Сауат ашу 03.04.2020 Циркте Ата-анам концертке барғанды ұнатады. Ал мен апайымен циркке барғанды жақсы көремін. Акробаттар арқанда жеңіл жүреді. Цирктің шаңырағының
астында еркін айналады. Жонглёрлер доп лақтырып ойнайды. Сайқымазақтар барлығын күлдіреді. Иттер шығыршықтан секіреді. Қояндар барабанды ұрады. Аюлар мотоциклмен жүреді. Мысықтар музыка әуеніне билейді.
Жануарларды түрлі өнерге машықтандырушылар үйретеді. Машықтандырушылардың жұмысы қызықты, әрі қиын.
Дұрыс жауапты белгіле. Цирк неге үнайды?