Дұрыс әрекет тәжірибесі – өмір негізі Сүйіспеншілік Ішкі тыныштық Ақиқат Дұрыс әрекет


Шығармашылық іс-әрекет, топтық, жеке жұмыс



бет8/9
Дата07.02.2022
өлшемі420,1 Kb.
#96537
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дұрыс әрекет

5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық, жеке жұмыс.
Оқушыларды 2 топқа бөліп, тапсырма беру.
1 топ. Зиянды әрекеттерден қалай қорғанамыз?
Тізбектеп жазып, сол арқылы постер қорғау.
2. топ. «Жер ана» тақырыбына хат жазу.
Бейнеролик «Таңғажайып жерлер»
Жер қыртысының адам өмірінде алатын орны ерекше.
«Ел орнында, жер орнында.
Жерге жетер байлық жоқ.» деп халық бекер айтпаған. Жер қадірін бүкіл адамзат баласы білуге міндетті.
Ішкі интеграция: 
1961 жылдың 12 сәуіріндегі алғашқы ғарышкер – Юрий Гагариннің ұшуы жаңа ғарыш дәуірінің, ғарыш тарихының жаңа даму сатысының басы болды. Адам баласы тартылыс заңын жеңді. Яғни бұл-ақиқат. Қазақтың қос қаһарман ұлы Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың ғарышқа ұшқандығы және адамзат тарихындағы алғашқы ғарышкер Гагаринге қойылған ескерткіште қазақ ақыны Олжас Сүлейменовтің өлеңінің бір жолы жазылып тұрғандығы.
Тарих осылай жасалады. Ал біздің кеудеміздегі аңсар – Ғарыш дәуіріндегі қазақ халқының орнының айшықталуы және оны өз пайдамызға жарата алатын күн тууы. Бұл Еліміздің ғарышқа деген Сүйіспеншлігі. Жер қыртысын дұрыс пайдалануда, адамдар әрқашан жерге қамқорлық жасау оған дұрыс әрекетпен қарым-қатынаста болу керек.
Мантия жер қыртысындағы иілмелі, балқыған күйде болады. Ол оянып жанартауға айналады, ал адамның ойына жақсы оймен толықса, қандай іс әрекет жасайды?
Ал балалар ядро жердің кіндігі ең түпкі бөлігі, ал адамның ең түпкі бөлігі жүрек. Рухани деңгей адам өмірінің ядросы болса яғни кіндігі, ал ядро жер кіндігі. Біз рухани деңгейдің шыңына шығуға ұмтылуымыз қажет. Рухани деңгейіміздің шыңына шығу үшін жүрек үнін тыңдау қажет пе?
Балалар сонымен ғарышкерлердің өмірі ақиқат, еліміздің ғарышкерлерге деген сүйіспеншілгі шексіз, жер құрылысын зерттеп дұрыс пайдалану дұрыс әрекет, зерттеу жүргізіп жанартауларды анықтап мантияның адам өміріне зиянын тигізбеу яғни ішкі тыныштықты бұзбау, жер кіндігі ядро болса, адамның ең жоғарғы рухани деңгейі қиянат жасамауға жету біздің міндетіміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет