жаттап алыңыздар.
1. Если одно дерево срубил,

Посади десять взамен.

2. Кто работает, тот и сыт.

3. Воспитание ребенка-его счастье, невоспитанность-его же несчастье.

4. Кто айран выпил-спасся, а кто ведро лизал –попался.
15-жаттығу. Мына сөздерден дұрыс сөйлем құраңыздар.
А) Үшін, біз, қажет, ұрпақ, еңбек, етуіміз.

Б) Қазақстанда, дұрыс, саясаты, жекешелендіру, жүргізілді.

В) Отандық, жақсы, дамиды, болашақта, тауар.

Г) Базарда, тауарлар, қымбат, шетелдік, тұрады.


16-жаттығу. Кездесу уақытын белгілеу үшін қажет сөздерді естеріңізге сақтаңыздар.
1.Таңертең сағат 9-да 2. ертең

Түскі 1-де келесі жетіде

Түстен кейін сағат 4-те келер айда

Кешкі сағат 8-де келер жылы



  1. Екі күннен кейін 4. дүйсенбіде

Бір айдан соң демалыста

Бір жылдан кейін қыста

Екі аптадан соң жазғы демалыста


  1. Сіз маған көңіл уақыт бөле аласыз ба?

бөле аласыз ба?

Менімен


Бастықпен сөйлесуге уақытыңыз бар ма?

Банк өкілімен

Бұл келісім

Іскерлік байланысөкілімен

Сауда шарты қанағаттандырады

Бөлінген қаржы


Тест сұрақтары


  1. Дара сөзді табыңыз.

А. Тізесін бүкті

В. Әкімшілік

С. Бес жүз

Д. Отыз бестерге жуық

Е. Жақсы көру


  1. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болған артық» мақалы қай тақырыпқа жатады?

А. Адамгершілік

В. Ерлік, батырлық

С. Еңбек, кәсіп

Д. Отан, туған жер

Е. Аңшылық, жан-жануар
3. Қай тіркес «ұялу»мағынасын береді?

А. Мұрнын шүйіру

В. Табанын жалтырату

С. Кірерге жер таппау

Д. Артына кір келтіру

Е. Жүрегі шайылу


4. Дөрекі сөзді сыпайылап жеткізуді не дейді?

А. Дисфемизм

В. Табу

С. Ауыспалы мағына



Д. Метанимия

Е. Эвфемизм


5. Қай сөз дисфемизмге жатады?

А.Бақсы


В.Мылжың

С.Барымта

Д.Ауылнай

Е.Уәзір
6. Қай сөз грек тілінде «Сыпайы сөйлеймін» деген

мағынаны білдіреді?

А. Эвфемизм

В. Дисфемизм

С.Табу


Д.Идиома

Е.Архаизм


7. «Жан тәсілім етті» сөзі қай сөзді ауыстырып тұр?

А. Жараланды

В.Сырқаттанды

С.Қан тапсырды

Д.Өлді

Е.Жынданды




  1. Дисфемизмді тіркесті табыңыз.

А.Ақсақ адам

В.Көреген кісі

С.Парасатты ақын

Д.Жаралы жан

Е.Бауырмал жігіт
9. «Жаңа сөз» деген мағынаны беретін сөзді табыңыз.

А. Неологизм

В.Метонимия

С.Историзм

Д. Архаизм

Е. Идиома


10. «Үндестік заңы» термині қай сөзбен синонимдес?

А. Дифтонг

В.Интонация

С.Сингормонизм

Д.Фонетика

Е.Орфография

11. Біріккен сөзді табыңыз.

А. Талдықорған

В. Ашық ауыз адам

С.Бес дәптер

Д.Қоңыр ала

Е.Тісін қайрады

12. Дара сөзді табыңыз.

А.Тізесін бүкті

В. Әкімшілік

С.Бес жүз

Д.Отыз бестерге жуық

Е.Жақсы көру

13. Жалпы есімді белгілеңіз.

А.»Абай жолы»

В.Құлагер

С.Балқаш


Д.»Жас Алаш»

Е.Тау


14. Жалқы есімді көрсетіңіз.

А.Сөйлем


В.Тәуелсіздік

С.Күн


Д.Ел

Е.Ар-ұят


15. Дерексіз зат есімді белгілеңіз.

А. Алтыбақан

В.Жер

С.Даңқ


Д. Дария

Е.Жусан


16. Сөз тіркесін табыңыз.

А. Ашу-ыза

В.Ақ-қара

С.Тиын-тебен

Д.Әдемі қыз

Е.Жолдас-жора

17. Ресми іс-қағаздар түрін көрсетіңіз.

А.Мақала


В.Роман

С.Өтініш


Д.Кейіптеу

Е.Баяндама

18. Кею мағынасында қолданылған одағайды табыңыз.

А.Па, Жігіт-ақ екен!

В.Әй, көзіңе қара!

С. А, Мен кешіккен екенмін ғой.

Д.Япырай, -деп ойлады ол ақырында.

Е.Күр-күр...-десті қора ішінен екі дауыс.

19. Қуану, ренжу, аяу, кекету мақсатында айтылатын сөйлем

түрін көрсетіңіз.

А.Хабарлы сөйлем

В.Сұраулы сөйлем

С.Лепті сөйлем

Д.Бұйрықты сөйлем

Е.Атаулы сөйлем

20.»Менсінбеу» мәніндегі фразеологизмді табыңыз.

А.Мұрнын тескен тайлақтай.

В.Мұрнын шүйіру

С.Мұрнына су жетпеу

Д.Мұрнымды кесіп беремін.

Е. Мұрнынан шаншылу.
СОӨЖ тапсырмалары
1.Іскерлік байланыс орнату туралы сұхбат жасаңыздар.

2.Қазақтар жақсы тілек айтуға, бата беруге мән береді. (Тілек,бата түрлеріне мысалдар жазыңыздар.)

3.Әдептілікке,мәдениеттілікке қатысты эссе жазыңыздар.
СӨЖ тапсырмалары

«Менің алғашқы іс сапарға шығуым» атты шығарма жазыңыз.


Бақылау сұрақтары

1. Бейвервальдық тілдік қатынас құралдары дегенді қалай түсінесіз?

2. Іскерлік кездесуге киіну,сөйлеу мәнеріңіз туралы айтыңыз?

3. Жақсы даудан жаман бітім артық»(Худой мир лучше доброй ссоры) өз ойыңызды айтыңыз.

4. Сыпайылық білдіру функциясына қатысты этикеттік оралымдарға

15-16 мысал тауып жазыңыз.


Глоссарий

Бейвервальды немесе вербалды жүйе – әдеп ережелерінің жиынтығы.

Сөз этикеті – адамдардың арасындағы алуан түрлі қарым-қатынастыңнормасы,сыпайы және мәдениетті сөйлеу.

Сыпайылық білдіру функциясы (конативная функция) – сөз этикетінің арнаулы функциясы.

Грек тіліндегі сыпайы сөйлеу мағынасын «эвфемизм» дейді.

Дөрекі сөйлеуді «дисфемизм» дейді.
Негізгі әдебиеттер
1. Сөз этикеті.З.Қабыланова. Алматы. 2000 ж.

2. Іскерлік қазақ тілі. Н.Мухамадиева,М.Атабаева,Р.Ибраева.2000 ж.

3. Кәсіби экономика тілі. Бекеева Н.Ж. Бектурғанова Қ.И. 2003ж.

Доцент Ф.Қ. Қанафина
11-тақырып. Жаңа кәсіби терминдермен жұмыс.

Терминдердің қолданылу аясы мен маңызы.
Тірек сөздер: Термин, сала, терминология, өндіріс, экономика, қаржы, комиссия, норма, егеменді, үдеріс, ұлттық, тіркес, заман, сөздік, пайдалану, көрсеткіш, қор, техника, құрылым, өзгеріс, өркендеу, қоғамдық, қауым, тіркес, қажет, танымал, құрал, аудару, кәсіби.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Термин – ғылым, техника, экономика, қаржы сол сияқты тұрмыстың белгілі саласындағы ұғымдарды дәл атау үшін жұмсалатын сөздер және сөз тіркестері. Термин көбіне дара мағыналы болады. Термин қатарында белгілі бір ғылым, техника, экономика, қаржы саласында ғана жұмсалып, сол саланың мамандарына ғана түсінікті сөздер көп кездеседі. Сондықтан термин өндіріс, ғылым, экономика, қаржы салаларына қарай сараланып зерттелінеді, танылады.

Терминология – өндіріс пен техниканың, ғылым мен өнердің, экономика мен қаржының, қоғамдық өмірдің т.б. саласына тән терминдердің жиынтығы. Ғылым мен техниканың, экономика мен қаржының, өндірістің өсіп–өркендеу дәрежесіне сәйкес терминология да дамып, жетіліп отырады. Қазақ тілінің терминологиясы өзінің төл мүмкіншіліктерін пайдала отырып қалыптасты. Қазақ тілінде орыс тілі және ағылшын тілінен кірген терминдер де бар. Терминдер жөніндегі комиссия (терминком) жұмыс істейді. Ол өндірістің, техника, экономика, қаржы және ғылымның әр саласына байланысты ғалымдардың қатысуымен жаңа терминдердің ғылыми мәні дұрыс, толық берілуін, тілдің грамматикалық нормаларына сай болуын жан–жақты талдап бекітіп отырады.

Қазақстанның егеменді ел санатына қосылып, нарықтық экономикаға көшуі барысында болған экономикадағы түбегейлі өзгерістер толып жатқан нысандар мен үдерістерді, атқарымдар мен құрылымдарды дүниеге әкелді. Мұның өзі баламалы терминологияны пайдалану қажеттігін талап етті. Экономиканың түрлі салаларында жаңа категориялар мен үғымдар, терминдер мен терминологиялық тіркестер пайда болды.Бұл терминдер орыс тілінен қазақ тіліне аударылып, ұлттық экономикалық сөздік қорымызды толықтырды. Бұл жаңа терминдер экономикалық өзгерістердің жарқын көрсеткіштері іспетті. Қазіргі заманға сай экономикалық сөздіктер құрастырушы С. Тоқсанбай өзінің 1999 жылы жарық көрген «Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік» атты көлемді кітабымен аудармашыларға, қаржы-кредит саласының қызметкерлері мен экономистерге кеңінен танымал. 50 000 терминді қамтыған аталмыш сөздік қалың оқырман қауым тарапынан жақсы бағаланып, аудармашылар мен экономистер, қаржы-кредит саласының мамандары арасында қолдан түспейтін көмекші құралға айналды. Бұл сөздіктің қайта қаралып, толықтырылған нұсқасы «Зияткер» баспасынан жарық көрді. Сөздікте 80 000 термин қамтылған. Жаңа «Орысша-қазақша-ағылшынша экономикалық сөздік» негізінен кәсіби мамандарға айналған. Онда жалпы экономикалық терминдермен қатар қаржы-кредит, банк, сақтандыру, зейнетақы, кеден жүйелеріне, бухгалтер есеп, аудит, маркетинг, менеджмент, басқару салаларына, қаржылық, коммерциялық, инвестициялық және басқа операцияларға, бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына, жаңа ақпараттық-электрондық, инновациялық құралдарға қатысты 10 000-ға жуық астам атау берілген. Сөздік қазақ тілін оқып үйренушілерге де, соедай-ақ іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге де пайдалы құрал бола алады. Қазіргі таңда қаржы-кредит жүйесінің дамуын көрсететін терминдерді тек орыс және қазақ тілдерінде ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілінде мамандарға айтарлықтай пайдасын тигізері анық. Сөздік шетелдік әріптестермен іскерлік байланыста да қолданыс табады.


2-тапсырма.

а) Қашан баламалы терминологияны пайдалану қажеттігі туды?

ә) С. Тоқсанбайдың қазіргі заманға сай экономикалық сөздігі қашан жарық көрді?

б) Сөздіктің қандай ерекшеліктері бар?
3-тапсырма. Сөздіктің қазақша аудармасын табыңыз.


Валютная позиция




Амортизационный кредит




Аукционная торговля




Фонд социального обеспечения




Коммерческая структура




Государственная розничная цена




Государственное регулирование рынка




Центральные экономические органы




Промышленно-финансовый план




Торгово-посреднические фирмы




Платежеспособный потребитель




Факторинговые операции




Междунардный маркетинг




Дифференциация доходов населения




Меры по стабилизации экономики






«Экономикалық» сөзімен тіркес жазыңыз.

экономикалық




4-тапсырма. Мәтінді оқып, экономикалық терминдерді қатыстыра сұхбат құрыңыз.

Экономикалық терминдердің қатардағы кәсіпкерлер түгілі бизнесмендердің өздеріне де қазақ тілінде түсініксіз болып тұратын жағдайлары кездеседі. Әлемдік түбегейлі өзгерістер барысында егеменді елдердің қатарына қосылып, мемлекет және оның әрбір азаматы жаңа экономикалық терминдерді игеруге ұмытылды. Қазақстан экономикасының әр түрлі салаларында жаңа атаулар саны көбейген сайын, олардың мағынасын мемлекеттік мәртебе алған өз ана тілімізде игеру қажет-тігі туындады.

Қазақстан Республикасы дамыған елу мемлекеттердің қатарына қосылуы үшін шет елдерімен қаржы, экономика, салық, менеджмент, маркетинг салаларындағы қарым-қатынасын қарқынды дамыта түсті.. Соған байланысты шет елдік банкілер мен мемлекетіміздің ішіндегі ақша айналымымен, яғни банкілерімен жұмыс істей келе, олардың тек банкілік жүйесін ғана емес, сонымен қатар қаржы терминоло-гиясын да түсініп, одан дұрыс аудару қажеттілігі туындайды. Ұлт тілінде қаржы саласы терминологиялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуына ерекше көңіл бөліне бастады.

Мемлекеттердің жаңа экономикалық, қаржы саласындағы тығыз қарым-қатынастары нәтижесінде пайда болған терминдер мен неологизмдерді аударудың ерекшеліктерін қарастырылып, экономикалық лексиканы бір жүйеге келтірді. Қаржы, салық, менеджмент, маркетинг, экономикалық терминдердің қолдану аясын терминологиялық лексика жүйесіне келтіру үшін студенттерді дұрыс аударма жасау тәсілдерімен, аударманың түрлерімен, терминологияның ерекшеліктерімен таныстыру қажеттілігі туады. Бұл қазақ тіліне басқа тілден енген экономикалық терминологиясын аудару барысында мамандандырылған аударма жасауға көмегін тигізеді.


5-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін жаттап алып, оларға түсініктеме беріңіз.
Әлемдік өзгерістер – мировое изменение

Экономика салалары – отрасль экономики

Мемлекеттік мәртебе – государственный статус

Шет елдік банкілер – зарубежные банки

Қаржы саласы – финансовая система

Терминологиялық жүйе – терминологическая система


6-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
Қазақ тілінде термин жасаудың, оны іс жүзінде қалыптастырудың және жүйелі қолданудың нақтылы ғылыми-практикалық шаралары жиырмасыншы жылдардан басталды. Терминология мәселесі ресми түрде бірінші рет 1924 жылы Орынбор қаласында өткен терминологтардың Бүкілодақтық бірінші съезінде қазақ тілі бойынша бес баяндалма жасалды. 1930 жылдан бастап ұлт тілдерінде термин жасау үрдісіне Ғылыми академиясы жанынан құрылған Ғылыми-техникалық терминология Комитеті басшылық етіп келеді.

Қазақ тілі бойынша бірінші терминологиялық сөздік 1931 жылы «Атаулар сөздігі» деген атпен басылып шықты.

1935 жылы Бүкілқазақстандық бірінші съезінде қазақ терминологиясын жасаудың, интернациялық терминдерді қабылдаудың, қолданудың және тұрақтанудың ғылыми қағидалары туралы профессор Қ. Жұбановтың ұсынған жобасы талқыланып, ресми түрде бекітілді.

Қазақ тілі терминологиясының дамуы 1955 жылдан кейінгі кезеңге жатады.

Жаңа термин жасау, оның терминологиялық қорын байыту, терминологиялық жүйесін реттеудің негізгі көзі тілдің сөздік құрамы, жалпы әдеби тілі, ұлттық тіл лекциясы болып саналады. Яғни терминдер байырғы сөздер сияқты тілде бұрыннан бар сөздер мен түбірлер негізінде жасалады.Терминжасам үрдісінде ұлт тілі өз сөзжасам амалдарының дайын үлгілерін алға тартса, басқа тілдерден кірме сөздерді қабылдау сәтінде осы тәсілдерге сүйене отырып, өзіндік моделдерін құрайды. Термин жасау творчестволық іс. Ол үлкен жауапкершілікті керек етеді. Тіліміздегі терминологиялық әр алуан болғанын байқаймыз. Қазақ тілінде термин жасау әсіресе экономикалық термин жасау қызық та күрделі мәселелер қатарына жатады. Бұл негізінде тіліміздегі сөзжасам үрдісіне енетін мәселе. Қазақ тілінің сөздік құрамы термин жасауға көптеген дайын материал береді. Бұл сарқылмайтын байлық көзі. Терминжасам үрдісінде кірме сөздерді игеру мен қабылдауда назар аудармауға болмайтын қиындықтар кездеседі. Ол қиындықтар, әсіресе кірме сөздерді термин есебінде жабдықтап, қабылдау кезеңінде, олардың мағыналық өрісін ашу барысында жиі кездеседі.

Қазақ тілінің даму жолы терминжасамның төрт тәсілі бойынша қалыптасты.



  1. Ұлттық тіліміздегі кейбір сөздердің терминдік мәнге көшуін семантикалық тәсіл дейміз. Бұл қазақ тілінің байырғы сөздері мен ертеде енген араб, парсы сөздерінің арнайы жаңа терминологиялық мәнде жұмсалуы. Жаңа қызмет сол байырғы сөздер мағыналарының бірінің негізінде өріс алады.

  2. Терминжасамның екінші тәсілі бірнеше топқа бөлінеді. Қарапайым тілмен айтсақ, қосымшалау тәсілі, біріктіру тәсілі, қысқарту тәсілі.

  3. Сөзжасамның синтаксистік тәсіліне келсек, бұның терминжасамға тигізер септігі мол. Бұл сөздердің біріктірілуі арқылы жасалатын тәсіл. Тек біріктірілу емес, тіркес арқылы да жасалады. Мысалы: өнер+кәсіп, кәсіп+орын, қол+өнер, саяси экономика, өндіріс өнімі, үстеме ақы, ұлтаралық қатынас, экономикалық қор, қаржы саласы.

  4. Калькалау тәсілі. Бұл да аударма үрдісінің жандануына байланысты кеңес дәуірінде пайда болған өнімді амалдардың біріне айналды. Мұның, әсіресе терминжасам мәселесіндегі ролі айрықша. Калькалау тәсілі арқылы жасалып, тілімізге енген терминдерді екі ыңғайда қарастыруға болады. Бірі - мағыналық калька, яғни сөзбе-сөз аударма емес, түбір сөздің негізгі мағынасын беру, екіншісі - мағыналық құрылымын беру. Бұл тәсіл бойынша термин сөзбе-сөз аударылады. Мағыналық (фонетикалық) калька қатарына кәсіпорын, өндіріс т.б. жатқызуға болады. Ал екінші топқа өзіндік құн, есепші, қайта құру, сарапшы, келісім, ұсыныс, жоспарлау т.с.с. терминдер, терминдік тіркестер мысал бола алады.


7-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударып, экономикалық терминдерден сөздік құраңыз.
Рыночный механизм формирования доходов и социальная политика государства. Рыночное распределение доходов без всякого вмешательства государства означает лишь одну «справедливость»: доходы всех владельцев факторов производства формируются на основе законов спроса и предложения, а также предельной производительности факторов. С этой точки зрения, например, совершенно справедливым будет низкий доход лиц неквалифицированного труда, спрос на который невелик. И также справедливым будет высокий доход брокера, сумевшего предугадать динамику цен, например, на пшеницу. Рыночный механизм никоем образом не дает гарантированного уровня благосостояния.

Тем не менее, в ХХ веке в промышленно развитых странах Запада все более распространяются концепции и доктрины, возлагающие на государство задачу обеспечения таких прав человека, как право на определенный стандарт благосостояния. Особую популярность приобретает теория и практика « государства благоденствия», означающая широкие социальные мероприятия, и прежде всего, расходы на социальное обеспечение.

Таким образом, в реальной жизни распределение доходов в странах с рыночной экономикой осуществляется не только в результате свободной игры рыночных сил, но и на основе государственного регулирования различных потоков доходов путем их перераспределения.

Что же такое социальная политика государства?

Социальная политика государства-одно из направлений его деятельности по регулированию социально-экономических условий жизни общества. Суть социальной политики государства заключается в поддержании отношений справедливости в обществе или в регулировании отношений как между социальными группами6 слоями общества, так и внутри них, обеспечении условий для повышения благосостояния, уровня жизни членов общества, создания социальных гарантий в формировании экономических стимулов для участия в общественном производстве. При этом надо отметить, что социальная политика государством в целях регулирования условий общественного производства в целом, тесно увязана с общеэкономической ситуацией в стране.

Мәтін бойынша келесі тапсырмаларды орындаңыз:


  1. Мәтінді әңгімелеу үшін жоспар құрыңыз.

  2. Сұхбат құру үшін бес сұрақ дайындаңыз.

  3. Мәтін бойынша келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

Нарықтық механизм дегеніміз не?

Жиырмасыншы ғасырда өнеркәсіп қалай дамыды?

Мемлекеттік реттеу сөзіне анықтама беріңіз.


  1. «Нарық» сөзінің синонимін табыңыз.


8-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөз тіркесін қойыңыз.
Ақша дегеніміз – адам баласының сауданы жеңілдету мен басқа да ... ... шешу үшін пайдаланылатын ерекше бір заттардың жалпы атауы. ... ... қатысушылардың арасындағы алмастыруды жеңілдетеді . ... ... ақша айналымына ертедегі Қытайда XIX ғасырда жіберілген болатын. Ресейде ... ... штемпель басылған былғары атқарса, Қытайда XIII ғасырда император Хубилай тұт ағашының қабығынан «ойып жасауды» бұйырған. Мұндай ақшаны өзінің императорлық мөрімен куәландырады. Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ... ... жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс-әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында білінеді. Бұлардың әрқайсысындағы ... ... бақылаудың функциясы болып табылады.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандығы ... ... құрудың ерекшеліктерімен анықталады. Мемлекет әр түрлі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларға, сондай-ақ меншіктің басқа нысандарының ... ... субъектілерінің ақша қаражаттарына өзінің ықпалын жая отырып, ... ..., мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы – қаражаттарын жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асырады.


Керекті сөздер: бюджет ресурстарын, шаруашылық жүргізуші, ақшаның рөлін, экономикалық мәселелерді, қаржы жүйесін, қағаз ақшалар, ақша саудаға, ақша қорларын, ажырағыссыз элемент.

9-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтыңыз.

Нарықтық экономика – бұл...

Нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері...

Нарықтың маңызды қызметінің бірі – ..., екіншісі-...

Нарық механизмі – бәсеке күресі арқылы тиімсіз шаруашылық бірліктерінен ...

Нарықтық экономикаға көшу кезінде ескерілген маңызды жағдай ...

Нарықтық экономикада инфрақұрылым несие жүйесінсіз...

Нарықтық экономика адамдарды жаппай ..., жұрттың психологиясын ...,

олардың сана-сезімін табыс ..., әрбір тиынды ...

Қазіргі нарық құрылымы жағынан әртүрлі ... тұрады.

Теориялық белгілеріне қарай нарық мына түрлерге бөлінеді: ...

Дүниежүзілік нарық ....

Ұлттық нарық - ...

Ұлттық нарықта белгілі бір дәрежеде өндірістің нәтижелері мен шарттарына байланысты ... дамиды.


10-тапсырма. Берілген түсіндірме сөздіктерді сәйкестендіріңіз.


Жалған ақша - коммерциялық банк- тердегі мерзімдік және жинақ салымдарында сақталған қолма-қол ақшасыз нысандағы ақшалай қаражат.

Основные средства – материальные активы, действующие в течение длительного периода времени (более одного года) как в сфере материаль-ного производства, так и в непроиз-водственной сфере.

Күрделі бухгалтерлік жазба – бір шот дебеттеліп, бірнеше шот кредиттеленетін немесе бірнеше шот дебеттеліп, бір шот кредиттеленетін бухгалтерлік жазба.

Плавающая процентная ставка – процентная ставка по кредитам, размер которой пересматривается через согласованные между кредитором и заемщиком промежутки времени.

Мемлекеттік баж – заңдық мәні бар ісқимылдар жасағаны не құжаттар бергені үшін алатын міндетті төлем.

Санация(лечение) – система финан-совохозяйственных мер по предот-вращению возможного банкротства фирм посредством кредитования, реорганизации, диверсификации и т.п.

Негізгі құралдар – материалдық өндіріс сферасымен қатар өндірістік емес сферада ұзақ уақыт бойы (бір жыл шамасында) әрекеттенетін материалды активтер.

Квазиденьги – денежные срества в безналичный форме, находящиеся на срочных и сберегательных вкладах в коммерческих банках.



Өзара есеп айырысу – кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара талаптарын тұрақты есепке жатқызудың ұйымдық формаларының бірі.

Платежный оборот – часть денежного оборота, в которой деньги функционируя как средство платежа, используется для погашения платеж-ных обязательств.

Өзгермелі пайыздық мөлшерлеме – көлемі несие беруші мен несие алушы арасында келісілген уақыт аралы-ғында қайта қаралатын несие жөніндегі пайыздық мөлшерлеме.

Государственная пошлина – обяза-тельный платеж, взимаемый госорга-нами, за совершение юридически значимых действий либо выдачу документов.

Сауықтыру(емдеу) – фирмалардың ықтимал банкроттығын несиелендіру, қайта құру, әртараптандыру т.б. арқылы болдырмау жөніндегі қаржы–шаруашылық шаралар жүйесі.

Бюро взаимных расчетов – одна из организационных форм постоянно действующих зачетов взаймных требований предприятий и органи-заций.

Төлем айналымы – ақша айналымының бір бөлігі, бұл бөлікте ақша төлем қаражаты ретінде жұмсалып, міндеттемелерді өтеу үшін пайдаланады.

Сложная бухгалтерская проводка – бухгалтерская проводка, при которой дебетуется один счет и кредитуется несколько счетов или дебетуется несколько счетов и кредитуется один счет.


11-тапсырма. Сенімхат.
Сенімхат – белгілі, дәлелді себептерге байланысты өзі атқара алмайтындай жағдайда нақты іс-әрекеттің ( пәтер сату, сатып алу, зейнетақы немесе жалақыны алу) орындалуын басқа бір адамға тапсыру үшін жазылатын құжат түрі. Сенімхат қолмен жазылады және сату-сатып алу әрекеттеріне қатысты сенімхаттар нотариалдық кеңсе арқылы құжаттанады.

Сенімхаттың кең тараған түрі – ақша алуға байланысты берілетін сенімхат. Бұл түрі нотариалдық куәландыруды қажет етпейді. Оған сенім білдірушінің оқитын, жұмыс істейтін мекемесі немесе ол емделіп жатқан жағдайда емдеу мекемесінің әкімшілігі куәландырады.

Деректемелері:


  • құжат атауы, сенімхат берушінің аты-жөні;

  • сенімхат берілген адамның аты-жөні;

Іс-шара жүргізілетін ұйымның атауы.

  • сенімхат берушінің қолы, берген күні (күні көрсетілмесе, жарамсыз болып табылады):

  • сенімхат беруші адамның қолын куәландырушы адамның қолы, күні.






Сенімхат
Мен, Елубаева Тотыжан Нұрлыбайқызы, ҚазЭУ – дің кассасынан қаңтар және ақпан айларының жалақысын інім Елубаев Тәкежан Нұрлыбайұлының алуына сенім білдіремін.

16.01. 2012ж Елубаева Т.Н.





Берілген үлгі бойынша бірнеше сенімхат түрлерін жазыңыз.
12-тапсырма. Құжат мәтінінде қолданылатын стандартты тілдік бірліктерді жаттап алып, оқулықтың көмегінсіз жазып көріңіз.
Куәландыру, сенім білдіру, сенімхат, тапсыру, сату, сатып алу, құжат, нотариалдық кеңсе, ақша алу, байланысты, мекеменің әкімшілігі, құжат атауы, берушінің қолы, берген күні, куәландырушы адам, жалақы, касса.
13-тапсырма. Сөздіктерді жаттап алыңыз.
Акционерлік қаржыландыру акционерное финансирование

Ақпарат-анықтама жұмысы информационно- справочная работа

Ақша массасы денежная масса

Ақша-кредит саясаты денежно-кредитная политика

Баға индексі индекс цен

Банк векселі банковский вексель

Банк салымы банковские вклады

Бухгалтерлік есеп бухгалтерский учет

Валюталық девиз саясаты валютная девизная политика

Венчурлік операциялар венчурные операции

Дағдарыс кризис

Демпингтік баға демпинговая цена

Дүниежүзілік жүйе мировая система

Жалпы шығындар валовые издержки

Мемлекеттік қаржы жүйесі финансовая система государства

Қаржыландыру құрылымы структура финансирования

Нарықтық қатынастар рыночные отношения

Пайдалы өндіріс прибыльное производства

Тауар дағдарысы товарный кризис

Экономикалық келісім экономическое соглашение



14-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлем құрыңыз. Тіркестердің орыс тіліндегі баламасын жазыңыз.
Таяқ тастам жер, қой аузынан шөп алмас, ит жанды, мұзға отырғызып кету, жұмған аузын ашпау, көзді ашып-жұмғанша, қабырғаңмен кеңес, бесіктен белі шықпай, қас пен көздің арасында, тайға таңба басқандай, біреудің ала жібін аттамау, жүрек жұтқан, қоян жүрек, тіс жармау.
Тест сұрақтары


  1. С. Тоқсанбайдың «Толық экономикалық орысша-қазақша сөздігі» қай жылы шықты?

А. 1993 жыл

В. 1997 жыл

С. 1991 жыл

Д. 1999 жыл




  1. Сөздік қанша мың терминнен тұрады?

А. 20 000

В. 70 000

С. 50 000

Д. 100 000




  1. Терминжасамның неше түрі бар?

А. 5

В. 2


С. 7

Д. 4



  1. Қазақ тілі терминологиясының дамуы қай жылдан басталды?

А. 1930

В. 1924


С. 1935

Д. 1955



  1. Терминжасамның екінші тәсілі қандай тәсілдер арқылы жасалады?

А. Қосымшалау, біріктіру, қысқарту

В. Сараптау, талдау, жариялау

С. Қабылдау, іріктеу, ашу

Д. Қолдану, аудару, жабдықтау




  1. Аударма үрдісінің жандануына байланысты пайда болған тәсіл.

А. Ұлттық тіліміздегі кейбір сөздердің терминдік мәнге көшудегі

семантикалық тәсіл

В. Қосымшалау, біріктіру, қысқарту тәсілі

С. Сөзжасамның синтаксистік тәсілі

Д. Калькалау тәсілі


  1. Государственное регулирование

А. Мемлекеттік тіркеу

В. Мемлекеттік нұсқау

С. Мемлекеттік реттеу

Д. Мемлекеттік қадағалау




  1. Сұраныс пен ұсыныс бойынша тауар алмасу арқылы туындайтын еркін бәсеке?

А. Көлеңкелі экономика

В. Нарықтық экономика

С. Отбасы экономикасы

Д. Бәсекелі экономика




  1. Өндірістегі, саудадағы және экономиканың басқа да нышандарында болатын жағдай?

А. Дағдарыс

В. Тоқырау

С. Айналым

Д. Сұраныс



  1. Сатып алынған затты меншікке беру.

А. Маржа

В. Манко


С. Манципация

Д. Мангонизация



11. Ұлттық байлыққа жатпайды

А. Бабалардан қалған мұралар

В. Мәдени ескерткіштер

С. Қазба байлық

Д. Фольклор

12. «Гарантия прибыли» тіркесінің аудармасы

А. Табыс мөлшері

В. Табыс көзі

С. Табыс кепілі

Д. Табыс көлемі

13. Акциядан түсетін табыс қалай аталады?

А. Дивидент

В. Депозит

С. Эмитент

Д. Лимит

14. Бухгалтерлік есеп туралы алғашқы трактат қалай аталады?

А. Бухгалтерлік есеп

В. Шоттар мен жазулар

С. Қаржылық есеп

Д. Есептеу құралдары



15. Заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексеруші

А. тұтынушы

В. бухгалтер

С. аудитор

Д. есепші

16. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы қай жылдан бастап пайда бола бастады?

А. 1993 жыл

В. 1991 жыл

С. 1995 жыл

Д. 1997 жыл



17. Валюта жүйесі үш түрде қалыптасқан. Олар:

А. ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық

В. мемлекеттік, дүниежүзілік және ұлтаралық

С. қоғамдық, дүниежүзілік және мемлекеттік

Д. отандық, нарықтық және экономикалық

18. Банктер қандай қызмет жасайды?

А. дүкен ашуды жоспарлайды

В. делдалдық қызмет көрсетеді

С. ұйымдар мен жеке адамдардан салымдар қабылдайды

Д. өзінің өкімін ұсынады

19. Қор биржасының қызметкері

А. брокер

В. бухгалтер

С. аудитор

Д. қаржыгер



20. Биржа түріне жатпайды:

А. тауар

В. валюта

С. ғимарат

Д. еңбек
Глоссарий


Брокераж брокерлердің жүргізетін делдалдық операциялары.

Брокеридж брокер алатын сыйақы. Ол келісім құнының(мысалы, сату кезінде) немесе жеткізілген жүк үшін төленетін белгілі бір соманың пайыз түрінде белгіленуі.

Дисконт(жеңілдік) валютаны дереу сату кезіндегі бағамы мен форвардтық бағамы арасындағы айырма .

Форварднақты тауар (валюта, бағалы қағаздар) жөніндегі биржалық мәміле, бұл орайда, белгілі бір мерзім өткеннен кейін жеткізіп беруге міндеттенеді.

Онколь (сұраныс) банкілер беретін несие нысандарының бірі, мұнда қарыз алушы өзіне банк белгісіз мерзімде ашқан несиені бірте-бірте пайдалану құқығын алады.

Клиринг – өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу жолымен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі.

Эмбарго, тыйым – валютаны, алтынды, тауарларды, бағалы қағаздарды елге әкелуге немесе елден әкетуге мемлекеттік өкіметтің тыйым салуы.

Оферта(ұсыным) – бір тұлғаның екінші тұлғаға жасаған жазбаша немесе ауызша ұсынысы, онда шарт жасасу туралы тілек хабарланады (хат, факс т.б.)

Сальдо – белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай түсімдер мен шығындар арасындағы айырма.

Толлинг – Қазақстан Республикасы аумағында фирмалардың импорттық өңделмеген шикізатты өңдеуі жөніндегі жұмыс немесе жекелеген мәмілелері.
Бақылау сұрақтары


  1. Экономикаға көшу барысында қандай өзгерістер пайда болды?

  2. Экономика салаларындағы қандай жаңа терминдермен таныстыңыз?

  3. Қай ғасырда нарықтық жолға түсті?

  4. Қазақстан Республикасы дамыған елу мемлекеттердің қатарына қосылуы үшін шет елдерімен қай салаларда қарым-қатынасты қарқынды дамытуда?

  5. Нарықтық экономика дегеніміз не?

  6. Алғашқы американдық қор биржасы қашан және қайда пайда болды?

  7. Ақша алғаш қай елде пайда болды?

  8. Сенімхат қалай аударылады?


СОӨЖ тапсырмалары
Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде экономикалық терминдердің дұрыс аудармасын қолдануды дамыту барысында атқарылып жатқан шаралар өте көп. Өйткені аталған университетте экономика, бизнес, қаржы, менеджмент, маркетинг, ақпараттық жүйе, туризм т.б. мамандықтар жүреді және экономистер даярлайтын бірегей оқу ордасы болып саналады. Университетте терминком бекіткен жаңа экономикалық терминдермен ұдайы жұмыс жүргізіліп отырады. Кафедралардың профессорлар мен оқытушылар құрамы терминдерді студенттерге дұрыс түсіндіру мақсатында көп жұмыс жасайды. Оған дәлел оқытушылардың орысша-қазақша, қазақша-орысша экономикалық сөздіктерін, экономикалық терминдердің түсіндірме сөздіктерін шығарып отырады. Білім ордасында өтетін ғылыми-әдістемелік, халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияларда жиі қаралатын мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан ғалымдар терминком бекіткен баспасөз беттерінде шығып отыратын жаңа экономикалық терминдерді жазып алып отырады. Өйткені терминдерді қолдануда ерекше назар аударылатын мәселелер көп. Мысалы: кредит-несие деп аударылса да экономикада кредит болып халықаралық термин ретінде қолдана береді. Біраз уақыт маклер-делдал болып аударылып жүрген. Қазір маклер аударылмайды, ал брокер-делдал болып қалды. Жаңа қолданыста жүрген бонус, бракераж, брейк, брокераж, дилер, брокеридж, букмекер, брутто, букинг, бренд, бухгалтер, вексель, акция, акцепт, альянс, офис, бюджет, воутинг-трест, демпинг, девальвация, дисконт, ипотека, квота, клиринг, ковернот, кредит-авизо, маржа, миссия, онколь,оферта, офис, оферент, пейджинг, рейд, рэкет, сальдо, сервис, стринг, стрип, толлинг, топикс, эмбоссинг т.б. терминдердің түсінектемесін оқытушылар студенттерге беріп отырады.
1.Берілген мәтін бойынша ҚазЭУ-дің профессор мен оқытушыларының құрастырған сөздіктерін жазып келіңіз.

2. Берілген мақал-мәтелдерді қолдана отырып, сұхбат құрыңыз.
Ақша ақшадан құралады (Деньги к деньгам идут).

Білім алуға жұмсалған ақша – сақталған ақша (Усилия, истраченные на образование, никогда не пропадут).

Бірлік болмай, тірлік болмас (Без единения нет жизни).

Уәде – жанның азығы (Уговор дороже денег).

Нар тәуекел – ер ісі (Риск – благородное дело).
СӨЖ тапсырмалары


  1. Терминком бекіткен жаңа экономикалық терминдер және оған түсініктеме жазып келіңіз.

  2. Интернет көздеріне шолу жасаңыз.



Пайдаланылған әдебиеттер


  1. С. Тоқсанбай. «Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік». Алматы, «Дайк-Пресс». 1999ж.

  2. Ф.Қ. Қанафина, Ә.Т. Оңғарбаева. «Қазақша-орысша экономикалық терминдердің түсініктеме сөздігі». Алматы, «Полиграфия Сервис және К». 2009ж.

  3. А.О.Мұса, І.М.Төленов, Ж.Ш.Әбіш, Е.Қ.Құдайбергенов. «Қазақ тілі». Алматы, «ЭКОНОМИКА», 2001ж.

  4. З.Күзекова. «Қазақ тілі». Алматы, «РАРИТЕТ», 2003ж.

  5. Н.Мухамадиева, М.Атабаева, Р.Ибраева «Іскерлік қазақ тілі» Алматы «ЦЕННЫЕ БУМАГИ», 2000ж.

  6. Ш.Ә. Рамазанова, К.М.Мұхадиева. «қазақ тілі». Алматы, «Қазақ университеті», 2004ж.

Доцент Қанафина Ф.Қ.
Әдеби тіл нормалары
Тірек сөздер: әдеби тіл, стильдік тармақтар,публицистикалық стиль, ғылыми-көпшілік әдебиет стилі, көркем әдебиет стилі, ауызекі сөйлеу тілінің стилі, қоғамдық қызмет, негізгі белгілер, айтылу нормасы, жазылу нормасы, бұқаралық ақпарат құралдары, ресми іс қағаздар тілінің стилі, заңдылықтар, бірізділік.

1-тапсырма.

Әдеби тіл нормалары

Әдеби норма мен стилистикалық норма бір-бірімен байланыста ашылатын ұғымдар.

Әдеби тіл нормасы белгілі кезеңде тілдік құралдарды қоғамдағы барлық адамдарға ортақ орнықты түрде қолдану үлгісі. Әдеби норма диалектілерге, ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлеріне қарсы қойылады. Сондықтан оған жүйелілік, реттілік, баршаға міндеттілік, функционалды-стильдік жіктеліс тән.Осы тұрғыдан әдеби норманы функционалды стиль нормаларының біріккен жүйесі деп қарасақ, стилистикалық норманы әдеби норманың функционалды стильге қатысты көрінісі деуге болады. Басқаша айтқанда, әдеби норма жалпы нормаға және жеке, функционалды-стилистикалық нормаға ажыратылады. Ол стильдерді, стилшілік тармақтарды бір бүтін әдеби тіл жүйесіне біріктіреді.

Жалпы норма тілдік деңгейлердің барлық қабатын тұтастай қамтиды. Мысалы, морфологияны тұтастай, сөзжасамның көптеген үлгілерін, сөйлемнің негізгі құрылымдық кестелерін, лексикадағы стилистикалық бейтарап сөздерді қамтиды.

Жеке норма, негізінен, стилистикалық бояуға не тілдік құралдарды қамтиды. Стилистикалық нормада жалпыға ортақ міндеттілік, шегараларының айқын болуы жалпы нормадағыдай емес, аздау мөлшерде болады. Әр функционалды стильдің нормасы әр түрлі болып келеді. Біреуіне тән норма екіншісіне тән болмайды, не аз мөлшерде деректі болады. Мысалы, ғылыми стиль мен ауызекі тұрмыстық сөйлеу стилінің нормалары бір-біріне қарама-қарсы, ал ғылыми стиль мен ресми стильдің нормалары бір-біріне жақындау болады.

Ғылыми стильде сөйлемнің синтаксистік құрылымы толық, сөйлемдер шұбалаңқы, ұзын болады. Сөйлемдегі сөздердің орны логикалық қатаң тәртіпке бағынады. Мағынасы жалпылама – дерексіз сөздер басым қолданылады. Ғылыми стильдің дайындалу, көріну жағдайы да ерекшелікке ие: ол алдын-ала мұқият дайындалады және мұнда қарым-қатынас тікелей емес, жанама түрде орнатылады, көп жағдайда жазбаша көрініс табады.

Ресми стильдің ғылыми стильге синтаксистік деңгейде біршама ұқсас жақтары бар (сөйлемдер ұзын, орын тәртібі тұрақты, бір мағыналы сөздер қолданылады), алайда одан мәнді айырмашылықтарға ие болып келеді. Сөйлемдер дайын үлгіге құрылып, бір қалыптан шыққандай, тілдік құралдары да шектеулі болады.

Публицистикалық стильде екі жақтың да қоспасы бар, ол мынаған байланысты: бұл стильдің жанры әр алуан және жазбаша да, ауызша да көріне береді. Оған хабарлау және әсер ету функциялары тән. Осы жағдайлар оның тіліне де ықпалын тигізеді. Сондықтан онда ақпарат тасушы және экспрессивтілікке ие құралдар бірлікте қолданылады. Сонымен қатар газет тілінде, оның жедел шығуына байланысты, әбден тұрақталған (стандартқа айналған) құрылымдар да орын алады.

Көркем сөз стилінің нормасы өте кең, тіпті ол әдеби тіл нормасы ауқымынан шығып кете алады. Көркем әдебиет тіліне жазба және ауызша тілдік құралда бірігуі тән. Біріншіден, көркем шығармада кез келген әдеби, әдеби емес тілдік

бірліктер қолданылады. Бірақ олар өнер құбылысының заңдылықтарына бағынады. Әдеби-эстетикалық өңдеуден өтеді. Екіншіден, көркем шығармада жазушының өзіндік дүниетанымы, көзқарасы бейнеленеді. Шығарманың жанрлық, тақырыптық т.б. ерекшеліктері көрініс табады. Әрі әр жазушының стильдік даралығы, қайталанбас сөз қолданысы бейнеленеді.Осы жағдайларға байланысты көркем сөз стилінің басқа стильдерге қарағанда өзіндік ерекшелігі болады.

Әр түрлі әдеби тілдер арасындағы ұқсастықтар мен ортақ сипаттарды байқауға болады. Солардың негізінде әдеби тілдің қалыптасуының негізгі үш жолы бар:

1. Әдеби тіл белгілі халықтың бір ғана тобы сөйлейтін бір диалектісінің негізінде қалыптасады.

2. Әдеби тіл кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен халықтың тілі болуы да мүмкін. Бөтен тілдің әдеби тіл болуы сол халықтың тәуелсіздігінің жоқтығымен, басқа елге бағынышты болуымен, мәдениетінің артта қалуымен байланысты.

3. Көп жағдайда әдеби тіл сол халықтың бар болса барлық немесе бірнеше диалектісінің, жалпы халықтық тілінің негізінде, сол сияқты сөйлеу тілі мен бай ауыз әдебиетінің дәстүрінде қалыптасқан.

Әдеби тіл – өркениетті заман тудырған феномен құбылыс. Әдеби тілдің теориясының іргетасы қазақ тілі диалектологиясы мен тарихи грамматикасындағы қол жеткен нәтижелерінің, тілдік материалды басқаша тану мен саралаудың негізінде қаланады.
2-тапсырма. Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз.

Әдеби тіл дегеніміз не?

Әдеби тілдің нормалары қандай?

Жалпы және жеке норманың айырмашылығы?

Ғылыми стильмен ресми стиль ұқсастығы неде?
3-тапсырма. 1. Стиль түрлерін тауып, бос орындарды толтырыңыз.


Стильдің

нормалары



2. Қойылған сұрақтарға қысқаша жауап жазыңыз.




Стилистика ғылымы не зерттейді?

«Стилистика» және «стиль» ұғымының пайда болу тарихы туралы не білесіз?

Стилистикалық норма дегеніміз не?

Стилистикалық мағына деген не?

Стилистиканың дамуы туралы небілесіз?



4-тапсырма.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі

Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарады. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырады.

Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты – бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру. Мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады:

- мемлекеттің салық жүйесінің қлыптасуы;

- салық салу саласында мемлекет органдарының міндетін анықтау;

- арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;

- салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру.

Салық жүйесі де өз алдына сала болып қалыптасуы үшін біршама қиындықтар болды, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынды. Қазіргі кезде бұл тұрақты жүйе болып қалыптасты. Қазақстан Республикасының салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.

Салық түрлері:

Корпорациялық табыс салығы.

Жеке табыс салығы.

Қосылған құн салығы.

Акциздер.

Экспортталған шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы.

Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.

Әлеуметтік салық.

Жер салығы.

Көлік салығы.

Мүлік салығы.

Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарға сәйкес мемлекеттік бюджетке түсетін және оны реттейтін жалпы мемлекеттік салықтар, сондай-ақ жергілікті бюджеттің көздері болып табылатын жергілікті салықтар қолданылады. Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады:

- заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;

- қосымша құнға салынатын салық;

- акциздер;

- құнды қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;

- жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы.

Жергілікті салықтарға мыналар жатады:

- жер салығы;

- заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

- көлік құралдарына салынатын салық;

- жол салықтары.
5-тапсырма.

1. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.



2.Мәтінге жоспар құраңыз.

3.Мәтінге бес сұрақ қойыңыз.

4.Сұрақтарға мәтіннен жауап жазыңыз.
6-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін жаттап алып, олармен сөйлем құраңыз.

Салық жүйесі – налоговая система

Салық саясаты – налоговая политика

Мемлекеттік басқару – государственное управление

Салық механизмі – налоговый механизм

Салық қызметі – налоговая услуга

Табыс салығы – подоходный налог

Әлеуметтік салық – социальный налог

Жер салығы – земельный налог

Көлік салығы – налог на транспорт

Мүлік салығы – налог на имущество
7-тапсырма. Мысалы: М. Әуезов аудандық салық комитетінде салықты уақытында төлемеген кәсіпкерлермен жұмыс. Сұхбат.
Салық қызметкері Сәлеметсіз бе? Сізбен хабарласып тұрған М. Әуезов

аудандық салық комитетінен.

Фирма директоры Сәлеметсіз бе? Сізді тыңдап тұрмын.

Салық қызметкері Сіздер 2011 жылдың соңғы қараша, қазан, желтоқсан

айларының салығын төлемеген екенсіздер.

Фирма директоры Иә. Кешіріңіз. Аталған айлардан бастап фирма

уақытша жұмыс істемей тұр. Біраз уақыт берсеңіздер,

бәрін төлеуге уәде беремін.

Салық қызметкері Үш күн уақыт береміз. Сонымен қатар

кешіктіргендеріңізге байланысты үстеме пайыз

төлейсіздер.

Фирма директоры Әрине, бәрін де төлеп тастауға тырысамыз. Рахмет.

Сау болыңыз.

Салық қызметкері Үш күн, ұмытпаңыз. Сау болыңыз.


8-тапсырма. Сөйлемдегі бос орындарға қажетті сөзді қойып жазыңыздар.

«Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» ... ... ... ... ерекше.

салық инспекциясы

«Пайдаға салынатын салық» - ... ... ... аса маңызды заңдарының бірі.

пайдаға салынатын салық

Салыққа байланысты ... ... ... – «Кәсіпорындардан, бірлестіктер мен ұйымдардан ... ... туралы» Заңда ескерілген.

Ынталандыруға

Бүгінгі таңда ... ... ... салықтың мөлшері 35 пайыздан 25 пайызға дейін.

Қазақстан Республикасының Заңының орны




алынатын салық

Салық – экономикамызды дамытудағы ... ... .

нарықтық экономика

Салықтың ... ... кезіндегі рөлі мен мәні зор.

реттеуші күш

Өндіріс өсімін ... ... бағытталған жеңілдіктер көзделген.

жаңа салық жүйесіндегі

Мемлекеттік ... ... меншік түрлеріне қарамастан тексеріс жүргізе алады.

соңғы кездегі жаңалық


9-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Экономикалық терминдерді тіркестерімен теріп жазып алып, сөздік құраңыз.
Организация взимания налогов
Организация налогообложения сводится к построению и функционированию налогового механизма, включающего формы налоговых отношений,то есть конкретные наименования видов налогов, а также порядок и методы, их применения, способы действия. В налоговом механизме применяется специальный инструментарий из взаимосвязанных элементов.

К элементам налогообложения относится: субъект, носитель налога, источник налога, единица обложения, налоговая база, налоговая ставка, квота, налоговый оклад, налоговые льготы, сроки и порядок уплаты, права и обязанности налогоплательщиков и налоговых органов, контроль за уплатой налогов, санкции за нарушение налогового законодательства.



Налоговым обязательством считается обязательство налогоплательщика перед государством, возникающее в соответствии с налоговым законодательством.

Налоговый период – период времени6 установленный применительно к отдельным налогом и другим обязательным платежам согласно особенной части настоящего Кодекса, по окончании которого определяется налоговая база и исчисляется сумма налогов и других обязательных платежей, подлежащих уплате в бюджет.

Субъект налога (налогоплательщик) – это физическое или юридическое лицо, на которое законом возложена обязанность уплачивать налог.

Понятие налоговый агент означает – индивидуальный предприниматель, частный нотариус, адвокат, юридическое лицо, в том числе нерезидент, осуществ-ляющий деятельность в Республика Казакстан через постоянное учреждение, филиал, представительство, на которых возложена обязанность по исчислению, удержанию и перечислению налогов, удерживаемых у источника выплаты.



Носители налогов – физические лица: конечные налогоплательщики, на которых падает фактическое налоговое бремя, то есть граждане государства.

Объект налога – доход, имущество, вид деятельности, оказание услуг, денежные операции, предметы (товароматериальные ценности), которые являются основой налогообложения (с которых исчисляется налог). Объектом обложения является также передача имущества, пользование приролными ресурсами, добавленная стоимость продукции, работ и услуг, хозяйственный оборот и т.д.

Источником налога является доход, из которого уплачивается налог; по некоторым налогом (например, налог на прибыль) объект и источники совпадают; в некоторых случаях источником налога может быть часть имущества, которую продает плательщик, чтобы выплатить налог.

Понятие налоговая база, которая представляет собой стоимостную, физическую или иную характеристику объекта налогообложения и объекта, связанного с налогообложением, на основании которых определяются суммы налогов и других обязательных платежей, подлежащих уплате в бюджет.



Единица обложения – единица измерения объекта налога, установленная для счета (1 тенге, 1 гектар, 1 метр, единица измерения товара и др.)

Налоговая ставка – это величина налоговых начислений на единицу измерения налоговой базы; она характеризует норму налогового обложения; выраженная в процентах к доходу налогоплательщика, называется налоговой квотой.

По методу построения ставки налогов бывают твердые и процентные.



Твердые ставки устанавливаются в абсолютной сумме к единице обложения, независимо от размеров доходов (применяются при обложении реальными налогами – земельным, имущественным).

Процентные ставки бывают трех видов: пропорциональные, прогрессивные и регрессивные.

10-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құраңыз.

Валюта курсы арасында/ Пайда әпереді/ Маржа – сатушы мен сатып алушының/ Банктің шығындарын/ өзгешелік/Жабуға пайдаланылады. Оның жасалатын уақыты/ Валюталық келісім үшін/Әрбір нақты/Мен орнының маңызы бар. Әсер етеді/ Маржаның көлеміне/ Рыноктың айналым да. Төмен болған сайын/ Өзгешелік те жоғары болады/ Ол неғұрлым/ Сатушы мен сатып алушының \ Курстары арасындағы. Немесе капитал мөлшеріндегі/ Маржа пайдасы дегеніміз -/ Өткізілген өнім/Найданың пайыздық көрсеткіші. Өзгерту мақсатымен/ Заемды конверсиялау-/ жаңасымен алмастыру/ Заемдік пайыздық мөлшерін/ Оның мерзімін және/ Бұрын шығарылған заемды. Шығындарын/ Қалыптастыруға арналған/ Бұл айналым. Ұстап тұруға\ Өндірістік қорлар/ Жоғары дәрежеде\ Өнім шығару/ Шектеулі болғандықтан/ Қаржының өсуін ұдайы. Пайда болған/ Ақша қатынасы/ XV-XVII ғасырларда/ Тұңғыш рет. Қолданылды/ ОЛ\ Ең алғаш / Италияда. Басқарылатын материалдық/ Қаржы қатынастары/ Объект құрайды/ Формаларымен ақшалай/ Қаржы қорлары.


11-тапсырма. Ресми құжаттар. Бұйрық

Кәсіпорынның жарлықшылық қызметі кәсіпорын директорының тікелей бұйрық шығаруымен құжатталады.

Мазмұнына қарай бұйрық екі түрге бөлінеді: негізгі қызмет бойынша және жеке құрамы бойынша.

Бұйрық негізгі қызмет бойынша нормативті құжат болып табылады, яғни өндірістік-шаруашылық қызмет саласы бойынша басқару шешімін жоспарлау, есеп беру, қаржыландыру, несие беру, өнімді өткізу, сыртқы экономикалық қызмет, кәсіпорынның құрылымдық және ұйымдастыру жұмыстарын жеңілдету т.б. білдіретін ресми құжат түрі.

Бұйрықтар жобасын кәсіпорын мамандары даярлайды. Бұйрық дайындау кезінде негізгі алдыңғы қатарлы мамандармен, заңгермен, бас есепшімен келісіледі және бұған кәсіпорын директоры (басшысы) қол қояды. Кәсіпорын басшысының қолы қойылған бұйрықты іс-қағаздарын жүргізуші қызметкер тіркейді. Егер мәтінде басқа мерзімі көрсетілмесе, бұйрық қол қойылған сәтінен бастап заңды күшіне енеді. Негізгі қызметке байланысты бұйрықтар кәсіпорынның бланкісіне толтырылды. Бұйрықтың негізгі деректемелері мыналар: кәсіпорын атауы, құжат түрінің атауы, күні, индексі, мәтіннің бас тақырыбы, бақылау белгісі, мәтін, қолы, бұрыштама, құжаттың орындалғаны туралы және компьютерге көшірілгендігі туралы белгі.

Бұйрық мәтіні екі бөлімнен тұрады: анықтау (белгілеу, констатирующий), өкімгерлік. Анықтау бөлімінде бұйрықты шығаруға негіз болған құжатқа сілтеме жасалады, бұйрықтың шығу себебі түсіндіріледі. Ұйғарымның қолданылу күші, мақсаты мен міндеті белгіленеді. Өкімгерлік бөлімінде бұйрықтың , ұйғарымның орындалу мен орындалуына жауапты лауазымды адамдардың аты-жөні көрсетіледі. Өкімгерлік бөлімі анықтау бөлімінен «Бұйырамын» деген сөз арқылы ажыратылады. Мысалы: Штаттық кестеге өзгеріс енгізу туралы бұйрық формасы


Кәсіпорын аты

БҰЙРЫҚ


18.01.2012ж

Алматы. Кәсіпорын аппаратының штаттық кестесіне өзгерістер енгізу туралы

байланысты

Бұйырамын.

Кәсіпорын аппаратының штаттық кестесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1.


2.

3.

4.



5.

Кәсіпорын басшысы Елубаев Е.Н.

Бұрыштама
12-тапсырма. 1. Мәтіннен бұйрық түрінің бірнешеуін таңдап алып, мысалдар келтіріңіз.

2.Қазақ тіліне аударып, сөйлем құраңыз.

Подчиниться приказу, приказ по личному составу, отдать приказ, ознакомиться с приказом, издавать приказ.



3.Сұрақтарға жауап беріңіз.

Бұйрық қандай құжат түрі?

Қандай бөлімдерден тұрады?

Өкім мен бұйрықты қалай ажыратуға болады?



13-тапсырма. Құжат мәтінінде қолданылатын стандартты бірліктерді жаттап алып оқулықтың көмегінсіз жазып көріңіз.
Ақпарат-анықтама құжаттары, жедел жеткізу, кәсіпорын басшысы, орындаушы, ұйымдастыру құжаттары, бұйрық, құқық, штат кестесі, лауазымдық қызмет нұсқаулары, анықтау, жарлықшы құжаттар, тармақ, сілтеме, өкім, дәлелді себеппен, бірлескен, нұсқау, шешім, алқалы ұйымдар, рәсімдеу, күн тәртібі, ұжым.
14-тапсырма. Дұрыс баламасын сәйкестендіріп, сөздікті жаттап алыңыз.



Салық жеңілдігі

Неналагооблагаемый оборот

Салық реформасы

Налогоплательщик

Салық саясаты

Единица налогообложения

Салық төлеуші

Налоговая льгота

Салық жөніндегі жеңілдіктер

Налоговое регулирование

Салық салу өлшемі

Уклонение от налогов

Салықтық реттеу

Источник налога

Салыққа үстеме

Налоговая реформа

Салық көзі

Налоговая система

Салық жүйесі

Регистрационный номер налогоплательщика

Салық салушының тіркелу нөмірі

Источник налога

Салық салынбайтын айналым

Налоговые льготы

Салықтардан жалтару

Налоговая политика

Салық көзі

Надбавка к налогу


Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз

Көрмес түйені де көрмес.

Алаған қолым береген.

Қарыз күліп келіп,

Жылап кетеді.

Келген дәулет –кеткен бейнет.

Ырыс алды ынтымақ.

Бір күн ұрыс болған жерде

Қырық күн ырыс болмайды.

Қырық күн ырыс болмайды.

Саудада достық жоқ.

Аларманға алтау аз,

Берерменге бесеу көп.

Үкіметке халықтан салық қымбат.




15-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерін көшіріп жазып, сөйлем құраңыз.

Таяқ тастам жер, ақпақұлақ, ақ жүрек, иек асты, қолы ашық, айтқаны айдай келу, ит өлген жер, жерден жеті қоян табу, қызыл шоқ, өткір сөз, тіл қатпау, жылы жүз, қара жер, мамық жастық, қайнаған еңбек.


Тест сұрақтары

1.Экономикаға байланысты мақалды табыңыз.

А).Өнер алды-қызыл тіл ;

Б).Өнерді үйрен де, жирен;

В).Атың шықпаса, жер өрте;

Г).Саудада туыс жоқ.

2.Әлеуметтік сала дегеніміз - …

А).Отан қорғау, білім бері, денсаулық, ғылым ;

Б).Салық салу инспекциясы;

В).Көне дәуір заманы;

Г).Қаржы, банк, қаржы органдары.

3.Жеке немесе заңды тұлғаларды салықтан жартылай не толық

босату.

А).Салық жеңілдігі ;

Б).Салық салу мөлшері;

В).Салық салу өлшемі;

Г).Салық өсімпұлы.

4.Нарықтың негізгі қызметі - …

А). білім беру;

Б). денсаулықты сақтау;

В). спортты дамыту;

Г). Өнерді дамыту

5.Банк не шығарады?

А). бағалы қағаз

Б). жеңіл көліктер

В). оқу құралдары

Г). пайдалы қазбалар.

6.Рай категориясының түрлерін табыңыз.

А). Өздік, өзгелік, ортақ, ырықсыз

Б). есімше, көсемше

В). ашық, бұйрық, қалау, шартты

Г).осы шақ, өткен шақ, келер шақ

7…. – тауардың ақшалай құны.

А). баға


Б). құн

В). пайда

Г). табыс

8.Салық алғаш реет қай мемлекетте пайда болды?

А). Қазақстанда

Б). Ресейде

В). АҚШ-та

Г). Қытайда

9.Салылықтан түскен табыс кімдерді қаржыландырады?

А). бизнесмендерді

Б). дәрігерлерді

В). кәсіпкерлерді

Г). саудагерлерді

10.Демеулік шылауды табыңыз.

А). ма/ме, ба/бе, па/пе

Б). әрі, бері, таман

В). мен, бен, пен

Г). да/де, та/те,

11. Салық салу тәсіліне қарай … және ... салық болып бөлінеді

А). тура, түзу

Б). төте, жанама

В). төте, тура

Г). жанама, түзу

12. Салық ставкасының бірінші түрі …

А). прогрессивтік

Б). регрессивтік

В). пропорционалды

Г). индикативті

13. Салық ставкасының екінші түрі ...

А). прогрессивтік

Б). регрессивтік

В). пропорционалды

Г). стратегиялық

14. Салық ставкасының үшінші түрі ...

А). прогрессивтік

Б). регрессивтік

В). пропорционалды

Г). индикативті

15. Синтаксистің зерттейтін объектісін көрсетіңіз

А). дыбыс

Б). сөз табы

В). сөз


Г). сөйлем

16. Сөйлемді толықтырыңыз: Заңды төлем құрамын, банкноталарды шығаруға құқы бар мемлекеттік орган - ...

А). қаржы министрлігі

Б). салық комитеті

В). ұлттық банк

Г). парламент
17. Үлес сөзінің аудармасы

А). доля


Б). фонд

В). срок


Г). стоимость

18. Жанама салық дегеніміз не?

А). әлеуметтік салық

Б). салық төлеушінің кірісіне қатысты салық

В). жеке адамдардың, заңды ұйымдардың салығы

Г). салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне байланысты салықтар

19. Салық негізінен нешеге бөлінеді?

А). беске

Б). үшке

В). екіге

Г). төртке
20. Салық мемлекетке қандай пайда келтіреді?

А). жерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді

Б). халықтың әл-ауқатын жақсартады

В). ұлттық табысты құрайды

Г). шетелдермен байланысты күшейтеді
Глосарий
Құрылымдық стилистика – контекстен тыс түрде тілдің стилистикалық қорын зерттейтін сала.

Функциалды немесе қолданымдық стилистика – тілдің әртүрлі қарым–қатынас саласында қолдану заңдылықтары туралы ілім.

Стиль – стилистика ғылымының ең басты категориясы.

Әдеби тіл нормасы – белгілі кезеңде тілдік құралдарды қоғамдағы барлық адамдарға ортақ орнықты түрде қолдану үлгісі.

Жеке норма – стилистикалық бояуға ие тілдік құралдарды қамтитын норма.

Жалпы норма –тұтастай әдеби тілге тән, оның барлық функционалды-стилистикалық тармақтарына ортақ норма.

Ғылыми стиль – бұл сөйлемнің синтаксистік құрылымы толық, сөйлемдер шұбалаңқы, ұзын болатын стиль.

Салық – мекеменің, оның бюджеттік салаларының (армияның, білім берудің, денсаулық сақтаудың, ғылымның, мәдениеттің, өнердің т.б.) өмір сүруінің басты көзі болып табылатын салық төлеуші жеке және заңды тұлғалардан мемлекет өндіріп алатын міндетті төлемдер.

Салық агенті – салық инспекциясының лауазымды адамы; салық және сақтандыру төлемдерін қабылдайды.

Салық айырмасы – орташа пайыз бойынша салық төлейтін ұйымдарда пайда болатын айналым салығы бойынша кем төленген немесе артық төленген сома.

Салық жүйесі – мемлекетте алынатын салықтардың, сондай–ақ олардың құралу нысандары мен әдістерінің жиынтығы.

Салық объектісі – салық есептелетін база, яғни салық не үшін төленетінін қарастырады: табыс, мүлік, мұра, жер және т.б. Осы аталғандардан салық төленеді.
Бақылау сұрақтары
1. Әдеби норма мен стилистикалық норманың байланысын түсіндіріңіз.

2. Тілдік қоғамдық қызметінің неше түрі бар және олардың тілге әсері қандай?

3. Синтаксистік тұлға – бірліктердің функционалды стильдік ұйымдасуы

барлық жағдайда бірдей ме?

4. Салық реформасы туралы не білесіз?

5. ҚР салық түрлері.

6. Жанама салық деген не?
СОӨЖ тапсырмалары
1. «Салық комитетінде» тақырыбына сұхбат құрыңыз.

2. Ең көп қолданылатын салық түрлерін анықтаңыз.

3. Сөз таптарын қайталаңыз, мысалдар келтіріңіз.
СӨЖ

1.Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы салықтары туралы жазыңыз.



Пайдаланылған әдебиеттер
1. Б.Шалабай. «Қазақ тілінің стилистикасы». Алматы, «Республикалық оқулық баспа орталығы».2006ж.

2. В.Д. Мельников. «Основы финансов». Алматы, ТОО«Издательство». 2005ж.

3. Қ.Қ. Илиясов. «Қаржы». Алматы, «Экономика». 1999ж

4. К.О.Жекеева, Қ.Ж.Әбдірахманова, Ф.Қ.Қанафина. «Қазақ тілі». Алматы, «Экономика», 2010ж.

5. Н.Мухамадиева, М.Атабаева, Р.Ибраева «Іскерлік қазақ тілі» Алматы «ЦЕННЫЕ БУМАГИ», 2000ж.

6. Ш.Ә. Рамазанова, К.М.Мұхадиева. «қазақ тілі». Алматы, «Қазақ университеті», 2004ж.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет