3-сынып Қан айналысы, тыныс алу, ас қорыту мүшелері Тест№2 1.Жүрек кеуде қуысының қай бөлігінде орналасқан?
А)оң Ә)сол Б)жоғары В)төменгі
2.Қанның ағзада қозғалуын қалай атайды?
А)қан ағу Ә)қан таралу
Б)қан айналысы В)қан қызметі
3. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады?
А)60-90 Ә)60-70 Б)50-60 В)60-80
4.Өкпе қандай бөліктерден тұрады?
А)Оң, сол Ә)төменгі, жоғарғы
Б)дара, косарлы В)негізгі, көмекші
5.Тыныс алудың қандай маңызы бар?
А)таза ауа өкпеден шығарылады Ә)кеуде тарылады
Б)Таза ауа өкпеге енеді В)өкпе сығады
б.Тыныс шығарудың қандай маңызы бар?
А)көмірқышқыл газы өкпеден шығарылады Ә)өкпеден таза ауа шығарылады
Б)қабырғалар жоғары көтеріледі В)өкпе кеңиді
7. Дұрыс жауабын тап:
1. Жүректен шығатын ең ірі тамыры 1. Қылтамырлар
2. Жүректен барлық мүшелер 2. Көктамырлар
мен жасушаларға қан апаратын тамыр.
3. Жүрекке қан баратын тамыр 3. Қолқа
4. Ең кішкентай қан тамырлары 4. Сала тамыр
8.Төмендегі мүшелердің қайсысы ас қорыту мүшесіне жатпайды?
А)ауыз Ә)өңеш Б)асқазан В)өкпе
9. Ас қорыту мүшесіне жататын безді тап
А)ұйқы безі Ә)сілекей безі
Б)жұтқыншақ безі В)тері асты безі
10.Қорытылып еріген тағам денеге қалай тарайды?
А)сөл арқылы Ә)қан тамырымен
Б)шек арқылы В)асқазан арқылы
11. Тіске зақым келтірмеу үшін не керек?
А)конфет жеу Ә)сүйек кеміру Б)тазалап отыру В)жаңгақ шағу