8. ДӘРІЛІК ЕМНІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Дәрілік заттарды профилактика1 үшін қолданғанда белгілі бір аурудың алдын алуды көздейді. Осы мақсатта дезинфекциялаушы, химиотерапиялық заттар және басқалар қолданылады.
Э т и о т р о п т ы2 (каузалдық3) ем ауырудың себебін тоқтатуға бағытталған (осылайша, антибиотиктер бактерияларға қарсы, безгекке қарсы заттар - безгек плазмодиіне қарсы әсер етеді).
Симптоматикалық емнің басты мәселесі жағымсыз симптомдарды (мысалы, ауруды) жою болып табылады, ол негізгі патологиялық үрдістің ағымына да айтарлықтай әсерін көрсетеді. Осыған байланысты көптеген жағдайларда симптоматикалық ем патогенетикалық4 рөл атқарады.
1 Грек тілінен рrорhylакticоs — сақтандыратын.
2 Грек тілінен аitia - себеп, tropos - бағыт.
3 Латын тілінен саusa-себеп.
4 Грек тілінен раtos - қиналу, denesis - тегі.
40
0р ы н б а с у ш ы ем табиғи биогенді заттар жетіспегенде қолданылады.
Мысалы, ішкі бездер секрециясының жетіспеушілігі кезінде (қант диабетінде,
микседемада) тиісті гормондық препараттарды енгізеді. Мұндай емнің
ұзақтығы айлар және жылдармен өлшенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |