3-тапсырма. Келесі сөздердің тыныс белгілерін қойып, 3 түрлі тонмен айту мүмкін/мүмкін еместігін анықтаңыз. Және олардың қандай жағдайда, контексте қолданылатынын жазыңыз.
Мысал
|
Контекстік мағынасы
|
Өтінемін отырыңыз
|
Сабырға шақыру мағынасында
|
Сыпайылық білдіру мақсатында
|
Бұйыру мағынасында
|
Сәкен Сәрсенұлы мен бұған келісе алмаймын
|
|
|
|
Келіссөздер қашан басталды
|
|
|
|
Бізге біраз уақыт беріңіз
|
|
|
|
Қолдаса жақсы
|
|
|
|
Мен келісе алмаймын
|
|
|
|
Сенімдеріңізге көп рахмет
|
|
|
|
Біз сіздерден күтпеп едік
|
|
|
|
Бір-екі күн күте тұруыңызды сұраймын.
|
|
|
|
Иә мен сізді тыңдап тұрмын.
|
|
|
|
4-тапсырма. Келесі сөздерді түрлі тонмен қандай контексте және қандай мақсатта қолданатыныңызды айтыңыз.
1) Маған сеніңіз (өтініп, сеніммен, кекесінмен, сұрап)
2) Серіктестігіміз жемісті болатынына сенемін! (қуанып, қуланып, сызданып айтыңыз)
3) Сөзіңізге қалай сенуге болады (ашумен, ренжіп)
4) Құттықтаймын! (қуанып, ұстамдылықпен, кекесінмен)
5) Сіздердің компанияларыңызды білеміз (білгішсініп, сенімсіздікпен, сеніммен).
6) Бұл біздің кінәміз емес (ашумен, сабырмен, ақталып)
7) Иә, айыптымыз (кешіріммен, ашумен, өкінішпен).
8) Сене алар емеспін (таң қалып, ашумен, өкінішпен).
9) Бәке, сабыр етіңіз (сабырмен, бұйырып, жанашырлықпен)
10) Сәке (ескертіп, қаратып, ашумен, сұрап, қуланып, кекесінмен)
11) Сәкен Сәрсенұлы (таң қалып, сұрап, сүйсініп, кекесінмен, бұйырып, қаратып, қуланып)
Ойынға қатысайық!
Келесі сөздерді түрлі тонмен айтыңыз, ал басқалары оны қандай мағынада айтқаныңызды табуы керек.
Тамаша!
Құттықтаймын
Келісе алмаймын
Кездесеміз
Орындаңыз
Кешіріңіз
Солай ма
Солай деңіз
Тәуекел
Болар іс болды
Өте жақсы
Түсінікті
Әлбетте
Әрине
5-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі қаратпа сөздердің орнын өзгерткенде қандай ерекшелік байқалатынын түсіндіріңіз.
І.
А) - Шұбар, сіз осы сөзді осындай ширығып ашулана айттыңыз. Тегі жаныңызға қатты батады-ау осы, сірә?! (М.Әуезов).
Сіз осы сөзді, Шұбар, осындай ширығып ашулана айттыңыз. Тегі жаныңызға қатты батады-ау осы, сірә?!
Сіз осы сөзді осындай ширығып ашулана айттыңыз, Шұбар. Тегі жаныңызға қатты батады-ау осы, сірә?!
Ә) - Құнанбаев, не себепті сіздің жаңағы маған айтқан сөздеріңізде жамандаған адамдарыңыздың барлығы біздің сайлап қойған судьялар, волостной управительдер және әр түрлі беделді, инабатты адамдар болып шығады? (М.Әуезов).
Не себепті сіздің жаңағы маған айтқан сөздеріңізде жамандаған адамдарыңыздың барлығы біздің сайлап қойған судьялар, волостной управительдер және әр түрлі беделді, инабатты адамдар болып шығады, Құнанбаев?
Не себепті сіздің жаңағы маған айтқан сөздеріңізде жамандаған адамдарыңыздың барлығы, Құнанбаев, біздің сайлап қойған судьялар, волостной управительдер және әр түрлі беделді, инабатты адамдар болып шығады?
ІІ. Берілген сөйлемдердегі қаратпа сөздердің орнын ауыстырып, кем дегенде үш нұсқада қайта жазыңыз. Қандай өзгеріс болғанын түсіндіріңіз.
1. – Ибрагим Кунанбаевич, сіз алғаш келген кезде бұл қалаға ауру жаңа ғана араласқан-ды (М.Әуезов).
2. – Неткен адам едің, Айбол, - деген ол маған, өзіңді өзің отқа саласың, қайдағы жоқ нәрселерді ойлап қиналасың! (І.Есенберлин).
3. – Ақылбек Ахметжанович, - дедім мен тағы да, - Мен ғой кейбір жағдайларда өзімді өзім сіздің тарихыңыздың зерттеушісі санаймын (І.Есенберлин).
Мәтінмен жұмыс!
6-тапсырма. Мәтінді рөлге бөлініп, мәнеріне келтіре оқыңыз.
Келіссөзде
А: -Кешіріңіз, кездесуіміз сәл кеш басталып жатыр. Оның өзінің себептері бар. Кешірім сұраймыз.
В: -Оқасы жоқ! Серіктес болу оңай емес!
А: -Дұрыс айттыңыз! Сіздің компаниямен серіктес болу біз үшін үлкен мәртебе.
В: -Бірден іске көшейік. Сіздердің талаптарыңызбен таныстық, көп ойландық... Бірақ тауардың көтерме бағасы бізге тиімді емес.
А: -Біздің бағамыз қаладағы ең төмен баға.
В: -Солай екені рас. Бірақ біз тапсырысымызды келісілген көлемнен үш есеге көбейткіміз келеді. Оның үстіне... біз сіздің компаниямен ұзақ мерзімді келісім-шартқа отырғымыз келеді. Сондай-ақ, біз сіздердің тасымалдау компанияларыңызбен де қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз.
А: -Біздің компанияға деген сенімдеріңіз үшін көп рахмет. Сенімдеріңізді ақтауға тырысамыз. Бірақ сізге ұсынған баға біздегі ең төменгі баға. Одан артық түсіру бізге қосымша шығындар әкеледі.
В: -Әлбетте. Бірақ біздің ұсынып отырған бағамыз сізге де, бізге де ұтымды деп ойлаймын. Қазақстандық нарықта сіздің бәсекелестеріңіз аз емес екенін білеміз. Бізбен серіктес болсаңыздар, тауарларыңызды сыртқы нарыққа шығаруға мол мүмкіндік ашылатынын ескерсеңіздер деймін. Оның үстіне біздің компанияның атақ-беделі сіздің отандық нарықтағы имиджіңізді көтере түсетіні анық.
А: -Сіз өте жақсы ой айттыңыз. Біз сыртқы нарыққа шығуға талпынып жатырмыз. Тауар көлемін күн сайын өсіріп жатырмыз. Қазір сақтандыру компаниясымен тауарды сақтандыру тарифтері туралы келіссөздер жүргізудеміз.
В: -Тауар көлемін ұлғайту туралы шешімдеріңіз өте дұрыс шешім. Болашақта сіздің тауардың 40 пайызын тек біздің компания ғана сатып алып отыратын болады. Біздің болашаққа жоспарларымыз өте көп.
А: -Әрине, әрине. Еш күмәнім жоқ. Мен бұған қатысты шешімді қазір айта алмаймын. Ұсыныстарыңызды компания мәжілісінде көтеремін.
В: -Өте жақсы. Екі жаққа да ұтымды шешімге келетіндеріңізге сенемін.
А: -Мен сізге ешнәрсеге уәде бере алмаймын. Акционерлердің ортақ шешімін тосуға мәжбүрміз.
В: -Түсінікті. Алайда бізге жауаптарыңызды тез арада берсеңіздер екен. Тауардың алғашқы партиясын біз келесі айда алуымыз керек. Төлемақысын есеп-шоттарыңызға бірден аударамыз.
А: -Әлбетте. Жақын күндерде хабарласамыз.
ЕСКЕРІҢІЗ!
Келіссөзде өтініш білдіруде «деймін», «дейміз», «екен» сөздері шартты райдың сыпайы түрінде, көпше тұлғада жиі қолданылады:
-ескерСЕңіздер деймін/дейміз;
- ескерСЕңіз деймін/дейміз;
-жауаптарыңызды тез арада берСЕңіздер екен;
Келіссөзде қалау-тілекті білдіру үшін қалау рай тұлғасының сыпайы, көпше түрі белсенді түрде қолданылады:
-тапсырысты көбейтКІміз келеді;
-келісім-шртқа отырҒЫмыз келеді;
келліссөзде «біз», «сіз», «сіздер» тұлғасында сөйлеген орынды.
-БІЗ тауарды шетелге шығарғалы жатырМЫЗ.
|
Достарыңызбен бөлісу: |