Тексерілді:
ДТЖО: А.Ж.Шайхиева
|
Күні
|
12.09.2021
|
Тақырыбы
|
«Отбасым- бақыт мекенім!»
|
Мақсаты
|
Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
|
Күтілетін нәтижелер
|
Оқушылардың отбасы туралы түсініктері кеңейеді.
Өз жанұясы туралы әңгімелеп айта алады
Оқушылар ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиеленеді
|
Қолданылатын ресурстар
|
Интернет ресурстары, бейнежазбалар
|
Көрнекі құрал-жабдықтар
|
Филипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі-түсті маркерлер, қаламдар суреттер, интербелсенді тақта,нақыл сөздер.
|
Сабақтың өту барысы
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Тыңдаушының іс-әрекеті
|
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру (5 мин)
|
-Балалар, біз бүгін керемет бір ғажайып әлем туралы әңгімелесеміз. Қалай ойлайсыздар, ол әлем қандай әлем болуы мүмкін? Қане ойлап көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет.
Жауап: «Менің жанұям» ,«Отбасы».
-Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?
Жауап: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.
І. « Жүректен — жүрекке» шеңбері.
Ал, ендеше оқушылар ортаға шығып, шеңберге тұрып өз жанұяларыңның жақсы бір қасиеті жайлы айтып өтіңіздер.
|
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады
|
Ой қозғау
«Ашық микрофон» сұрақ –жауал
|
Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.Отбасының екі тірегі — әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу — біздің борышымыз. Ата — ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.
Сұрақтар:
1. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?2. Отбасының басшысы кім?
3. Отбасы қандай болуы керек?
4. Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсыңдар ма?
5. Сен қандай отбасын армандайсың?
5. Өз отбасыңа көңілің тола ма?
7. Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?
|
Оқушылар мағлұмат алады
| «Отбасы құндылығы» бейнеролик
|
1.Бейнебаяннан не байқадыңыз?
2.Қандай тұжырымға келдіңіздер?
3. Бір сөйлеммен түйіндеңіз?
Отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсеретеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отан отбасынан басталады, – деген нақыл сөз бекер емес. Адам өзінің ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тыңдырса деген мақсатты нысана етеді, үміт артады. Сол нитепен жақсылыққа баулиды. Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арақсында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады.
|
|
мақал-мәтелдер жалғасын тап
|
1.Інісі бардың тынысы бар,
(Ағасы бардың жағасы бар.)
2.«Сіз», «біз» - деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
3. Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
4. Отан –отбасынан басталады
5. Баланың бас ұстазы – ата - анасы
6.Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.
7.Ата тілін алмаған ұлдан без,
Ана тілін алмаған қыздан без.
8Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге апарар,
Атадан жаман ұл туса, төрдегі басын есікке апарар.
|
|
Қорытынды
|
Сөйлемді жалғастыр. Менің жанұям-...
|
|
Рефлексия
|
«Тілек ағашы» оқушылар алдарыңыздағы түрлі- түсті үй түріндегі стикерлерге отбасыларыңызға тілектеріңді жазып, тілек ағашына жапсыруларыңыз сұралады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |