Досмаева Турсынай. ҚТӘ-23. Эссе. Психология: мақсаты,міндеттері, маңызы,даму тарихы



Дата14.12.2021
өлшемі21,29 Kb.
#100500
Байланысты:
Досмаева Турсынай



Досмаева Турсынай .

ҚТӘ-23.

Эссе.

Психология: мақсаты,міндеттері, маңызы,даму тарихы.

Психология — адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы цубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрәкеттің даму бары-сындағы оның заңдылықтарын оқытып-үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы онжылдық көлемінде психо-логиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымының ұғым аппараты өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып, психология жаңа эмприкалық мәлметтермен толығуда. Б.Ф.Ломов «Психологияның әдіснамалық және теориялық пробле-малары» деген еңбегін қазіргі кезеңдегі ғылым жағдайын сипаттай отырып, қазіргі уақытта «психология ғылымының әдіснамалық мәселелерін және оның жалпы теориясын өңдеуге қажеттілік кенеттен артуда» деп атайды.

Психология зеттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі – сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түр-лерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттері, үрдістерді қамтиды. Бұл құбылыстардың кейбіреулері жеткілікті зерттелген ал басқаларын сипаттау қарапайым бақылаулуарды тіркеумен ғана шектеледі. Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы және дерексіз сипаттау – теория болады деп көпшілік санай-тынын ерекше атап айтқан жөн. Алайда мұнымен теориялық жұмыс бітпейді, сондай-ақ бұған жиналған білімдерді салыстыру мен интег-рациялау да, оларды жүйелеу де және т.б. кіреді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып зерттелетін құбылыстардың мағынасын ашу саналады. Осыған байланысты әдснамалық мәселелер пайда болады. Егер теориялық зерттеу айқындамаған әдістемелік принципке сүйен-се, онда теорияляқ білімнің эмприкалықпен алмастырылуының қаупі туады.

Алдыңғы онжылдықтағы психология пәнінің теориясы басым болғаны белгілі. Оның қазіргі уақыттағы қоғам өміріндегі рөлі қарқынды түрде өзгерген. Ол өнеркәсіптегі, мемлекеттік басқарудағы, медецинадағы, мәдениеттегі, спорттағы, білім беру жүйесіндегі және т.б. ерекше кәсіби практикалық әрекеттің аумағына айналуда. Психологиялық ғылымды практикалық міндеттерді шешуге енгізу, оның теориясының даму жағдайларын да маңызды өзгеріске ұшыратады. Шешілуші психологиялық кұзырды талап ететін, факторының рөлінің көтерілуімен анықталатын мәселелер қоғам өмірінің барлық салаларында әр түлі түрде пайда болады. «Адам факторы» деп адамдардың нақтылы әрәкеттерінен көрінетін адам бойындағы әлеуметтік-психологиялық, психология-лық және психо-физиологиялық қасиеттердің кең шеңберін түсінуге болады. Бұл жерде біз психология алдына қоғамдық тәжірибе (олардың саны көп, өйткені адам бар жердің бәрінде шешілуі «адам факторын» қажет ететін мәселелер бар) қойып отырған брлық міндеттерді атапайтпаймыз, бала психикасының дамуын түсінудегі психологияның маңыздылығына қысқаша тоқталамыз. Халық ағарту жүйесінің барлық қатарларына (мектепке дейігі білім беру, орта, жалпы білім беру мектебі, арнайы орта білім беру, жоғары мектеп) психологияға тиісті мәселелер туады. Психикалық құбылыстардың жүйесін түгелдей дерлік – тұлғаның қарапайым сезінулерінен беастап, психикалық қасиеттеріне дейін зерттеу олар бағынатын объективтік заңдылықтарды ашуға бағытталған. Бұл зерттеудің ғылыми негізін жасаудағы, қоғамдық мәселені шешудегі, оқу және тәрбие ұйымдарын жетілдірудегі маңызы зор.

Психологияның,әсіресе мұғалімдер үшін маңызы зор. Анатомия мен физиология білмейтін дәрігердің жұмысы қандай дәрменсіз болса,психологияны білмейтін мұғалімнің де оқу тәрбие саласындағы еңбегі нәтижелі болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет