Көркем жазу 1-тапсырма М әріпінің жазба түрін жаз.
2-тапсырма Мәтінді көркем жаз Мақта Мақта – өте пайдалы, әрі құнды өсімдіктің бірі. Ол еліміздің оңтүстік аймағында өседі.
Мақтаны бұрын қолмен теретін еді. Қазір комбайнмен жинайды.
Жиналған мақтаны фабрикаға жібередію Онда мақтадан жіп иіреді.
Сол жіптен мата тоқиды. Матадан киім тігеді.
Мақтаның ұрығынан май дайындайды.
Сауат ашу 02.04.2020
Айдаһармен айқас Ертеде жеті басты айдаһар болыпты. Ол күнде бір адамды жейді екен. Ағайынды екі батыр жігіт айдаһарды өлтіруге шешім қабылдайды. Олар айдаһардың ұйқыға кетуін күтеді. Айдаһар ұйықтаған кезде жігіттер екі басын кесіп алады. Олар айдаһармен үш күн алысып, қалған бастарын да кеседі. Сөйтіп, айдаһарды жеңеді. Міне, осылай ағайынды жігіттер адамдарды жаудан құтқарыпты.
Дұрыс жауапты белгіле. Сен айдаһарды қайдан білесің?