Э. А. Абдыкеримова



Pdf көрінісі
бет2/134
Дата31.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#116510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
Байланысты:
Э.А.Абдыкеримова.ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Алғы сӛз 
 
Теориялық  информатика  –  математикалық  ғылым.  Ол  математиканың 
бірнеше  бӛлімдеріне  негізделген:  автоматтар  мен  алгоритмдер  теориясы, 
математикалық логика, формалды тілдердің және грамматикалардың теориясы, 
ақпарат  теориясы  және  т.б.  Теориялық  информатика  ақпаратты  сақтау  және 
ӛндеу  кезінде  пайда  болатын  негізгі  сҧрақтарға  дәл  талдау  әдістері  арқылы 
жауап  беруге  тырысады,  мысалы,  кейбір  ақпараттық  жҥйеде  жинақталған 
ақпарат саны неге тең, сақтау немесе іздеу ҥшін ақпаратты тиімді ҧйыдастыру, 
сонымен қатар ақпаратты  тҥрлендіру алгоритмдердің бар болу және қасиеттер 
туралы.  Ай  сайын  деректерді  сақтауға  арналған  ең  ҥлкен  кӛлемі  бар  жаңа 
қҧрылғылар  пайда  болуда,  бҧл  ақпарат  теориясы  мен  кодтау  теориясының 
дамуымен  тҥсіндіріледі.  Қолданбалы  есептерді  шешу  ҥшін  жақсы 
программалар  бар,  бірақ  сауатты  тҥрде  қолданбалы  есепті  қою  ҥшін,  оны 
компьютерге  тҥсінікті  тҥрге  келтіру  ҥшін  ақпараттық  және  математикалық 
модельдеу негіздерін және т.б. білу керек. Информатиканың тек осы бӛлімдерін 
меңгере отырып, ӛзіңізді осы ғылымның маманы деп есептей аласыз.   
Информатиканың 
теориялық 
негіздері 
курсы 
информатиканың 
фундаментальды ҧғымдары: ақпараттар теориясының негізі, сандық автоматтар 
теориясы,  алгоритмдер  теориясы,  алгоритмдер  тиімділігінің  анализі, 
ақпараттық  модельдеу  және  информатиканың  семантикалық  негізі  туралы 
тҥсінікті  қалыптастыру  және  машықтандыру;  логикалық  айнымалылар  және 
арифметикалық  амалдардың  моделі  және  ЭЕМ-нің  элементтік  базасын 
ықшамдау;  салыстыру  операцияларын  және  арифметикалық  операцияларды 
танып-білу;  берілген  алфавиттер  мен  сандарды  кодтау,  алгоритмді  іздеу  және 
таңдау, алгоритмдердің тиімділігі мен кҥрделілігіне анализ жасау, сҧрыптауды 
тҥсіндіру;  кӛпіршік  сҧрыптауды  тҥсіндіріп,  анализ  жасау  және  пирамидалық 
сҧрыптаудың тиімділігі мен кҥрделілігіне анализ жасау мәселелерін қамтиды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет