Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері



бет1/20
Дата05.11.2016
өлшемі6,05 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Доцент Ж.Ш.Әбіш

Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі.
Тақырыптың тірек сөздері: іскерлік әлемі, іскери қарым-қатынас, кәсіпкер, кәсіби, кәсіптік, тәуекел, әріптес, сөзжасам, айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым, дәлдік, негіз, ақпарат, ақпараттық жүйе, жобалау, дерекқор (деректер базасы), сараптау, жаңа технологияларды енгізу, экономикалық ақпаратты өңдеу, мамандық, мамандандыру, біліктілікті арттыру, ақпаратты сақтау мен өңдеудің осы заманғы әдістері, ұстаным, келісімшарт, көзқарас, қамтамасыз ету.
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
Іскерлік әлемі
Іскерлік (тапқырлық) кәсіпкердің бір-бірімен байланысты 4 қызметі арқылы сипатталады. Олар:

  • кәсіпкер жер, капитал және еңбек ресурстарын өндіріс пен қызмет үдерісінде ұштастыру үшін өз тарапынан ынталылық білдіре отырып, оларды өз қолына алады;

  • кәсіпкер бизнесті ұйымдастыру және жүргізу үдерісінде кәсіпорынның әрекет ету бағытын және оның тиімді жұмыс істеуін анықтайтын негізгі шешімдерді қабылдау үшін өзіне міндеттеме алады;

  • кәсіпкерлер – жаңашыл коммерциялық негізде жаңа өнімдер, жаңа өндірістік технология және тіпті бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге ынтасы зор адамдар;

  • кәсіпкерлер – тәуекелге бел буған адамдар.

Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды: кәсіпкер өз уақытымен, еңбегімен, тіпті өзінің іскерлік атағымен де тәуекелге барады.

Іскер адамдардың алдында жаңалық енгізудің көздерін, сондай-ақ табысқа қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін өзгерістері мен белгілерін мақсатты түрде іздеп табу міндеті тұр. Сол сияқты тапқыр адамдардың жаңалық енгізудің негізінде ойдағыдай шешілген принциптерді білулері және пайдалана алулары қажет. Инновациялық шешімнің басты мақсаты – жұмсалған ресурстардан алынатын өтемді арттыру. Қазіргі экономикалық пайымдауда жаңалық – тұтынушылардың ресурстардан алынатын бағалылығы мен пайданы өзгертетін құбылыс.


2-тапсырма. Ойтүркі. Сұрақтарға жауап беріңіз.
а) Өз ісіңізді ашқыңыз келе ме?

ә) Әлдебіреудің фирма компаниясында жұмыс істей бергіңіз келе ме?


3-тапсырма. Айтыңыз.


Варианттарды таңдаңыз:

Жақсы жағы

Жаман жағы

а) егер өз ісіңізді бастасаңыз,

ә) басқа фирма компанияда, бюджетте істейтін болсаңы,



.............
............

.............
.............


4-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.
Егер өз ісіңізді бастайтын болсаңыз, қаржыны қайдан аласыз?


Варианттарды таңдаңыз:

Жақсы жағы

Жаман жағы

а) жинаған қаржымды жұмсаймын;

ә) әкемнен қаржы сұраймын;

б) туысымнан қаржы сұраймын;

в) достарымнан қаржы сұраймын;

г) достарыммен бірігемін;

ғ) демеуші (спонсор) іздеймін;

д) әріптес іздеймін;

е) инвестор іздеймін;

ё) үйімді сатамын, вагонеткада тұра тұрамын.


.............

.............

.............

.............

.............

.............

.............

.............

.............

.............



.............

.............

.............

.............

.............

.............

.............

.............

.............

............




5-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
Өз ісіңізді қаржыландырудың негізгі көздері
Өз ісіңізді қаржыландырудың екі варианты бар: ішкі, сыртқы. Осылардың қайсысы жақсы. Бірінші қаржы құралдарының негізгі көздерін талқылап алайық.

  1. Меншікті (собственный) қаржы. Өз ісіңізге өзіңіздің қаржыңызды салуға болады. Ұтылсаңыз да, ұтылмасаңыз да өз қаржыңыз, тәуекелге (риск) барасыз. Бұл - абсолютті вариант.

  2. Сіздің ісіңізге, сізге сеніп өз қаржысын салатын инвестор табуыңызға болады. Бірақ бұл өте салмақты дәлелдемелерді керек етеді. Нәтижесі екіталай.

  3. Несие (қаржыландырудың көп таралған түрі). Несие мемлекеттік те, жеке меншіктік те болуы мүмкін. Көп нәрсе несиенің көлеміне, қайтаратын мерзіміне, үстеме процентіне байланысты.

  4. Шетелдік әріптес табуға болады.


6-тапсырма. Несиені қалай алуға болады?

Банк мына ақпараттарды білуге тиіс:

а) Сізге қанша қаржы керек?

ә) Сіз қаржыны қалай пайдаланбақсыз?

б) Сіздің бизнесіңіз табыс әкелуге қабілетті ме?

в) Сіздің банк өз ақшасын қайтарып ала ала ма?

г) Бұл қашан болады?


Несие алу үшін банкке мынадай құжат түрлерін жинауыңыз керек:

а) кәсіпорынның жарғысы және мемлекеттік тіркелуі туралы көшірмесі;

ә) несие алушының дебиторлық қарыздары туралы анықтамасы (шот есебі ашылған банк береді);

б) несие алу үшін өтініші (фирманың директоры және бас бухгалтері атынан);

в) кепілдемелік міндеттемесі.

Сіз үшін кепілдеме бере алатын сақтандыру компаниясы, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме кепіл бола алады, кепілдік заттар:

а) директордың және бас бухгалтердің тағайындалуы туралы бұйрық;

ә) несие алу үшін бизнес жоспар.
7-тапсырма. Бизнес жоспарды қалай жасауға болады?

Үлгі:


  • Титулдық бет:

а) кәсіпорынның атауы, мекен-жайы, қызметінің түрі;

ә) кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайы;

б) құрылтайшылардың аты, мекен-жайы;

в) кәсіпорын ұсынып отырған жобаның мазмұны;

г) кәсіпорынды құруға қажетті сома, жобаның құны;

ғ) шот есебінің нөмірі;

д) титулдық бетке мемлекеттік тіркелу куәлігінің көшірмесі қосылады.


  • Ұсынылған жобаның мазмұны, мәні:

а) өнім – белгіленген, жоспарланған өндіру, таралу көлемі;

ә) қызметі – жоспарланған көлемі;

б) жұмыс орнының саны, ұйымдастырылған жұмыс орны;

в) енгізілген жұмыс орындарының мерзімі.



  • Өндірістік жоспар:

а) өндірістік сипаттамасы;

ә) өндіріс орны;

б) станок, құралдар;

в) шикізат материалдарын жеткізуші.



  • Өткізу жоспары (тауарды кімге, қалай сату):

а) бағасы – ұсынылған баға деңгейі, болашақта өзгеруі;

ә) тауарды өткізу арналары;

б) маркетинг – тауардың өтімділігі қалай анықталған, түсіндіру.


  • Ұйымдастыру жоспары:

а) меншік түрі – өнеркәсіпті басқару түрі;

ә) әріптестері туралы мәліметтер;

б) әріптестерінің жауапкершілігі.


  • Қауіптілік (риск) жақтары, бағасы:

а) өнеркәсіптің әлсіз жақтары неде;

ә) бәсекелестік қабілеттері.



  • Қаржылық жоспары:

а) қаржы құралдарының көздері (жеке жинағы, банк несиесі, субсидия және т.б.) және оны өнеркәсіпті ұйымдастыруға пайдалану;

ә) кіріс және шығыс жоспары;

б) қаржы түсімдері мен төлемдер жоспары;

в) өзін-өзі өтеуі (самоокупаемость) және рентабельділігі;

г) өзіңізге қандай жалақы белгілейсіз.
Бизнес жоспардың маңызды бөлігі – жобаны ресуртық қамтамасыз ету (ресурсное обеспечение) болып табылады. Кең түрде айтатын болсақ, ресурстық қамтамасыз етуге мыналар жатады: материалдық ресурстар (транспорт, байланыс материалдары, құралдары), еңбек ресурстары (барлық категория жұмысшылары, қызметкерлері), қаржылық ресурстар (ағымдағы қаржылық құралдар, несиелер, валюта, құнды қағаздар), ақпараттық ресурстар (статистика, ғылыми-техникалық және басқа ақпараттар).

Бизнес жоспардың мазмұны тауар рыноктарына, бәсекелестердің көптігіне және құратын өнеркәсіптің болашағына байланысты. (Как организовать свой малый бизнес//”Қаржы-қаражат, 1998)


8-тапсырма. Лексикалық тапсырма.

а) Мына сөздердің антонимін табыңыз:

жақсы ............. жеке меншік ..........

ішкі ........... кіріс ..........

ә) Мына сөздердің синонимін табыңыз:

несие ........... табыс ............

қаржы ............ мерзім ............

ұмтылу ............ нәтиже ............


9-тапсырма. Мына сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.
Іс, іскер, іскерлік, іс ашу, іс жүргізу, өз ісім, іскер адам, қаржы, қаржыландыру, қаржы құралдары, қаржыландыру көзі, кепілдемелік міндеттеме, бұйрық, бизнес, жоспар, техникалық-экономикалық негіздеме, кәспорынның жарғысы, шот есебі, құрылтайшылар, қаржы-экономикалық жағдайы, ұйымдастыру жоспары, қаржылық жоспары, өндірістік жоспар.
10-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Өз ісіңізді ашасыз ба?

ә) Қаржыны қайдан аласыз?

б) Банк қандай ақпараттарды білуге тиіс?



в) Несие алу үшін қандай құжат түрлері керек?


11-тапсырма. Мына диаграмманы оқыңыз, толтырыңыз.


Титулдық бет





Өндірістік жоспар





Бизнес жоспардың қажетті бөліктері




12-тапсырма. Титулдық бетке қажетті мәліметтерді оқыңыз, толықтырыңыз.

Кәсіпорын атауы, мекен-жайы, қызмет түрі

Қаржы-экономикалық жағдайы

Құрылтайшылардың аты, мекен-жайы

Титулдық бет ..... .... .....

..... .... .....

..... .... .....

..... .... .....



13-тапсырма. Өндірістік жоспарға қажетті мәліметтерді оқыңыз, толықтырыңыз.
Өндірістік сипаттамасы

Өндіріс орны

Өндірістік жоспар .... .... ....

..... .... ....

..... ..... ...

14-тапсырма. Қаржылық жоспарға қажетті мәліметтерді атаңыз.

Қаржы құралдарының көздері

Кіріс және шығыс жоспары

Қаржылық жоспары .... ... .... ..

.... .... ... ..

.... .... ... ..



15-тапсырма. Бизнес жоспарға қажетті мәліметтерді атаңыз.

Материалдық ресурстар

..... ..... .....

Бизнес жоспардың ...... .... .....

маңызды бөлігі ...... .... .....

...... .... .....



16-тапсырма. Мына сөздердің қазақ тіліндегі баламасын табыңыз.

  • Источники финансирования –

  • Организация и ведение бизнеса –

  • Выбор профессии –

  • Технико-экономическое обоснование –

  • Тесно связано –

  • Финансово-экономическое положение –

  • Инициатива –

  • Ответственность коллег по бизнесу –

  • Уделять особое внимание –

  • Гарантийное обязательство –

  • Реквизиты учредителей –

  • Самоокупаемость –

  • Информационные технологии в управлении –

  • Конкурентоспособность –

  • Финансовые и материальные ресурсы -


17-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма.
Қазіргі кезде елімізде қаржы дағдарысы болып жатыр. Елімізді бұл қиныдықтан алып шығуда Ұлттық Банктің рөлі зор екені белгілі. Еге сіз осы банктің төрағасы немесе қызметкері болсаңыз, дағдарыстан елімізді қалай алып шығуға болады деп ойлайсыз? Сіздің пікіріңіз.




Современная экономическая терминология
Мына сөз орамдарын қолдану тиімсіз:
Мәтін бойынша келесі тапсырмаларды орындаңыз.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет