Педагогикалық жүйе- жеке, дара тұлғаны жетілдіруге, қалыптастыруға бағыттау мен белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдарының жиынтығы.
Рефлексия –адамның өзін-өзі зерттеуі, түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтаны жайлы өзін бағалауы.
Ретиалды қарым қатынас – ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қатынас).
Симпатия –бір адамның екінші адамға оң,жағымды көзқарасының қалыптасуы.
Тәрбие – қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі.
Шығармашылық –жаңа сапалы материалдық және рухани құндылықтарды жасаудағы адамның іс-әрекеті.
Эмпатия – мұғалімнің оқушылардың психикалық жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның орнына қоя алуы
2 ДӘРІСТЕР
БӨЛІМ 2. ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАЗУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық білімдерін қамтамасыз ету
Міндеттері:
Әр тақырыпты меңгерту барысында жүйелі білім беру;
Әр тақырып бойынша негізгі ұғымдармен таныстыру және меңгерту;
Пәнге қызығушылығын арттыру және өздігінен жұмыс істей білуге үйрету.
Дәріс -жоғары оқу орындарындағы оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.
Ол студенттерге олар үшін жаңа ақпараттарды беруге тиімді.
Дәріс студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі.
Дәріс - студенттерге өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады.
Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық:
Сабаққа кешікпеңіз;
Дәріс дәптеріңізді және қаламыңызды ұмытпаңыз.
Дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз.