Дөж прозалық шығармалардағы билер образы



Дата15.12.2021
өлшемі58,71 Kb.
#101095
Байланысты:
ДӨЖ Аида


ДӨЖ 3. Прозалық шығармалардағы билер образы
Проза XVII ғасырдың ортасына дейін сөз өнерінде поэзиямен аралас өмір сүрді. Тарихи шежірелер, жылнама, трактаттар, естелік, сапарнама, діни уағыздар, т.б. өлең жанрына тән шығармалар болып есептеледі. Шын мәніндегі проза Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасып, поэзиядан бөлініп шықты. Осы кезден бастап әдебиеттің дамуында проза жетекші орынға ие болды. Рабғузи, Бабыр, М.Сервантес, Д.Дефоның шығармаларынан бастау алатын проза сөз өнерінің дербес, айрықша түрі ретінде қалыптасты. Сөз өнері тарихында проза поэзиямен тығыз байланысты дамыды. Прозада өмір құбылыстары, адам характерлері кең ауқымды қамтылып, жан-жақты суреттеледі.

Бүгінде дүние жүзі оқырмандарының қолына тиіп отырған күрделі, көркем туындылары бар, биік даму дәрежесіне, кемел шағына жеткен, танымдық, тәрбиелік, эстетикалық әсері күшті қазақ совет прозасының эволюциялық өсу жолында жиырмасыншы жылдарда туған әр түрлі идеялық-көркемдік ізденістердің жемісі саналатын алғашқы үлгілердің маңызы зор. С. Сейфулиннің «Жер қазғандар», «Айша» повестері, «Тар жол, тайғақ кешу» романы; Б. Майлиннің «Раушан – коммунист» повесі, «Қадыр түнгі керемет», «Шариғат бұйрығы», «Жол үстінде» және т.б. әңгімелері; М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қаралы сұлу», т.б. шығармалары жиырмасыншы жылдардағы қазақ прозасының даму қарқынын, саяси-әлеуметтік нысанасын, идеялық-көркемдік деңгейін танытатын қатардағы шығармалар ғана емес, әдебиетіміздің алтын қорына қосылатын ұлттық классика үлгілері.

Қалыптасқан көшпенділер өркениетінде ханнан кейінгі орын билерге, одан кейінгі орын батырларға тиесілі. Би қалың жұртты аузына қаратса, қалың қолды хан мен батырлар бастаған. Сондықтан жорықта үзеңгілес серігі, елдің қорғаны батырларды хан қатты қадірлеген. Бидің статусы жоғары болса да хан көбіне батырдың атын асқақтатып отырған. Оның айқын мысалы ретінде Қобыланды батыр мен Ақжол бидің (Дайырқожаның) арасындағы жағдайды айтуға болады. Бір ерегісте Қобыланды ханның әділ қазысы атанған Ақжол биді далада өлтіріп кетеді. Ақжол мен Қобыландының қадірі Әбілқайыр ханға бірдей екен. Оны жақсы білген әз Жәнібек Қобыландыны шариғат бойынша қысас қылып өлтіруге Әбілқайырдың келісімін сұрайды. Ондай жағдайға баруға Әбілқайыр қалың қыпшақтың қабағынан қорғалап үш адамның құнын алып бітімге келуге шақырады. Оған қарсы жақ көнбей ағайын-жұрт екіге айырылады.

Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы тереңде жатыр және оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып нормалары ұлттық сана-сезімнің көрінісі әрі құқықтық мәдениеттің іргетасы. Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген сөзге бас иген. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары адамгершілік қасиеттерге тұнып тұруы да сондықтан. Бір сөзбен айтсақ, көшпелі қазақтардың құқықтық мәдениеті халықтың болмысы мен тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық салт-санасына лайық еді. Яғни, әдет-ғұрып нормалары ұлттық болмыстың туындысы болды.

Ұлы билер Төле, Қазыбек, Әйтеке өмір сүрген кезең – тарихымыздың тәлімі көп, ел үшін үлгі болатын ерекше кезеңі. Олар жаугершіліктің кесірінен ыдыраған халқының есін жиған, әділетті билік шешімдерінен айнымай, келешекке көз салып, үміт отын жағу арқылы көрегендік пен ұйымдастырушылық көрсете білген. Билердің оқығаны көп болмаса да, тоқығаны мол, парасатты, азаматтық тұғырлары биік қасиеттерін, рухани мол қазынасын жария ететін аңыздар мен шежірелер бүгінгі күнге де жеткен. Дегенмен, билердің атқаратын қызметі негізінен қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз етуге, яғни сот билігіне келіп саяды.

Қазақ билерінің өзіне тән ерекшелігі мен басқа халықтарда кездеспейтін қасиеті – дау-жанжалдарды мағыналы, шешендік сөздермен шешуі. Мұны қазақ халқына тән феномен деп бағалауымыз қажет. Арнайы том-том болып жазылған кодекстерге, толып жатқан құқықтық-нормативтік актілерге сүйенбей-ақ, өз орнымен қисынды айтылған бір сөзбен дауды тоқтатуды қалыптастырған қазақ ұлты сөз мағынасына, оның шексіз мүмкіндігіне ертеден-ақ назар аударған. «Қап салмағы дәнінде, сөз салмағы мәнінде» деп білетін билер әділдікті шешендікпен ұштастырып, елдің қамын жеген. Алты алаштың да бүтіндігін, татулығы мен басының амандығын тілеп, сол үшін еңбектенді.

Ұлы Абай өзінің үшінші қара сөзінде: «…Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолын», Әз Тәуке ханның «Күл төбенің басында күнде кеңес» болғандағы «Жеті жарғысын» білмек керек. Әм, ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендікпенен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына тартымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз, яки тіпті жоқ. Бұрынғы қазақ жайын білетін жақсы білген адамдар айтыпты: «Би екеу болса, дау төртеу болады» – деп. Оның мәнісі – тақ болмаса, жұп билер таласып, дау көбейте береді дегенмен айтылған сөз. Өйтіп би көбейткенше, әрбір болыс елден толымды-білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе, жаманшылығы әшкере болғандықтан түссе, әйтпесе түспесе» – деуі көп нәрсені аңғартады.

Жазушы шығармаларында кездесетін Тәуке ханның «Жеті Жарғысының» талаптары барлық ниет білдірген адамдарды қатыстырған. Қорғаушылар барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, айыпкерді қорғау құқығына ие. Егер қаралған іс бойынша куәгер болатын адамдар жоқ болса, ант, яғни жан беру рәсімі іске асырылады. Жан беруге дауласушылардың құқы жоқ. Айып тағылған адам үшін аймаққа, руға, елге танымал адамның оның кінәсіздігін көрсетіп, өз атынан ара түсуі және қорғауы. Жан беру рәсіміне беделсіз, елге танымал емес адамдар жіберілмейді. Себебі сенімсіз адамдардың жан беруі әділетсіз билік шығаруға жол ашуы әбден мүмкін.

 «Жеті Жарғыға» сай қазақ билері құқық бұзушыларға жаза белгілеуді жасаған қылмыстың ауырлығы мен қауіптілігіне байланысты жан жазасы, мал жазасы, ар жазасы деп белгілеген. Жан жазасы атынан көрініп тұрғандай, қылмыскер өлім жазасына кесіледі, бұл «қанға қан, жанға жан» ұстанымының жүзеге асу көрінісі. Сонымен қатар, көтеріліс жасап, бүлік шығарғандар, еліне опасыздық жасағандар өлім жазасына кесілген. Үкім түрлі жолдармен орындалған (ат құйрығына байлап жіберу, садақпен ату, арқанмен қылқындырып өлтіру т.б.).

Билер құн дауларын негізінен «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті Жарғысын» басшылыққа ала отырып шешкен.



Қазақтар еркін өмір сүрген халық. Бізде сөз бостандығы да болған, және де ол басты құндылық ретінде бағаланған: «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген аталы сөзге жүгінген халықпыз. Тіптен жаны қысылғанда ханның өзіне де «Дат, тақсыр!» – деп қарапайым адамдар да өз ойларын еркін білдіре алған. Қазіргі заманғы демократияның басты құндылығында – адам мен азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтарында бұл аталған мәселелердің шоқтығы биік.

Кезінде Ахмет Байтұрсынұлы: "Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді",– деді. Демек бұл қастерлі мұра – шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында деген. Мыңдаған, жүздеген жылдар өтсе де, Бәйдібек, Қазыбек, Байдалы билердің, Домалақ ана, Гауһар, Ақбикеш, 68 Айбике аналардың, Қабанбай, Бөгенбай, Ағынбай батырлардың есімін жұрт әлі де мақтанышпен айтып отырады. Шаршы топта сөз бастау қиын: Тауып айтсаң, мереке қылады, Таппай айтсаң, келеке қылады десе, шешені судай төгілген халықпыз. Түгел сөздің түбін түсірген, аталы да, баталы да сөз қалдырған түп атамыз Майқы бидің ұрпағымыз. «Сылдырап өңкей келісім» деп Абай айтпақшы, өлең сөзге дес бермеген, ауылдың алты ауызын аңыратып, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен бітіретін данышпан халықтың перзентіміз. Ата-бабамыз жаудан қаймықпаған, сөзден тосылмаған. Ерттеулі атына міне сала жауға шапқан, шынайы шешендік өнерге машықтанғандар. Біз – шешендік өнерді сүйетін де, оны бағалай білетін де халықпыз. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демей ме дана халқымыз?! Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешіп бере алатын қайран қазақ халқы! Шешендік өнерді ең асыл өнер деп бағалаймыз біз өзіміз. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығарған халқымның өресі биік, өрісі кең, шығар асуы жоғары десек, нағыз бағасын бергеніміз ғой. Иә, көпті көрген, көп жасаған қазақ қариялары оқымаса да көкейге тоқығандарын, жастарға үйретуден жалықпаған [4].Талапты жастар үлкендерден, қариялардан өнер-білім үйренуді өздеріне міндет, мұрат тұтқан, жақсының атын ерттеп, қасына ерген. Олардан үлгі-өнеге алуды ар-намыс санамаған. Үлгілі, аталы сөз кемеңгер ой мен шебер тілден ғана тумаса керек-ті.Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде шешен сөзіне жан-жақты сипаттама беріп, оларды бес түрге бөліп саралаған. Олар: Біріншісі, саясат шешендік сөзі - шешендердің жиналған қауымды аузына қаратып, нандырып, сендіріп, мемлекет ісіне қарар шығару мақсатымен айтылған сөз. Екіншісі, билік шешен сөздері - шешендердің сотта айыпкер адамдарды ақтау, иә қаралау мақсатымен сөйлегенде сот билігіне әсер ету үшін айтқан сөздер. Үшіншісі, қошемет шешен сөзі – біреудің халық алдында еткен еңбегін, өткізген қызметін айтып, қошеметтеп сөйлеген шешеннің сөзі. Төртіншісі, білімір шешен сөзі – білімділердің, ғалымдардың мазмұнды сөйлеген сөздері. Бесіншісі, уағыз - дін жайынан сөйлеген ғұламалар, молдалар сөзі [6]. Осы би-шешендер сөздерін ел аузынан жинап, тіл қадірі мен сөз қадірін жете түсінген, оларды жеке мұрасына сақтап бізге жеткізгендердің бірі – белгілі фольклорист, ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы «Қазыбектің екінші билігі» деп аталатын шешендік сөзінде Сібір бойына келе бастаған орыс шаруаларын жақтыртпай соғыс ашпақшы болған қазақтар бір шешімге келе алмаған соң үш жүздің билерін шақыртқан екен. Осы мәселе жөнінде билер оңаша шығып, жұмбақтап сөйлейді. Ұлы жүзден Төле би, - Алар ма ед мына көлдің қуын атып. Мұндағы көл – Сібір бойының жері болса, қуы – келе бастаған орыс шаруалары, яғни қуын атып алу – қоныстанған шаруаларды қуып жіберу, немесе соғысу. Кіші жүзден Мама би, - Тигізе алмай жүрмесек суына атып, - деп, бұл соғыстың нәтижелі болатындығына сенімсіздік білдіргенін көреміз. Яғни, оғы қуына тимей, 69 суына тиіп - күшіміз зая кетер деп күдіктенеді. Орта жүздің Қазбегі, - Арылмастай пәлеге қап жүрмесек, суда жүрген перінің қызын атып, - дегендегі пері – ақ патша болса, қызы - сол патшаның адамдары. Арылмастай пәлеге қап жүрмесек деп, бұларды шауып алған жағдайда орыс патшалығы соғыс ашып қазақ елі үлкен пәлеге ұшырайтынын болжап тұр. Қазыбек бидің бұл сөзіне Төле би , - Қазыбек, сен соғыспауға байладың-ау!- депті. Сонда Қазыбек, - Біз орыспен қалай соғысамыз? Пайғамбарымыздың ғаділшілік орыста қалады, дегені бар емес пе? «Жер астынан жік шығып, екі құлағы тік шыға қалса», қолының ұшын беретін көршіміз орыс болса, жаман болмас! – деп ойлаймын, – деп соғыстың басталуына тоқтау салғанын көреміз. Демек, мұндағы Қазыбек бидің сөзі екі ел арасындағы соғыс отын өршітпей саясат мәселесін шешуге ықпал етті. Ал «Қазыбектің үшінші билігінде» Ұлы жүз бен Кіші жүз арасындағы даулы мәселеге билік айтуға Ұлы жүздің төбе биі Төле би мен Кіші жүздің биі Мама таласады, сонда Қазыбек би «Ұлы жүзді қауға берде, малға қой. Кіші жүзді найза бер де, жауға қой. Орта жүзді қамшы бер де, дауға қой» - деген аталарының өсиетін білмейтіндігін беттеріне басып, төре беру жолы өзінікі екендігін айтады. Бұл сөзді үш жүздің адамдары бір ауыздан қабылдапты. Сонда Қазыбек би, - Уа, Үйсін: Төле би, сен атадан үлкен болып тудың. Ініңнің бір еркелігін көтеретін жөнің бар. Оны ойламай, жылқысын неге қуып аласың? Уа, жарқыным Мама би, сен атаның қара шаңырағында қалған екенсің, ағаңның көзінің тірісінде жеңгеңді неге зорлықпен әкетесің? «Даугердің адалы құстай ұшатын да, арамы мұрттай ұшатын.» Сен, Мама би, қатыныңды қайтар, сен Төле би, жылқыны қайтар. Екі жағында иесіне табыс болмаған, екі аяқты түгіл, төрт аяқты қалмасын! – деп, билік айтыпты. Бұл жердегі Қазыбек бидің сөзін билік шешен сөздерге жатқызамыз. Қазыбек би атабаба салтын, өсиетін жетік білетіндігін дәлелдеп, төрелік айтуға, даулы мәселелерді шешуге Орта жүз билерін қою керектігін бабалары өсиет қып кеткенін атайды. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы жазбаларындағы «Қазыбектің төртінші билігі» мен «Қазыбектің бесінші төрелігі» деген сөздері де - билік шешендік сөз. Ал осындағы «Қазыбектің «Тәңірі алдына барғанда» сөзінің әсері» деген сөзін уағыз шешендік сөзбен қоса билік шешендік сөзге де жатқызамыз, себебі мұнда Қазыбек би алдымен билікке қатысты сөйлеп, соңында уағызбен аяқтайды [5]. Би-шешендер сөздерінің үлгілері бүгінгі күні де өзектілігін жоймаған тіл мәдениетінің биік шыңы болып табылады.

Сонымен қатар, билер образы М, Әуезовтың шығармаларында да елеулі орын алған. М. Әуезов сахна тәртібінің көркемдік ерекшеліктеріне бағына отырып жасаған. Мұнда Нысан абыз батагөй бақсы, әрі өз руының қамын ойлайтын ақсақал ретінде көрінеді. Абыздың монологына назар аударсақ: «Жаратқанның жарлығына ризамын, аз ауыл тобықтының алақанына салған батагөйі қылды. Сақалшашым ағарғанша, тұғырымнан тайғаным жоқ. Қарқара би-төре, батыр-балуан әлі де болса алдымнан өтеді, оң батама ынтық болады. Келе жатқан күндерді, көмескіні болса да сенеді» -дейді. Қазақ руларының қалмақтан босаған жерге орналасуы, соның ішінде Кеңгірбай мен Қараменде бастаған елдің Матай руы қоныстанып қойған жерге сыналай келіп отырғаны жалпы негізгі тартысқа апаратын жол деуге болады. Себебі, жер мәселесіне келгенде Кеңгірбай бидің аса қатал екендігін тарихи оқиғалар дәлелдейді.



Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Қазақ шешендік өнері - атадан мирас болып, алтын баулы 70 желісі үзілмей келе жатқан ардақты өнер. Сондықтан шешендік өнер мен оның тарихы-адамзат мәдениеті тарихының сабақтас бір бөлігі билер образын сомдаудың бір тәсілі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет