Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы
Тақырыбы: Тәуелсіздік жолындағы Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуінің күрделілігі, бұл мәселені шешудегі жетістіктері мен қиыншылықтары, Тәуелсіз Қазақстанның саяси,экономикалық,мәдени даму ерекшеліктерін талдап,білімдерін кеңейту.
Дамушылық: Тарихи оқиғаларды, саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс талдап, тұжырымдай білуге үйрету, деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып қажетіне сай пайдалану дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Халықтың ұлттық сана - сезімінің өсуінің маңызын ашып көрсету арқылы ұлтжандылыққа, елін сүюге, адамгершілікке, бірлік пен ынтымақтастыққа баулу және достық сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақ түсіндіру, жарыс сабақ
Әдісі: алдын ала берілген дәріс, топтық жұмыс, ойын технологиясы
Сабақтың уақыты: 90 мин
Сабақтың жабдықталуы: интерактивті тақта, плакат,үлестірмелі карточкалар мен тапсырмалар, маркер, түсті қағаздар
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, әдебиет, саясаттану.
Пәнішілік байланыс: 1986ж. Желтоқсан оқиғасы
Оқушы білуі тиіс: «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы » декларацияның қабылдануы. ТМД-ның құрылуы.ҚР мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы.
Пайдаланылған әдебиеттер: Х. К. Ермұханова «Қазақстан тарихы» Алматы 2007ж,
Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» Алматы 2005 ж, Қазақстан тарихы.Шың.оқулық 2012 ж.
Негізгі: Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» Алматы 2005 ж,
Қосымша: Х. К. Ермұханова «Қазақстан тарихы» Алматы 2007ж, Қазақстан тарихы.Шың.оқулық 2012 ж.
Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы
І. Ұйымдастыру кезеңі –5 мин
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру – 20 мин
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру – 25 мин
IV. Жаңа тақырыпты бекіту – 20 мин
V. Қорытындылау. Бағалау– 10 мин
VІ. Рефлексия – 5 мин
VІІ. –Үйге тапсырма -5мин
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, жоқ оқушыларды белгілеу. Жаңа сабақтың жоспарымен таныстыру, студенттердің бүгінігі сабаққа қатысудағы мақсаттарын сұрау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Студенттер алдына ала топтарға бөлінеді.
Әр топ үйден дайындап келген презентацияларын қорғайды
1 топ «Пионер»тапсырмасы 50ж.- Қазақстан
2 топ «Комсомол» тапсырмасы 60 ж.- Қазақстан
3 топ « Алаш» тапсырмасы 70 - Қазақстан
4 топ «Жас Отан» тапсырмасы – 80ж. Қазақстан
Сергіту сәті. Барлығы бір-бірінің түр әлпетіне қарап, сипаттама беріп, соны қағаз бетіне түсіріп,бір-біріне сыйлайды.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Интерактивті тақта арқылы видеоролик көрсетіліп, студенттерден қандай тақырып өткелі тұрғанын және бұрыннан қандай түсініктері бар екендіктерін айтады.Дәріс.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
«Бинго» ойыны арқылы жаңа тақырыпты бекітеді..
«Ыстық орындық» ойыны
«Математикалық есеп»
V. Қорытындылау
«Тәуелсіздік шыңы» арқылы қорытындылайды.
Рефлексия
Смайликтерді тақтаға ілу ақылы рефлексия жасайды
«Сабақ қызықты өтті»
«Сабақ онша қызықты болған жоқ»
«Мүлдем қызықсыз»
Бағалау.Сабақ барысында ұпай жинау арқылы смайликтер беріліп, ең соңында смайликтердің санын шығарып, жеңімпаз топ анықталады.
VІІ. Үйге тапсырма
«Тәуелсіз елімнің болашағымын» атты эссе жазып келу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Әр топ үйден дайындап келген презентацияларын қорғайды
1 топ «Пионер»тапсырмасы 50ж.- Қазақстан
2 топ «Комсомол» тапсырмасы 60 ж.- Қазақстан
3 топ « Алаш» тапсырмасы 70 - Қазақстан
4 топ «Жас Отан» тапсырмасы – 80ж. Қазақстан
Дәріс.
Тақырыбы: Қазақстан тәуелсіздік жолында
Жоспар:
1.«ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы » декларацияның қабылдануы.
2.ТМД-ның құрылуы. ҚР мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы.
3.ҚР мемлекеттік құрылысы
1.1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің сессиясында тұңғыш рет қазақ мемлекеттілігінің егемендігі туралы мәселе қаралады. Онда мемлекеттің егемендігін бекітетін тарихи маңызды құжат – «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Қысылтаяң шақта егемендік туралы Декларацияны қабылдау оңайға түспеді. Өйткені Одақ пен коммунистік партияның билігі әлі де күшті болатын. 1990 жылы 16 қыркүйекте «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның» жобасы алғаш рет БАҚ-та жарияланды. Сол кезде одан өзге «Азат» азаматтық қозғалысы да Декларацияның балама нұсқасын әзірлепті. Қалай дегенмен де егемендікті жария еткен құжатты қабылдау барысында егемендікке қарсы кейбіреулер «мемлекеттік тіл – қазақ тілі», «қазақ ұлты тағдырының жауапкершілігін сезіне отырып» деп келетін тұжырымдарға келіспеушілік танытты. Сонымен бірге сессияда «басқарушы және негізгі күш коммунистік партия болып табылады» деген 6-бапты алып тастау туралы батыл ұсынысқа егемендікті қаламайтын «қызыл коммунистер» көп қарсылық білдіріпті. Тіпті кейбіреулердің болашақ үшін аса маңызды құжатты қабылдауды кейінге қалдырмақ ойы да болған. Осындай сын сәтте Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев сынды ағаларымыз құлдықты көксейтіндерге батыл уәж айтып, ұлт мәселесін төтесінен қоя білді. Буырқанған егемендік рух пен құлдық сана арпалысқан сессияда Декларациядағы 17-бап сегіз сағат бойы талқыға түсті. Кеңестер Одағының талқаны таусылмай жатып, одақтас республикалардың кейбірі тәуелсіздік туралы заңдарды қабылдап үлгерген-ді. Сөйтіп, КСРО дейтін қараңғы қапастан егемендіктің 15 гүлі қауызын жарып, бүршік атты. Мемлекеттік егемендік туралы құжат республиканың егемендігін баянды еткен тұңғыш заңнамалық акт болды. Бұл құжат бойынша Қазақстан елі халықаралық қатынастарда дербес толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға мүмкіндік алды. Еліміз егемендік Декларациясы арқылы табиғи байлығымызды, экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетін толық меншігіне алды. Қазақстан территориясындағы барлық әскери құрылымдар мемлекет қарамағына өтеді. Декларация бойынша Қазақстан территориясында егемендікке қайшы келетін КСРО заңдарының күші жойылды. Декларация орталыққа бағынышты күйден арылтып, Мәскеумен жаңа жағдайда тең әріптес ретінде ынтымақтастыққа қол жеткізді. Сонымен, Мемлекеттік егемендік Декларациясы – егемендікті білдіретін құр мәлімдеме амбиция ғана емес, шын мәнінде, заңдық күшке ие маңызды құжат. Сондықтан да егемендік туралы Декларациясы, кейін 1991 жылдың 16 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Декларациясымен терең үндестік тапты.
Кейбір саясаткерлер пікірінше бұл күнді тәуелсіздік күні деуден гөрі желтоқсан құрбандарын еске алу күні десе болғандай. Өйткені 1986 шы жылдың желтоқсанның 16-сы күні кешінде қазақ жастарының үлкен күреске шыққан күні, алайда биліктегілер бұл күнді ұмыттыру үшін әдейі тәуелсіздік күні деп жариялап отыр.
2.1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.
Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.
Президентті бүкілхалықтық сайлау. Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.
Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігін жариялау. Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді. КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні. Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады. Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады. 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы.
1992 жылы Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы еңбегі жарияланды. Бұл еңбектің маңызы:
-Тәуелсіздік жолына түсүдегі басты бағыттар көрсетілді.
-Ел дамуының түбеғейлі концепциясы алғаш рет анықталды.
-Ішкі және сыртқы саясат саласындағы, ұлттық қуіпсіздік жөніндегі міндеттер сараланды.
-Қазақ халқының тарихи миссиясына тоқталып, жергілікті ұлт мүддесі ерекше ескерілетіні қажеттігі айтылды.
«Ұлт өзінің мемлекеттігінсіз ұлт болып өмір сүре алмақ емес…Біздің мемлекетімізде тұрғылықты ұлттың-қазақтардың мүдделері жекелеген мәселелерде ерекше атап айтылатыны әбден орынды, мұның өзі мемлекеттердің бірқатарында тап, осылай етіледі де», деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев.
Республиканың Туын, Елтанбасын және Гимнін қабылдау.
1991 жылдың соңында егемендігін жариялаған Қазақстан өз мемлекеттігін құрудың жолына түсті, мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда оның ішкі істер әскері құрылды.
Қазақстаның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде оның мемлекеттік нышандарын (символдарын) қабылдауды талап етті. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туын мен Елтанбасын бекітті. Ту авторы-суретші Шәкен Ниязбеков, Елтанба авторлары-сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. 1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар- Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдагалиев, Жадыра Дарибаева. Әуенін жазғандар- Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 ж. нұсқасы сақталды).
1993 жылғы қантардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Оның Құрамдас бөлімі еліміздің қоғамдық даму ерекшелігін бейнелейтін өтпелі кезең жадайларына арналған тарау.
ТМД-ның кейбір елдерінде КСРО мемлекеттік банкі мен Россия банкісінің 1961-1992 жылға банкнот айналымының тоқталуына байланысты, Қазақстанға осы банкноттардың заңсыз түрде енгізілуі күрт жоғарылады. Оның салдары: елдегі барлық қаржы жүйесі құлдырады, ақша құнсызданды, тұрғындардың тұрмыстық деңгейі төмендеді. Осы себептерден Қазақстан өзінінің ұлтық валютасын енгізуге шешім қабылдады. 1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөнінідегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты.
1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган-Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Мақсаты: қоғамдық тұрақтылықпен ұлтаралық татулықты нығайту.
1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды. Онда қаралған мәсиелер: Президент Н.Ә. Назарбаевтің өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатынында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.
1995 жылы 29 сәуірде Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізілді. Сайлаушылардың 95,4%-ы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін ұзартуды қолдады. Бұдан кейін әкімшілік-басқару аппаратын қысқарту және құрылымдық оңтайландыру жөнінде батыл шаралар қолданылды. Орталық үкімет қайта құрылып сан жағынан ықшамдалды, жерлікті жердегі басқару құрылымдары қысқартылды. Нәтижесінде 1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-ден 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазаргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар.
1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономиқалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескерілді. Конституцияның ерешеліктері:
1. Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды.
2. Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды.
3. Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды. Судьялар нақты істері бойынша есеп бермейді, тек Конституция мен Заңға бағынады.
4. Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне Конституциялық құқықтарды бұзуға жол берілмейді.
5. Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүндесін қорғайды.
6. Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді.
Тарихи маңызы:
- Егеменді Қазақстанның әлем қоғамдастығы алдындағы бар болмысы, өркениетті даму кезеңіндегі ерешеліктері, әлемдік демократия даму кезеңіндегі ерекшеліктері, әлемдік демокротиялық құндылықтары көрініс тапқан.
- Республиканың одан әрі даму кезеңіне арналган тарихи құжат.
Қазақстан қоғамын реформалау барысында астананы Алматыдан Ақмолаға көшеру идеясы туындады. 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады. Нәтижесінде 1997 жылы 9 желтоқсанда Ақмолаға мемлекеттік рәміздер эталоны және Қазақстан Президентінің байрағы жеткізіліп, осы жылдың 10 желтоқсанда Ақмола ресми астана болып белгіленді, ал 1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болып өтті.
«Қазақстан-2030» стратегиясы .
1997жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауы жарияланды.
Жолдауда қаралған мәселелер:
1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.
2. Реформаларды аяқтау.
3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.
4. «Қазақстан барысын» қалыптастыру.
Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды. Бұл бағдарлама еліміздің саяси, әлеуметтік-экономиқалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. 2030 жыл –Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады. Инвестициялық купон иесі оны әр түрлі инвестициялық қорларға салуға мүмкіндік алды. Купондарды өнеркәсіптік кәсіпорындар акцияларына аустыруға және сатуға рұқсат берілмеді. 200-ге жуық инвестициялық қорлар қурылды. Мақсаттары купондары жинастарын, аукционға шығарылатын өнеркәсіптік кәсіпорындардың акцияларын иелену.
Жаңа тақырыпты бекіту.
«Бинго» ойыны
1 топ:Пионерлер
2 топ:Комсомолдар
3 топ:Алаш
4 топ:Жас Отан
Шарты: Әр топ кезек-кезек экрандағы номерлерді таңдап,сол ұпайдың сұрақтарына жауап береді. Қандай топ сұраққа толық, әрі нақты жауап берсе, сол топқа ұпай беріледі.
10 ұпай алса 1 смайлик
20 ұпай алса 2 смайлик
30 ұпай алса – 3 смайлик
Бинго ұтып алса, 1 Қазақстан шоколадына ие болады.
«Бинго»
10 ұпайдың сұрақтары
|
4
|
1
|
10
|
19
|
16
|
22
|
20 ұпайдың сұрақтары
|
14
|
20
|
2
|
11
|
8
|
17
|
30 ұпайдың сұрақтары
|
24
|
9
|
18
|
21
|
15
|
6
|
10 ұпайдың сұрақтары:
1 саны - Қайта құру идеясының авторы. М. С. Горбачев
4 саны-70-80 ж. тарихта қалай аталды.? Тоқырау жылдары
10 саны- 1964-86 жж. аралығындағы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің 1 хатшысы кім? Д. Қонаев
16 саны-Желтоқсан шеруі қай алаңда өтті? Брежнев
22 саны -1989 ж. Желтоқсан оқиғасына әділ баға беруді талап еткен кім? М. Шаханов
20- ұпайдың сұрақтары
14 саны- Тоқырау жылдарында орын алған жағымсыз құбылыстар? Маскүнемдік, парақорлық, нашақорлық, ұрлық, қылмыс
20 саны- М. Горбачев саясатының ұрандары? Жариялық, жеделдету,қайта құру
2 саны-Желтоқсан оқиғасына түрткі болған оқиғалар мен себептер? Г.В. Колбиннің республиканың жоғарғы басшылығына тағайындалуы, қордаланып қалған келеңсіздіктер, қоғамдық,әлеуметтік,мәдени кемшіліктер
11 саны- 1996 ж. 9 желтоқсанда «Халық қаһарманы» атағы берілген адам? Қ. Рысқұлбеков
8 саны- 1989 ж. құрылған антиядролық, экологиядық қозғалыс атауы мен жетекшісі және мақсаты? Невада-Семей, О. Сулейменов
30 ұпайдың сұрақтары
24саны -КСРО-ның ыдырау себептері?
9 саны – Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы?
18 саны- 1991 ж. 8 желтоқсан Минскдегі келісім қалай аталды және оған қатысқан елдер , қаралған мәселелер? Беловеж келісімі, Белорусь, РКФСР,Украина
21 саны- 1991 ж. Алматы келісімі, қатысушы елдер.қаралған мәселелер. 11 ел
Украина, Беларусь, Молдава,Әзірбайжан, Армения, Қазақстан,Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан,Ресей.
6 саны- Желтоқсан оқиғасы бойынша жастарға қандай жаза қолданды?
1720 адам жарақат алды, 99 адам бас бостандығынан айрылды, 2 ада ату жазасына кесілді, 52 адам партия қатарынан шығарылды, 787 адам комсомол қатарынан шығарылды,246 студент оқудан шығарылды
«Ыстық орындық» ойынының шарты: әр топтан 1 студенттен шығып ортаға қойылған орындыққа отырады ал олардың басына жасырынды түрде тұлғалардың аты жазылған корона кигізіледі, қарсы топтар жұмбақ жасырады, олар сол коронадағы тұлғаны тапса ұпай беріледі.
Мысалы:
Қазақ ССР тарихын, 19 ғ. 20-40 жж. Қазақстан тарихын жазып, оған буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дәріптеуші,орыстарға қарсы жазылған еңбектер жазды деп айып тағылған дарынды тарихшы ғалым. Бекмаханов
«Математикалық есеп»
1 топ есебі
200*9+100+91꞊1991
650+228*4+448꞊2010
5*2+22-16꞊16
2 топ есебі
223+425*2+919꞊1992
300+411+62+1225꞊1998
4*2+12-16꞊4
3 топ есебі
1000+500*2-7꞊1993
200+222*3+1164꞊2030
20*2+5-30꞊15
4 топ есебі
50+655*5-1331꞊1994
122+224*2+1425꞊1995
5*3-11+6꞊10
V. Қорытындылау
«Тәуелсіздік шыңы» арқылы қорытындылайды.
Тақтада пирамида салынады. Студенттердің бәрі шығып сол пирамидаға карточкадағы оқиғалар тізбесін жапсырып,тәуелсіздік туын тігеді.
Рефлексия
Смайликтерді тақтаға ілу ақылы рефлексия жасайды
«Сабақ қызықты өтті»
«Сабақ онша қызықты болған жоқ»
«Мүлдем қызықсыз»
Бағалау.Сабақ барысында ұпай жинау арқылы ту беріліп, ең соңында тулардың санын шығарып, жеңімпаз топ анықталады.
VІІ. Үйге тапсырма
«Тәуелсіз елімнің болашағымын» атты эссе жазып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |