ДутттиТ-23-1к тобының студенті Чумыкей Самат Жиенбекұлы



бет1/2
Дата08.12.2023
өлшемі38,03 Kb.
#195912
  1   2
Байланысты:
1 тапсырма АиАХ


ДУТТТиТ-23-1к тобының студенті Чумыкей Самат Жиенбекұлы


1-тапсырма. Тақырып. Автомобиль классификациясы, жалпы құрылысы, негізгі тораптары.
1. Автомобильдерді классификациялау.
2. Автомобильдің жалпы құрылысы.
3. Кузов.
4. Двигатель.
5. Трансмиссия.


1. Автомобильдерді классификациялау. Автомобильдер өздерінің пайдаланылу мақсаттарына сәйкес транспорттық және арнаулы болып екіге белінеді. Транспорттық автомобильдер жүк және жолаушылар тасуға арналған. Қолданылуына қарай автомобильдің бұл тобына жүк таситын және жолаушы таситындары жатады.
Жүк автомобильдері жүк көтергіштігі мен кузовының түріне қарай бір-бірінен өзгеше болады. Жолаушы автомобильдері конструкциясы мен кузовының сыйымдылығына қарай автобус және жеңіл автомобиль болып екі топқа бөлінеді.
Автобустар жақын қашықтыққа жолаушылар таситын қалалық; жолаушыларды алыс қашыктыққа тасу үшін жабдықталған қала аралық және туристік деп аталатын үш үлгімен шығарылады. Автобустар кузовының сыйымдылығына қарай сыйымдылығы кіші, орташа және үлкен деп үш түрге бөлінеді.
Арнаулы автомобильдер белгілі бір жұмысты орындай алатын тетіктермен және механизмдермен жабдықталады. Бұған санитарлык, өрт сөндіретін, суаратын, қоқыс жинайтын автомобильдер, автомұнаралар мен автошеберханалар және т. б. жатады.
2. Автомобильдің жалпы құрылысы. Автомобиль негізгі үш бөліктен — кузовтан, мотордан және шассиден тұрады.
Кузов. Автомобильдің қолданылуына карай оның кузовының құрылысы да әр түрлі болады. Жүк автомобилінің кузовына оның платформасы мен жүргізушінің кабинасы кіреді. Жеңіл автомобильдер мен автобустардың кузовы жолаушылардың жайлы отыруына ыңғайластырылып жасалады. Сондай-ақ кузовқа оның қанаттары, қаптауы, капот және тосқауыл (брызговик) жатады.
Мотор цилиндрде отынның жануынан пайда болатын жылу энергиясын айналысқа, яғни механикалық жұмысқа айналдырады.
Автомобильдің шассиі трансмиссиядан, жүріс бөлігінен және басқарушы механизмдерден тұрады. Шасси мотордан жетекші дөңгелектерге және автомобильдің қозғалуы мен оны басқаруға айналдыру моментін беруге арналған.
3. Кузов. Автомобильдің қолданылуына карай оның кузовының құрылысы да әр түрлі болады. Жүк автомобилінің кузовына оның платформасы мен жүргізушінің кабинасы кіреді. Жеңіл автомобильдер мен автобустардың кузовы жолаушылардың жайлы отыруына ыңғайластырылып жасалады. Сондай-ақ кузовқа оның қанаттары, қаптауы, капот және тосқауыл (брызговик) жатады.
4. Двигатель. Двигатель деп энергияның кез – келген бір түрін тек механикалық энергияға айналдырып беретін қондырғыны айтады. Олай болса двигательдер қолданылатын энергия түріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олардың негізгілері жылу, электр, жел, су және т.с. түрлері.
Автомобильдерде пайдаланылатын двигательдердің негізгісі – ол жылу двигательдері. Олар да өздерінің жұмыс істеу принциптеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мұндай жылу двигательдері көбінесе от жағатын бөлігінің орналасуына байланысты екі түрге, яғни сырттан немесе іштен жанатын двигательдер болып бөлінеді.
Автомобильдерде іштен жанатын двигательдер қолданылады. Мұндай двигательдерде отын двигатель ішінде жанып, жанған газдың температура есебінен қысымы көбейеді де двигательдің қозғалатын бөлшегін итеріп жұмыс атқарады. Осындай двигательдер көбінесе поршеньді етіп жасалады. Газ қысымы арқылы қозғалатын поршеньді итеріп, оның қозғалысы басқа механизмдер арқылы сырттағы қажетті жеріне механикалық эергия түрінде беріледі. Осыдан басқа іштей жанатын двигательдердің роторлы түрі де болады. Яғни мұнда газ қысымы арнаулы роторға орналасқан қалақшаға беріледі де, оны айналмалы қозғалысқа келтіреді. Бірақ роторлы дигательдер әлі де жетілдіруді қажет ететіндіктен, қазіргі таңдағы автоморбильдерде онша қолдау таба алған жоқ.
Сонымен, көптеген түрлі двигательдер ішіндегі, автомобильдерде көп қолдау тапқан іштен жанатын поршеньді двигательдер болып табылады. Олай болса осы оқулықта сондай двигательдердің құрылыстарыьмен жұмыс принциптері келтіріледі.
Егер сору процесі кезінде сырттан тек ауа ғана сорылып кіріп, қысу процесінің соңында оған жанар май шашып араластырып, қызған газдың температурасы арқылы тұтандыратын болсақ, онда ондай двигательдерді дизельді двигательдер деп атайды. Ал егер жану қоспасын цилиндр сыртында орналасқан, арнаулы аспапта дайындап, сору кезінде цилиндр сыртында орналасқан, арнаулы аспапта дайындап, сору кезінде цилиндр ішіне сол дайындалған жану қоспасы толтырылып, оны арнаулы электр ұшқынымен тұтандыратын болсақ, онда оондай двигательдерді карбюраторлы двигательдер деп атайды. Автомобильдерде осы дизельді және карбюраторлы двигательдердің екі түрі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет