Сабақтың мақсаты:Мұғалімге қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттерімен таныстыру, әлеуметтік маңызымен таныстыру.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар: Мұғалім мамандығының әлеуметтік маңызын ашу. Мұғалімнің жеке басы және оның педагогикалық процестегі ролі қандай?
Бақылау сұрақтары: 1. Мұғалім мамандығның әлеуметтік маңызы неде?
2. Мұғалім мамандығының гуманистік сипаты неде?
3. Педагогикалық іс-әрекеттің ұжымдық сипаты неде?
4.Неліктен қоғам дамуына байланысты мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар да өзгеріп отырады?
5. Мұғалім профессиограммасы дегеніміз не?