Көркем жазу
1-тапсырма В әріпінің жазба түрін жаз.
2-тапсырма Мәтінді көркем жаз
Вокзал
Шернияз екеуміз теміржол вокзалына келдік. Бізге вокзал сәнді сарай тәрізді болып көрінеді. Оның іші ығы-жығы, адам көп екен. Күні-түні жан-
жақтан пойыздардың бірі келіп, бірі кетіп жатыр.
Көрші тұратын Нұржан да осында жүр екен. Ол Маңғыстаудан келе жатқан
нағашыларын қарсы алуға әдейі келіпті.
Сауат ашу 18.03.2020
Күнпарақ
«Күнпарақ» дегеніміз – ол күнтізбе. Күнпараққа ай аттары, күндер, апта атаулары және мереке күндері кіреді. Күнпарақ үш жүз алпыс бес күнне тұрады. Ай аттары: қаңтар, ақпан, наурыз, көкек, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан. Апта атаулары: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі,жұма, сенбі, жексенбі.
Күнпарақтар әр түрлі болады. Мысалы: қабырға күнпарағы, үстел күнпарағы, қалтакүнпарағы тағы басқалар.
Достарыңызбен бөлісу: |