Сібір жарасының ағымы ауыр, инфекция күшейіп жайылған жағдайда пенициллиңді 1,5—2 миллионнан, стрептомицинді тәулігіне 6—8 рет организмге ендіреді. Антибиотиктерді ауыстырғанда тетрациклин, левомицитин, цефалоспорин, макролид т, б. дәрілерді қолданған жөн.
Негізгі емі – хирургиялық әдіс.
Консервативті емдеу әдісін тек серозды инфильтратты кезеңде және ағымы жеңіл болғанда ғана жүргізеді. Антибиотиктерді парентеральді салу, инфильтраттың айналасына новокаинге сұйытылған антибиотиктерді енгізу, физиотерапия тағайындалады. 2-3 күннің ішінде жүргізілген ем тиімсіз болса, операция орындалады. Карбункулды крест тәрізді тілік жасап, шандырға дейін ашады да, некроздалған тіндерді кесіп алады.