ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ
(1802 – 1874)
Қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында туады. Ауыл молдасынан оқып, мұсылманша сауат ашады. Алайда, ақындық өнерді еркше қастерлеген аймақта өмір сүрген, көне ақын, жыраулар мұрасынан, ескі тарихи аңыздар мен эпикалық жырлардан нәр алып өскен Дулат өз заманындағыаса зерделі адамдадардың бірі болды. өнер жолына ерте түскен Дулат XIX ғасырдың орта шенінде Сарыарқадағы ең атақты ақындардың санатына қосылды. Өмірінің соңғы күндеріне дейін үлкен құрметке, даңққа бөленіп өткен ақын 1874 жылы өз елінде қайтыс болады.
Бұқар мен Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан, көне түркі поэзиясынан тағылым алған, өлеңді суырып салып та, жазып та шығарған Дулат қазақ поэзиясын мазмұн, тақын жағынан барынша байыта түсті, түр, көркемдік тәсілдер тұрғысынан жаңа сатыға көтерді. Ақынның терең мағыналы өлеңдері ұлы Абайға да әсер етті.
СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫ
(1815 – 1898)
Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы казіргі Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарақыстақ деген жерінде дүниеге келген. Ол он төрт-он бес жасынан бастап акындық өнерін машық ете бастаған. Алғашқы бетте ел аузынан естіген аңыз-ертегілерді, қисса-жырларды жаттап алып, жиын-тойларда айтып жүрген. Кейінірек өзінің замандас ақындары ішінен озық ойы, өткір тілімен казақ пен кырғыз елдеріне аты тарап, әйгілі болған.
Сүйінбай - ең алдымен айтыстың асқан шебері, ешкімге жүлде бермеген ерен ақын. Сонымен бірге ол халық мұңын мұңдап, үстем тап екілдерінің әділетсіздігін бетіне басып, әшкерелеп отырған батыл да әділ сыншы. Сондыктан да Мұхтар Әуезов Сүйінбайға баға бергенде оны «Он тоғызыншы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп атаған. Ұлы Жамбыл Сүйінбайды үстаз тұтып, аруағына сиына сөйлеген. Сүйінбай өлеңдерінің негізгі діңі - адамгершілік асыл қасиеттер.
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (10.8.1845 - 6.7.1904) – қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі. Бұрынғы Қарқаралы дуанына (округ) қарасты Шыңғыс тауының бауырында, Қасқабұлақ күзегінде туған. Руы – Арғын ішінде Тобықты. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы сол маңайдағы қазақ руларының ішіндегі байының, биінің, беделді адамының бірі болған. Патша үкіметі оны 19 ғ-дың орта тұсындағы бір сайлауда Қарқаралы дуанының аға сұлтандығына бекіткен. Абай Құнанбайдың екінші әйелі Ұлжаннан туады. Ол Арғын ішіндегі Қаракесек руының шешендік, әзіл-ажуамен атағы шыққан Шаншар тобының қызы екен. Ұлжаннан Тәкежан (Тәңірберді), Абай, Ысқақ, Оспан деген 4 ұл туады. Абайдың «Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ» деуі сондықтан. Абайдың шын аты Ибраһим кейіннен шешесі еркелетіп «Абай» деп кеткен.
Құнанбай өте діншіл адам болған. Сол кезге дейін көшпелі қазақ ауылдарының арасына кең тарай қоймаған мұсылман дінінің ықпалын күшейтуге тырысқан; намаз, ораза, зекет сияқты дін шарттарын өз еліне күшпен таратпақ болған. Осы мақсатпен Орта Азияның діндар қожаларын, татардың молдаларын қарамағындағы ауылдарға таратып, олардың балаларын мұсылманша оқытқан. Сондай қожа-молдаларды өз ауылына да ұстап, өз балаларын, оның ішінде Абайды Ғабитхан деген татар молдасына сабаққа берген. Молдадан 3-4 жыл оқыған Абайдың сабаққа зеректігі байқалған соң, әкесі оны Семей қаласындағы мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне берген. Ол ислам әлемінде «мүтәкәллимин» аталатын бағытты қолдайтын, яғни дін сабақтарына тарих, поэзия, математика, философия сияқты дүние тану пәндерін араластыра оқытуды қажет көретін ағымның өкілі болады. Соның медресесінде 4 жыл оқыған Абай араб, иран және Орта Азия әдебиеті классиктерінің шығармаларымен танысып, соларға електеп қысқаша өлеңдер жаза бастайды. Бірақ Семейде Абай ұзақ бола алмайды. Сол кезде әкімшілік жұмысынан қол үзуге айналған, тек дінмен шұғылданып, Меккеге қажылыққа баруға дайындалған Құнанбай ел басқару істерінде келешекте өзінің орнын басады деп дәмеленіп, Абайды 13 жасында оқудан шығарып, қасына алады. Жастайынан ел басқару ісіне араласқан Абай қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршылары, ертегішілері, тақпақшылары, күлдіргілері, әнші-күйшілері сияқты өнер иелерімен жиі кездесіп, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жақсы танысады.
Абайдың поэзиясы түгелімен лирикалық өлеңдерден құралады. Ол - поэма жанрына беріле бой ұрмаған ақын. Бірақ Абай қысқа өлеңдерінде табиғаттың бейнесін, адам портретін жасауға, оның ішкі-сыртқы қылық, мінездерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай тақырыпқа жазған өлеңінде болса да, қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының бейнелері айқын елестеп тұрады. Мысалы, қысты ол: «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды... Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды» деп, қазақтың қатал шалдарына ұқсатады. Сонымен қатар, қазақтың сол кездегі қыста да киіз үйде отырытын тұрмысын елестетіп, «Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанатақ ақ орда үй шайқалды» дейді. Мезгіл тақырыбына жазған өлеңдерінен табиғат көріністерінен басқа ауылдың әлеуметтік өмірі де, бай мен жарлының тұрмысындағы айырмашылық та, таптық теңсіздік те көрініс беріп отырады. «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Қан сонарда», «Желсіз түнде жарық ай», «Шоқпардай кекілі бар...» сияқты өлеңдері ірі шеберлердің қолынан шыққан ғажап суреттердей өте көркем, өте ұғымды, сонымен бірге бұл – тек қазақ даласында кездесетін көріністер.
Абайша, ақындықтың құралы – тіл, «Өткірдің жүзі, Кестенің бізі», яғни көркемөнердің басқа түрлерінің ешбір құралы тілдей өткір бола алмайды. Осындай ұғымдағы Абай көркем шығарма жазуға кірісерде: «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» дейді. Қазақ тілін көркемдіктің биігіне көтеру үшін оған араласып жүрген бөтен сөздерден өлеңді аршымақ болады.
Абайдың түсінігі бойынша, мектеп ашу, бала оқыту, ғылымды білу, халықты ағартып, оның мәдениетін көтеру – қазақ өмірін прогресшіл жолмен өзгертудің негізі болмақ. Қазақ елін экономикалық және мәдени даму жолына бағыттау үшін қоғамдық құрылысты революциялық жолмен өзгерту қажеттігін Абай тарихи себептермен түсініп жеткен жоқ еді. Ол өзінің әлеуметтік-саяси көзқарасында ағартушылықтың шеңберінде қалды. Себебі Абай дәуіріндегі қазақтың патриархты-феодалды қоғамында таптық күрес әлі шиеленісіп жетілмеген-ді. Еңбекші бұқара патриархты-рушылық әдет-ғұрыптардан қол үзіп, таптық революциялық күрес жолына түсуге әзірленіп жетпеген болатын.
Абай қазақ арасындағы берекесіздіктің, басқа кемшіліктердің түп тамыры надандықта, оқымағандықта деп түсінеді де, халқының «көңіл көзін», яғни сана-сезімін жетілдіру үшін қазақ жастарын оқуға шақырады.
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
(1893 – 1938)
Қаршадайынан зерек, Шығыс, Батыс әдебиетін еркін игерген Мағжан қазақ поэзиясына балғын шағында-ақ ерекше, аса талантты болмысымен келді. Қазақ ауыз әдебиетінің тұнығына қана отырып, жарқ етіп шыққан Абай поэзиясын өзіне мектеп етті.
Мағжан — ұлтын тереңнен сүйген ақын. «Адам - дейді ол, - шын адам боламын десе, халық ісі, халық, пайдасы жолында құрбан бола білсін». Ақынның өзі де осы ізгі мақсаттың кұрбаны болды.
«Қазақ тілі», «Мен кім?», «Мен жастарға сенемін» сияқты азаматтық лирикаға жататын қуатты жырларды мол жазды.
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ
(1902 – 1985)
Ғабит Мүсірепов - ардақты ат! Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов» деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда те-рең, мазмұны әлдеқайда бай. Демек, Мүсіреповті мақтау-дың керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек.
қадірлі жазушымыздың қырык жылға жуық қалам-герлік құлқына қарап отырсақ, қалай мақтануыңа да бола ды. «Қос шалқардан» «Соның ізіне» дейін, «Қыз Жібектен» «Амангелдіге» дейін, «Тулаған толқыннан» «Оянған өлке-ге» дейін өмірге өнер төгумен, өнерге өмір берумен келген шіркін шебер ірі мақсатсыз қыбыр етіп көрген кісі емес. Және ғұмырда асықпаған, ылғи ғана салмакпен, сабырмен нық басқан,өнер өрісінің әр белеңінде жаңа сыр ашқан, әр кезеңінде жаңа түр тапқан.
Қағаз бетіне түскен колының дір еткен тұсы болмаған, әркашан еркін, батыл, байсалды қозғалған, әр сөз орнын-да шебер кұрылысшының кірпішіндей берік каланған да отырған.
Бұл зергердің колынан шыққан бұйымдарының жұрт таныған асыл қасиеті осында жатыр.
Зейнолла Қабдолов
МҰХТАР ӘУЕЗОВ
(1897 – 1961)
Әуезовтің кұдіретті талантынан туған тамаша шығармалар даланың ақ арай таңындай жайнап, қазак халкымен қатар, көршілес халықтарды да шүлен шұғыласына бөледі. Әуезов өзінің күллі жан жалыны мен шалқар шабытын түгел жұмсап, казақ халқының тағдырын суреттеп көрсеткен болса, мұның өзі бауырлас қырғыз халқының тағдырын қоса суреттеп көрсеткені деп білу керек. Өйткені біз кешкен тағдырлар, біз еткен жолдар, біз кешкен тұрмыс-тіршілік әрқашан біртұтас: өткенде де бірдей еді, қазір де бірдей. Біздің Әуезовті суреткер және ойшыл ретінде ұлттық қабылдауымыздың негізгі сыры мен сипаты осындай.
Мен казақпын ба, кырғызбын ба? Мұны білгісі келгендерге мен Манас жөнін, Мұхтар Әуезов жайын айтып беремін: Бұл екеуі — менің қандас халықтарымның мерейі. Осы екеуіне иек артсам болғаны, жат-жұрттың арасында жалым күдірейіп шыға келеді. Кептеген қырғыз әде биетшілері мен зиялы қауымы менен дүниеге Мұхтар Әуе-зовті берген казақтың ұлттық мәдениетіне өздерінің айрық-ша махаббатын, айрықша мақтанышын және айрьқша құрметін жеткізуімді сұрайды. Меніңше, өз кезінде орыс мәдениетінің дамуына Пушкин қандай әсер етсе, осы күнгі Орта Азия халықтарының рухани өмірінің қалыптасуына Әуезов те сондай әсер етті.
Шъңгыс Айтматов
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН
(1894 – 1938)
...Сәкен - әдебиеттегі лақап аты. Шын аты - Сәдуақас. Өзінің өмірбаяны туралы бір жазғанында: «Әкем саятшы, аң аулағыш, домбырашы, ақжарқын жайдары адам, шешем әңгімешіл еді» дейді. Оның үстіне Сәкеннің өскен елінде қазақтың көптеген әнші-ақындары болған. Жас баланың алғашқы қызыға тыңдап, мол әсер алған жайлары ата-ана, ауыл аймағындағы ақын, әнші-домбырашылардың өлең айту, күй тарту өнерлері. Мұның бәрі болашақ ақынның поэзияға, ән-күйге деген кұмарлығын ерте сергітіп оятады.
Есмагамбет Ысмайылов
Лирик, кең кұлашты эпик ақын, прозаик, драматург, жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин қаламынан туған тамаша туындылар көп. Солардың бірі «Далада» деп аталатын өлеңі.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ
(1973 – 1938)
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі «Елшілдік ұран», «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы кан жылаған казақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолын-дағы кажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын...
Мұхтар Әуезов
БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ
(1924 – 1992)
Өмірде адам басында болатын жайттарды, қиын-қыстау оқиғаларды тағдыр қабырғасы катпаған қаршадай кезімнен аямай-ақ үстіме үйіп-төкті. Сегіз жасымда, бірінші сыныпта оқып жүргенде, шешем өліп, жетім қалдым. Колхоздастырудың алғашқы қиын жылдары болатын. Содан Соң басымнан кешкендерді ойлай бастасам, осы күннің өзінде жүрегім қақ айырыла жаздайды, Япыр-ау, қалай тірі қалдым, осы күнге калай жеттім?! «Өзім тура-лы повесть» осы толғаныстан туған дүние. Кейін оның аты «Менің атым Қожа» болып өзгертілді.
Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің ша-ңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын. Мінез-кұлык жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме үқсайды.
Бердібек Соқпақбаев
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ
(1893 – 1920)
Сұлтанмахмұт халық көзін ашуды, заманамен аяқты тең басуды, ақиқат үшін күрескер болуды мақсат етіп кояды.
Сұлтанмахмұттың ақындық тұлғсы әрдайым ізденумен, талап қылып, алға ұмтылумен өтті. Ол - халықтың ой-тілегін білдіруші. Сондықтан оның бойында оптимистік сипат мол, өршілдік басым. Ол өзін ғана қайрап қоймай, жастарды да «адам болып шығуға» үндеп жар салды. Ақынның патриот-тық ой-сырлары да оның лирикалық қаһарманының толғ-ныс-тебіреністерінен анық сезіледі. Ол туған еліне былайша тіл катады:
Үміт қып менен карайсың,
Көңіліңе медеу санайсың,
Балалыққа жарасам,
Аталыққа жарайсың.
Туған елге деген шынайы сезімдер, оттай ыстық тілектер бұл өлеңде соншалықты шыншыл келісім тапқан. Ел-жұртың-ды, халқыңды калтқысыз сүйе отырып, сол айнымас, абзал сезімді патриоттық іс-өрекетпен ұластыру шарт. Осы тұрғы-дан алғанда акынның лирикалық қаһарманы асқак арманғада, ершіл рухқа да мейлінше жомарт. Ол адам болуды, аза-мат болуды бәрінен де жоғары қояды.
АйқынНұрқасатов
Достарыңызбен бөлісу: |