Дќрiстi жзЋргiзу жоспары



бет2/3
Дата30.10.2022
өлшемі271 Kb.
#155703
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
1 тақырып

Атом-молекулалық ілім.
Барлық заттар атом деп аталатын аса кішкене бөлшектерден түзілген.
Молекула – ол сол заттың химиялық қасиеті бар, ең кіші бөлшегі. Молекуланың химиялық қасиеті оның құрамымен және химиялық құрылысымен анықталады. Молекулалар бір, екі және көпатомды бола алады.
Атом – элементтің химиялық қасиеттерін сақтап тұратын ең кіші бөлшегі. Элементтің химиялық қасиеттері оның құрылысына байланысты.Осы тұрғыдан қарағанда қазір атомға мынадай анықтама беріледі.
Атомоң зарядталған атом ядросынан және теріс зарядталған электрондардан тұратын электробейтарап бөлшек.


Химияның негізгі түсініктері
Ядро зарядтары бірдей болып келетін атомдардың белгілі бір түрін химиялық элемент деп атайды. Әрбір элементтің аты мен өзінің таңбасы болады. Қазіргі кезде 110-нан астам химиялық элемент белгілі.
Элементтің салыстырмалы атомдық массасы – ол берілген элемент атомының абсолюттік массасы көміртек атомының абсолюттік массасының 1/12 бөлігінен қанша есе көп екендігін көрсететін сан, яғни массаның атомдық бірлігі.
Салыстырмалы молекулалық масса – ол молекуланың орташа массасының молекуланың атомдық бірлігіне қатынасы. Бұл шама өлшемсіз және Mr таңбасымен белгіленеді.
Химияда қарастырылған шамалардан басқа ерекше физикалық шама – зат мөлшері пайдаланылады. Ол осы заттың құрылымдық бөлшектері (атомдар, молекулалар немесе басқа бөлшектер) санымен анықталады. Зат мөлшері (яғни моль саны) латын әрпі n немесе грек әрпі v (ню) арқылы белгіленеді. Ал зат мөлшерін моль бірлігімен өлшейді.
Бір моль заттың массасын оның молярлық массасы деп атайды, оны М әрпімен белгілеп, г/моль деп өрнектейді. Заттың молярлық массасы (М) оның массасының зат мөлшеріне қатынасы болып келеді:
Зат мөлшері n молекуланың (атомның) берілген санының N Авогадро саны NA қатынасына тең:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет