18
Ақпараттың
абсолютті
сипаттамасы – ақпарат сияқты қасиетке ие
болатын материалдық объектілердің жоқ екендігінен кӛрінеді. Бҧл ашық
объектілерге (ӛзара әрекеттесуші жҥйелер) қатысты да, сондай-ақ жабық
объектілерге қатысты орындалады.
Ақпарат материя мен энергия сияқты фундаментальды категориялармен
қатар тҧрып, кең ҧғымға айналды және одан да терең және кең айқындала
тҥсуде. Зерттеу саласына байланысты ақпараттың кӛптеген анықтамасы бар:
- сыртқы дҥниеге бейімдеу процесінде алынған мазмҧнды белгілеу
(Н.Винер);
- энтропияны жоққа шығару (Бриллюэн);
- коммуникация және байланыс процесінде анықталмағандық жойылады
(К. Шеннон);
- әр тҥрлі хабарлар беру (Эшби);
- қҧрылымның кҥрделілігінің ӛлшемі (Моль);
- таңдау ықтималдығы (Яглом).
Осы анықтамалардың әрбіреуі кеңістіктегі және уақыт бойынша материя
мен энергияның таралуының біртекті емес ӛлшемі ретінде және әлемдегі
барлық процестердің ӛзгеру ӛлшемі ретіндегі ақпарат ҧғымының белгілі бір
жақтарын ашады.
Ақпарат ғылыми зерттеу объект ретінде
техникалық
,
семантикалық
және
прагматикалық
аспектілерге бӛлінеді.
Техникалық аспектіде дәлдік, сенімділік, хабарларды беру жылдамдығы,
сигналдарды беру каналдарының техникалық қҧралдары мен әдістерін қҧру,
оларды бӛгеуілдерден қорғау мәселелері қарастырылады.
Семантикалық аспектіде зерттеулер кодталған сигналдар кӛмегімен
берілген хабардың мағынасын дәл беру мәселелерін шешуге бағытталған.
Ақпараттарды зерттеудің прагматикалық аспекті – алынған хабар
қолданушы ҥшін оның кейінгі іс-әрекетіне ықпалдылығы тҧрғысынан
қаншалықты бағалы екендігінде.
Ақпарат философиялық категория ретінде болмыстың жалпы формаларын,
олардың байланысын және ӛзара шарттылығын ғана емес, сондай-ақ табиғатта,
қоғамда, танымда тӛменнен жоғарыға қарай даму факторы болып табылады.
Осыған байланысты ақпараттың ҥш формасы бар:
биологиялық
ақпарат тҥрі
организмдер және олардың арасындағы,
машиналық
ақпарат машиналар
арасындағы және олардың ішіндегі және
әлеуметтік
ақпарат адам
қоғамындағы формалар.
Достарыңызбен бөлісу: