ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Э.А.Абдыкеримова
ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Ақтау - 2012
УДК 004(075-8)
ББК 32.81 я73
А 14
Пікір жазғандар:
п.ғ.д., профессор Ғ.И.Имашев
т.ғ.д., профессор С.М.Ахметов
п.ғ.к., доцент Р.С.Шуақбаева
А 14
Абдыкеримова Э.А.
Информатиканың теориялық негіздері пәнінен дәрістер жинағы: Оқу
қҧралы/Э.А. Абдыкеримова – Ақтау, 2012. – 161 бет.
ISBN 978-601-7349-81-3
Оқу қҧралында «Информатиканың теориялық негіздері» пәні бойынша дәрістер курсы ҧсынылған. Дәрістер курсы 5В011100 - «Информатика» мамандығына арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандартының негізінде қҧрастырылды. Дәрістер курсы 5В011100 -
«Информатика» мамандығының кҥндізгі және сыртқы оқу бӛлімінің студенттері ҥшін арналған.
УДК 004(075-8)
ББК 32.81 я73
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен баспаға ҧсынылған.
ISBN 978-601-7349-81-3 © Ш.Есенов атындағы КМТжИУ, 2012
Алғы сӛз
Теориялық информатика – математикалық ғылым. Ол математиканың бірнеше бӛлімдеріне негізделген: автоматтар мен алгоритмдер теориясы, математикалық логика, формалды тілдердің және грамматикалардың теориясы, ақпарат теориясы және т.б. Теориялық информатика ақпаратты сақтау және ӛндеу кезінде пайда болатын негізгі сҧрақтарға дәл талдау әдістері арқылы жауап беруге тырысады, мысалы, кейбір ақпараттық жҥйеде жинақталған ақпарат саны неге тең, сақтау немесе іздеу ҥшін ақпаратты тиімді ҧйыдастыру, сонымен қатар ақпаратты тҥрлендіру алгоритмдердің бар болу және қасиеттер туралы. Ай сайын деректерді сақтауға арналған ең ҥлкен кӛлемі бар жаңа қҧрылғылар пайда болуда, бҧл ақпарат теориясы мен кодтау теориясының дамуымен тҥсіндіріледі. Қолданбалы есептерді шешу ҥшін жақсы программалар бар, бірақ сауатты тҥрде қолданбалы есепті қою ҥшін, оны компьютерге тҥсінікті тҥрге келтіру ҥшін ақпараттық және математикалық модельдеу негіздерін және т.б. білу керек. Информатиканың тек осы бӛлімдерін меңгере отырып, ӛзіңізді осы ғылымның маманы деп есептей аласыз.
Информатиканың теориялық негіздері курсы информатиканың фундаментальды ҧғымдары: ақпараттар теориясының негізі, сандық автоматтар теориясы, алгоритмдер теориясы, алгоритмдер тиімділігінің анализі, ақпараттық модельдеу және информатиканың семантикалық негізі туралы тҥсінікті қалыптастыру және машықтандыру; логикалық айнымалылар және арифметикалық амалдардың моделі және ЭЕМ-нің элементтік базасын ықшамдау; салыстыру операцияларын және арифметикалық операцияларды танып-білу; берілген алфавиттер мен сандарды кодтау, алгоритмді іздеу және таңдау, алгоритмдердің тиімділігі мен кҥрделілігіне анализ жасау, сҧрыптауды тҥсіндіру; кӛпіршік сҧрыптауды тҥсіндіріп, анализ жасау және пирамидалық сҧрыптаудың тиімділігі мен кҥрделілігіне анализ жасау мәселелерін қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |