Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет29/117
Дата31.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#155933
түріДоклад
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   117
Байланысты:
KAO-3-2020
2018-12-12-Краткий отчет по АПН-Туркестанская обл. 0
 
1.
Оқу үрдісін түрлендіреді.
 
2.
Білімалушылардың сaбaққa деген ынтaсын, қызығушылығын
aрттырaды. 
3. Білімалушылар тaқырып бойыншa жaн-жaқты мaзмұнды 
деректер пaйдaлaнa aлaды. 
4. Логикaлық ойлaу қaбілеті дaмиды. 
5. Өз ойын нaқты, қысқa, дәлелді түрде жеткізуге дaғдылaнaды. 
6. Білімалушының шығaрмaшылық қaбілеті aртaды. 
Қазақ 
тілін 
оқытуда 
коммуникативтік 
құзыреттілікті 
қалыптастырудың әрбір кезеңіндегі aтқaрылaтын жоғaрыдa aйтылғaн 
жұмыстaрдың бaрлығы дa сөйлесім әрекетінің оқылым, тыңдaлым, 
aйтылым, жaзылым, тілдесім компоненттерінің бірлігі негізінде жүзеге 
aсырылу керек. 
Коммуникативтік құзыреттілікке қол жеткізу үшін тілдік минимум 
белгіленеді. Бұл білімалушының жaлпы сөйлесім әрекетін дұрыс 
ұйымдaстыруғa ықпaл етеді. Aлдымен, білімалушылардың монологтік, 
диaлогтік және полилогтік сұхбaт түрлерін меңгеруіне қaжетті жұмыс 
түрлері мен мәтіндер іріктелді. Қaзaқ тілі грaммaтикaсының 
тaпсырмaлaр топтaмaсы белгіленеді. Аталғандармен қоса, қазақ тілін 
оқытуда 
ауызша 
және 
жазбаша 
қарым-қатынасқа 
қажетті 
орфографиялық, орфоэпиялық дағдыларды дамытуға басымдылық 


88 
беріледі, ауызша сөйлеу, жазу сауаттылығын қалыптастыру міндеті 
қойылады. 
Сол 
себепті 
коммуникативтік 
құзыреттіліктерді 
қалыптастыру бағытында олардың сөйлеу әдебі мен мәдениетін дамыту 
басты болып саналады. 
Баланың дұрыс сөйлеуі мен дұрыс жазу мәселесі қай кезеңде де 
өзекті болған. Мысалы, А. Байтұрсыновтың «Балаға сөйлей білу қандай 
керек болса, жаза білудің керектігі одан та артық», «сөйлегенде сөздің 
жүйесін келтіріп сөйлеу қажет. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза 
білуге: қай сөз қандай орында қалай өзгеріп, қалайша бір-біріне 
қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керек» - деген пікірі 
қатысымдық құзыреттілікті қалыптастырудың негізгі қағидасы іспетті 
[8, 115 б.]. Себебі коммуникативтік құзыреттіліктің өзі дұрыс сөйлеу 
мен сауатты жаза білумен тікелей байланысты. Сонымен бірге 
А.Байтұрсынов сөйлесім әрекетінің келесі бір түрі – тілдесімге де 
қатысты пікір білдірген. Оның пайымдауынша, айтушы мен тыңдаушы 
арасындағы сөйлеу де сауаттылыққа, сөздерді орнымен дұрыс қолдана 
білуге негізделуі тиіс, яғни орфоэпиялық нормалардың сақталуы 
тілдесушілердің тілдік нормаларды меңгеруімен тікелеу байланысты. 
«Сөйлеудің асыл мағынасы – біреуге білдірейін деген ойын айту. 
Айтушының мақсаты – тыңдаушыға ойын түгел түсіндіру. Ойын 
түсіндіру үшін соған керек сөздерді алу қажет. Бір сөзді ойын анықтау 
үшін алса, екінші сөзді ойын толықтыру үшін алады, үшінші сөзді ойын 
пысықтау үшін алады» деген ғалымның пікірі жоғарыдағы айтқан 
сөзімізді дәлелдей түседі [8, 142-274 б.б.].
Қазақ тілін оқыту әдістемесінде білімалушылардың ауызша және 
жазбаша сөйлеу тілін дамыту мәселелері соңғы жылдары ғылыми 
тұрғыда жан-жақты қарастырылып, зерттелуде.
«Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан 
оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты докторлық еңбекте 
білімалушылардың ауызша және жазбаша коммуникацияны меңгеруі 
негізінде қатысымдық құзыреттіліктің қалыптасатындығы туралы 
айтылады. «Қатысымдық құзыреттілік дегеніміз – студенттің түрлі 
жағдаятта тең дәрежеде қарым-қатынас жасауға қабілеттілігі және 
әлеуметтік-мәдени нормаларды сақтай отырып, ұйымдастыру 
біліктілігі. Студенттің қатысымдық құзыреттілігі ауызша және жазбаша 
коммуникацияны меңгеруі мен әлеуметтік өміріне қажетті қабілеттерді 
игеруінен көрінеді. Тілдік бірліктерді дискурс пен пікір білдіруде 
шығармашылықпен қолдана білуі және дара тұлға ретінде кез келген 
жағдаятта ойын еркін, жүйелі жеткізуінен байқалады» - деп көрсетіледі 
еңбекте [9, 27 б.].


89 
Ғалым А. Рауандина қатысымдық құзыреттілікті функционалдық 
сауаттылықпен байланыста қарастырады. Ғалымның пікірінше, 
коммуникативтік құзыреттің қалыптасуына сөйлесім әрекетінің түрлері 
– тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, тілдесім негіз болып, 
функционалдық сауаттылыққа ықпал етеді [10, 15 б.]. 
Ғалым А.Қабылова: «Оқушы өз ойынан сөйлем құрастыра білу 
үшін грамматикалық ұғымдарды сауатты қолдану дағдысын 
қалыптастыру мен дамыту, оқушының сөйлеуі нәтижелі болу үшін 
мәтін құрастыра білу икемділігін жетілдіру керек» – деп, 
білімалушылардың 
коммуникативтік 
құзыреттіліктерін 
қалыптастыруға қажетті дағдыларды атап өтеді [11, 20 б.]. Бұдан 
шығатын 
қорытынды, 
білімалушылардың 
коммуникативтік 
құзыреттілігін қалыптастыру грамматикалық ұғымдарды, тілдік 
бірліктерді сауатты меңгерумен де тікелей байланысты.
Тілдік бірліктер коммуникативтік құзыреттің қалыптасуына 
бірден бір негіз болып табылады. Тілдік бірліктер туралы 
тұжырымдарға сүйенсек, тілдік бірліктердің негізгі белгілері: дербес 
мағынаны білдіреді, мағынаның жасалуына әсер етеді, дайын күйінде 
тіркеседі, бір ғана субъектіге қатысты болады. Осы айтылғандарға орай, 
тілдік бірліктер былай жіктеледі: фонема, морфема, сөз, сөз тіркесі, 
сөйлем және мәтін. Фонема – мағынаның жасалуына әсер ететін тілдік 
бірлік ретінде қарастырылады. Қазақ тілін оқыту барысында фонеманы 
тілдік бірліктер байланысында қарастыру маңызды. Морфема – сөздің 
құрылымдық бөлшегі ғана емес, сонымен қатар дербес мағынаға ие 
тілдік бірлік. Сөз жеке тұрғанда бір мағынаға ие болса, морфема 
жалғанғаннан кейін екінші бір басқа мағынаға ие болумен қатар, 
сөздердің тіркесімділік қабілетін күшейтеді. Яғни, білімалушыларға 
тілдік қатынас жасау барысында ойын дұрыс жеткізу үшін сөздердің 
арасындағы қосымшалардың дәнекерлік қызмет атқаратынын меңгерту 
маңызды. 
Коммуникативтік құзыреттілік тілдік қатысым барысында іске 
асатындықтан, қатысымға қажетті құрал ол – сөз. Сөзден сөз тіркесін 
құрастырамыз, сөз тіркесінен сөйлем, сөйлем арқылы мәтін 
құрастырылады және сөйлем арқылы ойын жеткізеді. Сөз арқылы ғана 
тілдік қарым-қатынас жүзеге асады. Оның үстіне сөз – айтылым, 
тыңдалым, оқылым, жазылым және тілдесім барысындағы күрделі 
тілдік бірлік. Қатысымдық мақсатта жұмсалған сөз айтылатын ойды 
түсінікті, мазмұнды етіп көрсетеді. 
Тілді меңгерту тек лексикалық бірліктерді меңгерумен ғана 
шектелмейді. Сонымен бірге, олардың ауызша сөйлеудегі, қарым-


90 
қатынастағы қолданылу ерекшелігін де, тәртібі мен ережесін де үйрету 
керек. Тілдік қатысым барысында сөздерді дұрыс қолдану үшін 
грамматикалық ережелерді білу маңызды орын алады. Ғaлым
Н. Хомскийдің «құзыреттілік – тіл заңдылықтары мен ережелерін 
әртүрлі жағдаяттарға сай тілдік қатынас жасау барысында дұрыс 
қолдана білу» – деген пікірі сөзімізді дәлелдей түседі [12, 54 б.]. Олай 
дейтін себебіміз, ойды сөйлем арқылы жеткізу грамматикалық 
зандылықтар мен лексикалық заңдылықтардың өзара бірлігі, байланысы 
арқылы жүзеге асады. Сондықтан ауызша сөйлеу барысында оларды 
бөлек ереже, грамматикалық заңдылық деп бөлмей, бір жүйеде, бірге 
оқытқанда ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болады. Себебі тіл білімінің 
салалары бір-бірімен тығыз байланысты. Морфология мен синтаксис 
бірінсіз бірі меңгертілуі мүмкін емес, сондай-ақ септік жалғауларын 
меңгерткенде сөз тіркесінсіз түсіндіру, тәуелдік жалғауын ілік 
септігінсіз меңгерту мүмкін емес.
Сөз тіркесі, сөз, сөйлем, яғни грамматикалық бірліктер тілдік 
қатынастың іске асуына негіз болатын материалдар. Грамматиканы 
тиісті деңгейде меңгерген жағдайда ғана дұрыс сөйлейді, яғни сөйлеу 
барысында дұрыс қолдана алады. Ал ол айтушы мен қабылдаушының 
бір-бірін дұрыс түсінуіне негіз болады. Дұрыс сөйлеу үшін грамматика 
тұтас жүйе түрінде оқытылуы кажет. Грамматикалық жағынан өзара 
дұрыс байланыспаған сөздер, сөз тіркестері адам ойын анық әрі толық 
жеткізуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан да сөздер белгілі бір 
мағынаға ие болады да, дұрыс әрі түсінікті ойды білдіретін аяқталған 
сөйлемге айналады. Қазақ тілін оқыту барысында білімалушылардың 
коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін төмендегідей 
грамматикалық білімді қалыптастыру маңызды. 
1. Жұрнақ пен жалғауды ажырата білу керек. Жалғау сөзбен сөзді 
байланыстырушы бірлік, ал жұрнақ жаңа сөз тудырушы бірлік ретінде 
білімалушылардың дұрыс сөйлеуі үшін маңызды рөл атқарады. 
2. Түбір мен қосымшаны ажырата білу керек. Екеуін ажырату 
арқылы сөздерді дұрыс байланыстыру дағдысы қалыптасады, дұрыс 
сөйлеуге үйренеді. Түбір мен қосымшаны ажырата білу сөйлеушінің 
интонациясына да әсер етеді. 
3. Сөзді, сөз тіркесін ажырата білу керек. 
4. Сөздердің тіркесу заңдылықтары мен ережелерін меңгеру керек. 
5. Сөйлемдердің орын тәртібін білу керек.
Қорыта айтқанда, сөзді, сөз тіркесін анықтау, сөздердің тіркесу 
заңдылықтары мен ережелерін меңгерту, дұрыс сөйлеуге, сауатты 
жазуға дағдыландыру, сөйлемдердің орын тәртібін түсіндіру 


91 
коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың негізі болып 
табылады. Бүгінгі таңда лингвистикалық ілімдерді меңгерту негізінде 
қатысымдық құзыреттілікті қалыптастырудан гөрі лексикалық бірліктер 
арқылы қатысымдық құзыреттілікті қалыптастыруға баса назар 
аударылып отыр. Лексикалық мәтіндерді талқылау, түсіну арқылы 
коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру көзделуде. Жаңартылған 
білім беру бағдарламасы бойынша тілдік қатысым лексикалық 
тақырыптар негізінде іске асырылады. Бірақ грамматикалық 
ұғымдарды, нақты орфографиялық, орфоэпиялық нормаларға сүйенбей, 
өз ойын сауатты жеткізе білетін, сауатты жаза алатын тұлға тәрбиелеп 
шығу мүмкін емес. Сондықтан коммуникативтік құзыреттілікті 
лексикалық мәтіндер арқылы қалыптастыруда грамматикалық ережелер 
басты назарда болу керек. Себебі білімалушылардың коммуникативтік 
құзыреттілігін 
қалыптастыру 
тікелей 
лингвистикалық 
ілімге 
негізделеді. Лингвистикалық ілімге сүйене отырып, практикада іске 
асырылуы керек. Яғни тілдік қатысым теория мен практика бірлігінде 
жүргізілу керек. Сонда ғана білімалушының коммуникативтік 
құзыреттілігін тиісті деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік туындайды.
Коммуникативтік 
құзыреттілік 
білімалушының 
басқа 
да 
құзыреттіліктердің дамуына негіз болатын басты құзыреттіліктердің 
бірі екендігін естен шығармауымыз тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика және 
психология / Жалпы ред. басқ. А.Қ.Құсайынов. – Алматы: Мектеп, 2007. – 256 б.
2. Ожегов С.И.
 
Словарь русского языка / Под ред. чл.-корр. АН СССР 
П.Ю.Шведовой. – 18-е изд., стереотип. – М.: Рус. яз., 1987. – 797 с. 
3. Зимняя И.А. Ключевые компетенции – новая парадигма результата 
образования//Высшее образование сегодня. 2013.- № 5. – С.30. 
4. Симонов В.П. Компетентностно деятельностны подход общего обрaзовaния. 
Педогогический менеджмент, №1 2013г. – С.44-45
5. Құдaйбергеновa К.С. Құзырлылық тaбиғaты-тұлғaның өзіндік дaмуындa. 
Aлмaты, 2014. – 82 б. 
6. Тұрғынбaевa Б.A. Мұғaлімдердің шығaрмaшылық әлеуетін біліктілікті 
aрттыру жaғдaйындa дaмыту. – Aлмaты, 2015. – 208 б. 
7. 12 жылдық білім беру тұжырымдaмaсы ГОСО РК 2.003.1 - 2008 
8. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992. – 315 б. 
9. Рахметова Р.С. Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан 
оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (ЖОО филолог мамандықтары үшін): 
пед.ғыл.док. ... дис. – Алматы, 2010. – 50 б. 
10. Рауандина А.К. Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі (орыс тілді мектептердің 5-6-сыныптары): 
пед.ғыл.док. ... автореф. – Алматы, 2010. – 24 б. 


92 
11. Қабылова А.Б. Оқушылардың іскерлік қарым-қатынас тілін модульдік 
технология арқылы оқыту әдістемесі: пед.ғыл.док. ... автореф. – Алматы, 2010. – 27 б. 
12. Хомский Н. Аспекты теории синтаксиса / пер. с англ. – М.,1972. – 354 с. 
Резюме 
В 
статье 
анализируются 
лингвистические 
основы, 
формирующие 
коммуникативную компетентность, которая применяется для обучения казахскому 
языку.
Resume 
In the article there are analyzed linguistic foundations that create communicative 
competence used in teaching the Kazakh language and the author describes the fact that the 
formation of communicative competence is based on the linguistic training.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет