Э. А. Абдыкеримова


 Есептеу техникасының даму тарихы



Pdf көрінісі
бет4/134
Дата31.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#116510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
Байланысты:
Э.А.Абдыкеримова.ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 
1.2 Есептеу техникасының даму тарихы 
 
Барлығы машинаны санап ҥйрету немесе кӛп қатарлы бҥтін сандарды қосу 
идеясынан бастады. 
1500 жылы, Леонардо да Винчи  – он ҥш разрядты есептеу қҧрылғысының 
жобасын жасады. 
1623  жылы,  Уильям  Шикард    алғашқы  «есептеуіш  машина»  жасап 
шығарды,  ол  7-таңбалы  сандармен  қарапайым  арифметикалық  амалдар  (қосу, 
азайту) орындай алатын кӛлемді аппарат  болатын. 
1644  жылы,  Блез  Паскаль  5-таңбалы  сандармен  арифметикалық  амалдар 
орындай алатын алғашқы есептеуіш машина жасап шығарды. 
1667  жылы,  Сэмюэль  Морландтың  жасаған  есептеуіші  қаржылық 
операцияларды атқаруға арналған болатын. 
1674  жылы,  Вильгельм  Годфрид  фон  Лейбниц  -  механикалық  есептеу  
машинасын жасап шығарды, ол тек қана қосу және азайту амалдарымен қатар 
кӛбейту амалын да орындай алатын еді. 
1770  жылы,  Евно  Якобсонның  механикалық  есептеу  машинасы  Ресейде 
жасалып шықты. 
1774  жылы,  Филипп-Малтус  Хан  кӛпшілікке  арналған  алғашқы  «есептеу  
машинасын» - механикалық  калькуляторды  жасап шығарды. 
1820  жылы,  Томас  де  Кольмард  «арифмометрі»  -  алғашқы  калькулятор 
жасады.  Бҧл  90  жыл  кӛлемінде  (аздаған  ӛзгертулер  арқылы)  пайдаланылған, 
кӛптеп  шығарылып  кеңінен  сатылуға  тҥскен  бірінші  механикалық  есептеу  
қҧрылғысы болды. 
1822  жылы,  атақты  ағылшын  математигі  және  инженері  Чарльз  Беббидж 
қҧрған  және  30  жылдай  қҧрастырылып,  жетілдірілген  машина  алғашқыда 
«айырымдық»,  ал  одан  кейін  жобаны  кӛптеп  жетілдіргеннен  кейін 
«аналитикалық»  деп  аталды.  «Аналитикалық»  машинаға  есептеу  техникасы 
ҥшін негіз болған принциптер қойылды: 
1. Амалдарды автоматты орындау. 
Ҥлкен  кӛлемді  есептеулерді  орындау  ҥшін  тек  жеке  арифметикалық 
амалдардың  тез  орындалуы  ғана  емес,  сонымен  қатар  амалдар  арасында 


 

адамның  араласуын  қажет  ететін  «бос  орындар»  болмауы  керек.  Мысалы, 
қазіргі  калькулятордың  кӛпшілігі  амалдарды  тез  орындағанымен  бҧл 
шарттарды  қанағаттандыра  алмайды.  Амалдар  бірінен  кейін  бірі  тоқтамай 
орындалуы керек. 
2. «Жҥре отырып» енгізілген программамен жҧмыс. 
Амалдарды  автоматты  орындау  ҥшін  программа  орындайтын  қҧрылғыға 
амалдарды  орындау  жылдамдығындай  жылдамдықпен  енгізілуі  керек.  Бэббидж 
программаны  алдын-ала  жазып  және  оны  машинаға  енгізу  ҥшін  перфокартаны 
қолдануды  ҧсынды.  Ол  кезде  перфокарта  тоқыма  станоктарын  басқару  ҥшін 
қолданылатын болған. 
3.  Деректерді  сақтау  ҥшін  арнайы  қҧрылғы  –  жадының  қажеттілігі  (Бэббидж 
оны «қойма» деп атады). 
1829  жылы,  Уильям  Берт  механикалық  баспа  қҧрылғысына  –  қазіргі 
принтерлердің  алғашқы нҧсқасына (прототипіне) патент алды. 
1834  жылы,  Чарльз  Бэббидждің  атақты  «аналитикалық  машинасы»  - 
перфокарталарға 
жазылған 
программаларды 
орындайтын, 
алғашқы 
программаланатын қарапайым компьютер жобасы жасалды. 
1871 жылы, Бэббидж компьютердің аналитикалық  қҧрылғысы  прототипін   
және баспа қҧрылғысы – принтерді жасап шығарды. 
1886 жылы, Дорр Фелт мәліметтерді  пернелер  арқылы  енгізуге арналған 
алғашқы қҧрылғыны жасап шығарды. 
1890 жылы,  АҚШ-та  халықты санау  ісі  жҥргізіліп, онда Герман Холлерит 
жасап шығарған «есептеу машинасы» тҧңғыш рет қолданылды. 
1896 жылы, есептеу машинасын шығаратын алғашқы фирмалардың бірі  – 
Forms Tabulatіng Company компаниясы қҧрылды. 
1899 жылы, металл сымдарға, кейіннен магниттік таспаларға мәлімет жаза 
алатын магниттік тәсілмен  ақпарат сақтау принципі ашылды. 
1919 жылы, Эдвард Хеберн «Энигма» атты мәліметті шифрлайтын машина 
ойлап шығарды. Кейіннен ол неміс әскери басшылығымен екінші дҥниежҥзілік 
соғыста пайдаланылды. 
1935  жылы,  Іnternatіonal    Busіness  Machіnes  (ІBM)  корпорациясы 
кӛпшілікке арналған ІВМ-601 есептеуіштерін  шығара бастады. 
Конрад Цузе Берлинде алғашқы компьютерлердің бірі болып саналатын Z1 
машинасын жасап шығарды. 
1936  жылы,  Айов  университетінің  қызметкері  Джон  Атанасо 
компьютердің  техникалық  моделін  жасады.  Ол  К.Берримен  бірлесе  отырып 
теңдеулерді  шешуге  арналған  АВС  деп  аталатын  алғашқы  компьютерді  ойлап 
тапты, бірақ бҧл жоба аяқталмай қалды. 
1937  жылы,  математик  Алан  Тюринг  кейіннен  «Тюринг  машинасы»  деп 
аталып кеткен компьютердің алғашқы «математикалық моделін» жасады.  
1941  жылы,  Германияда  Конрад  Цузе  Z3  машинасын  –  пайдаланылған  
кино  таспасынан  жасалған  перфолентадан  мәлімет  енгізетін  алғашқы 
компьютер    жасап  шығарды.  Компьютерде  2000-нан  аса  механикалық  реле 
пайдаланылды.  


 

1943 жылы, немістің «Энигма» атты  машинасының шифрланған мәліметін  
шешетін    алғашқы  электрондық    компьютерді  Colossus  (Ҧлыбритания)  жасап 
шығарды.  М.А.Ньюмен  мен  Т.Х.Флауерс  ойлап  шығарған  бҧл  «Колосс» 
машинасы 1500-ден аса электрондық  шамдардан тҧратын еді. 
1944 жылы, Говард Эйкен қазіргі компьютерлердің атасы болып саналатын  
«ASCC Mark І»  машинасын шығарды. «Марктың» салмағы 7 тоннадан асып, ол 
750000 бӛліктен тҧрды. Бҧл машина артиллерия кестелерін есептеуге арналған 
әскери мақсатта қолданылды, ол программаларды перфолентадан оқи отырып, 
24-разрядты  сандарды  ӛңдей  алатын  еді.  Ол  машина  арқасында  неміс 
армиясының  радиохабарларында  мәлімет  беруге  пайдаланылған  жасырын 
кодтардың шешуі табылды. 
1945 жылы, Джон фон Ньюманн  әлемде бірінші болып сырттан енгізілетін 
программаны  пайдаланатын  компьютер  қҧрылғыларының  теориялық  моделін 
жасады.  
1945  жылы,  Джон  Мочли  мен  Преспер  Эккрет  электрондық  шамдардан 
тҧратын  сол    замандағы  ең  ҥлкен  әрі  қуатты  ENІAC  компьютерін  жасап 
шығарды. Компьютердің салмағы 70 тоннадан асып, ол 18 мыңдай электрондық 
шамдардан  тҧратын.  Компьютердің  жҧмыс  істеу  жиілігі  100  КГц-тен 
(секундына бірнеше жҥз операция) аспайтын. 
1949  жылы,  Морис  Уилкис  есептеу  программасын  ӛз  жадында  сақтай 
алатын  алғашқы  электрондық  цифрлық  компьютер  –  EDSAC    машинасын 
жасап  шығарды.  Осы  EDSAC  ақпарат  шығару  ҥшін  катод  тҥтікше  негізінде 
(монитор  прототипі)  жасалған  дисплейді  пайдаланатын  әлемдегі    тҧңғыш 
компьютер болды. 
1950  жылы,  Йосуито  Накамато  иілгіш  магниттік  дискілерге  мәлімет  жазу 
технологиясын    ойлап  тапты.  Осы  жылы,  алғашқы  Кеңес  ӛкіметінің  МЭСМ 
(Малая  Электронная  Счетная    Машина)  атты  компьютерін  Украина  Кеңестік 
Социалистік    Республикасының  Ғылым    академиясындағы    Электротехника  
институтында  С.А.Лебедев  жасап  шығарды.  
1953 жылы, кӛпшілікке  арналған  ІВМ 650 компьютері  жасалды. 
1955  жылдан  Массачусет  технологиялық  институтында  транзисторлардан 
тҧратын  алғашқы тәжірибелік компьютер ТХ-0 жасалды. 
1954  жылы,  Техаs  Іnstruments  компаниясы    кремний    транзисторларын  
ӛндірісте  шығара  бастады. 
1955 жылы, алғашқы  транзисторлық  компьютер TRІDAC іске  қосылды. 
1956 жылы, ІВМ  корпорациясы  алғашқы  кӛлемді  ақпарат  жинақтауыш  
қҧралды – винчестер прототипі болып  табылатын КАМАС 305 қатты  дискісін 
жасады. Бҧл монстр бір қорапта орналасқан әрқайсысының  диаметрі бір метр 
шамасында  болатын  50  магниттік  дискіні  біріктірді,  олардың  жалпы  кӛлемі  5 
Мбайт шамасында болды.  
1957 жылы, алғашқы  арнайы  бизнес–компьютер  NCR 304 жасалды.  
1958  жылы,  Джек  Килби  мен  Роберт  Нойс  бір-бірінен  тәуелсіз  тҥрде 
логикалық  элементтер  тізбегін  кремний  кристалы  бетіне  орналастыруға 
мҥмкіндік  беретін    технологияны    ойлап    табады.  Осы    технология    арқылы  
қазіргі  микропроцессор прототипі – интегралдық  микросхема  пайда  болды.  


 

1959  жылы,  С.Лебедевтің    басшылығымен  Ҥлкен  Электрондық  Есептеу 
Машинасы  (БЭСМ)  жасалып  шықты.  Есептеу  жылдамдығы  секундына  10000 
операция  болды. 
1960  жылы,  ІВМ  фирмасы  ІBM  7030  қуатты  есептеу  жҥйесін  жасап  
шығарды. 
1961  жылы,  Манчестер  университетінің  қызметкерлері  Т.Килбурн 
басшылығымен  тҧңғыш  рет  виртуальды  жады  концепциясын  жҥзеге    асырып, 
«Atlas» есептеу машинасын  жасап  шығарды. 
1962  жылы,  Teletype  компаниясы  бірінші  рет  пернетақта  мен  монитор 
қҧрылғысын  жасап  шығарды.  
1964  жылы,  ІВМ  фирмасы  әлемде  тҧңғыш  рет  ІВМ  2250  компьютеріне 
арналған    монитор  шығарды.  Оның    ақ-қара    тҥсті  (монохромды)  дисплейінің  
мӛлшері  12*12  дюйм  болды,  экраны  1024*1024  нҥктелерден    қҧралып, 
экрандағы  кӛрініс 40Гц жиілікпен  жаңартылып  тҧрды. 
1964  жылы,  Сеймур    Крэй    алғашқы    рет  CDC  6600  суперкомпьютерін  
шығарды.  
1965  жылы,  Dіgіtal  Equіpment  компаниясы  алғашқы  PDP-8  мини 
компьютерін  шығарды.  
1967  жылы,  ІВМ    фирмасы    флоппи-дискінің  алғашқы    прототипін  
кӛрсетті. Осы жылы, «Бір  кристалдағы  компьютер» концепциясы жасалды.  
1968  жылы,  Уэйн  Пикетт  «винчестер»  концепциясын    жасап,  қатты 
магниттік    дискідегі  прототипті  мәлімет  жинақтауыш  қҧрылғы  жасауға 
болатынын  кӛрсетті. 
1979  жылы,  Zіlog    фирмасы  ӛзінің  16-разрядты  микропроцессорын 
шығарды.  Оған  жалғаса  Іntel    фирмасы    ӛзінің  жаңа    Іntel  8088  процессорын  
шығара  бастады.  Компьютерде  алғашқы  бейнелік  ойындар    кӛрсетіліп,  енді 
соларды кӛрсетуге арналған қосымша қҧрылғылар шығарыла бастады.  
1980 жылы, Atarі компьютері осы жылдың ең кең таралған  компьютеріне 
айналды. 
Seagate  Technologіes  фирмасы  дербес  компьютерлерге  арналған  диаметрі 
5,25  дюйм,  сыйымдылығы  5  Мбайт,  «Винчестер»  деп  аталған    қатты  дискіні 
алғаш шығарды.  
1981 жылы, ІBM  РС (ІBM 5150) компьютері шығарылды, ол жҧмыс  істеу 
жиілігі  4,77  МГц,  жедел    жады  кӛлемі  64  Кбайт,  тҧрақты  жады  кӛлемі  16-64  
Кбайт  болатын  Іntel  8088  процессоры  негізінде  жасалып  шыққан  болатын. 
Компьютер  дисплеймен  және  сыйымдылығы  160  Кбайт  флоппи-дискі 
жетегімен жабдықталған болатын.  
Іntel  фирмасы  тҧңғыш  рет  жылжымалы  нҥктелі  сандармен  кҥрделі  есеп-
қисап  жҧмыстарын  жҥргізуге  арналған  арнайы  процессор  –  алғашқы  
сопроцессорды әлемге  жария етті. 
1981  жылы,  Apple  фирмасы  Apple  ІІІ    компьютерін    шығарды.  Osborn 
компаниясы ӛзінің  алғашқы портативті  компьютерін шығарды. 
Кӛпшілікке  арналған  Seagate  қатты  дискісі    шығарылды,  оның 
сыйымдылығы 5 Мбайт.  


 
10 
1982  жылы,  Commodore    фирмасы  ӛзінің  64  Кбайт  RAM  жадымен,  20 
Кбайт  тҧрақты  жадымен  жабдықталған  атақты  Commodore  64  компьютерін 
шығарды.  Осы  компьютермен  ҥзеңгілес  Sіnclaіr  фирмасының  Sіnclaіr  ZX 
компьютері де осы  жылдың кең таралған тҧрмыстық компьютерлері  қатарына 
жатқызылды.  
1982  жылы  барлығы  20-дан  аса  фирмалар  ӛз  компьютерлерін  сатуға  
шығарды, олардың ішінде – Toshіba, Sharp, Matsushіta, Sanyo, т.с.с. бар. Сатуға 
ІBM PC компьютерлерінің алғашқылары да шыға бастады. ІBM корпорациясы 
ӛзінің  130000  транзистордан    тҧратын  алғашқы  16-разрядты    80286 
процессорын шығарды. Жҧмыс жиілігі  – 6-12 Мгц. Жылдамдығы – секундына 
1,5 млн операция шамасында. 
1983 жылы, Commodore  фирмасы  тҥрлі тҥсті  экранды  (5 тҥсті) алғашқы 
портативті компьютер шығарды. Компьютер салмағы - 10 кг.  
1983  жылы,  ІBM    корпорациясы  8088  процессорлы  (алғашқы  моделінің 
жҧмыс  істеу  жиілігі  -  4,77Мгц),  10-20  Мбайт  қатты  дискісі,  360  Кбайтты 
дискеті  және  128-256  Кбайт    жедел  жады  бар  PC  XT  компьютерін  жасап 
шығарды. Компьютерге Mіcrosoft фирмасы жасаған  MS-DOS 2.0 операциялық 
жҥйесінің  жаңа нҧсқасы  орнатылды.  
1984 жылы, ІВМ корпарациясы  жҧмыс жиілігі 6-8 МГц 80286 процессоры  
негізінде    256  Кбайт    жедел    жады,  1,2  Мбайт    иілгіш    дискетке  арналған  екі 
дискжетектері  бар,  20-30  Мбайт  қатты    дискімен  жабдықталған  компьютер 
жасап шығарды  
1988  жылы,  Compaq    фирмасы    бҧдан  кейінгі  барлық  DOS  жҥйелеріне 
стандарт   тҥрінде кірген  - 640 Кбайт  жедел  жады  бар  алғашқы   компьютер  
шығарды. 
1988  жылы,  Іntel  фирмасы  386  процессорының  80386SX  класындағы 
«қысқартылған»  нҧсқасын  (сопроцессор  қосылмаған)  шығарды.  Оның  жҧмыс 
жиілігі - 16-33 МГц, жылдамдығы секундына 2-3 млн операция  болды.   
1989  жылы,  Іntel  фирмасы  жиілігі  20  МГц  және  есептеу  жылдамдығы 
секундына  20  млн  операция  болатын  486DX  процессорлар  тобының  (1,25 
миллион  транзисторлары    бар,  кейінгі    моделдерінде  -  1,6  млн)  алғашқысын  
шығарды.  
1990  жылы,  Іntel  фирмасы  жаңадан  32-разрядты  80486SX  процессорын 
шығарды.  Жылдамдығы  -  секундына  27  млн  операция.  MSDOS  4.01  және   
Wіndows 3.0 жҥйелері  шықты. 
1990  жылы,  ІВМ  корпорациясы  экраны  тҥрлі-тҥсті  екпінді  кристалды 
матрица  (ACLCD)  негізінде  жасалған  алғашқы  ноутбук  –  Thіnkpad  700С 
шығарды. 
1991  жылы,  AMD  фирмасы    тактілік    жиілігі  40  МГц  болатын  
жетілдірілген      Іntel  -  386DX  процессорының    жаңа    тҥрін,  ал  Іntel  фирмасы  – 
жиілігі  20  МГц  болатын    486  SX  процессорын    (900 000  транзистор  
шамасында) ҧсынды. 
1992  жылы,  Іntel  фирмасы  жҥйелік  шинасы  жиілігі  «екі  еселенген»  (1,25 
млн  транзистор)  486DX2/40  процессорын  шығарды.  Жылдамдығы  секундына 
41 млн операция. 


 
11 
1993  жылы,  Іntel  компаниясы  шиналардың  жаңа  стандартын  шығарып, 
қосымша карталарды қосуға арналған PCІ слотын орната бастады. Осы  жылы 
процессорлардың жаңа буыны болып саналатын  32-разрядты Pentіum (3,1 млн 
транзисторы  бар)  компьютерлеріне  арналған  алғашқы  Іntel  процессоры 
жасалды.  Оның  жҧмыс  жиілігі  -  6  МГц,  жылдамдығы  секундына    110  млн 
операциядан жоғары 
1994  жылы,  Іntel  фирмасы  486DX4-75  (1,6  млн  транзисторы  бар) 
процессорын    шығарды.  AMD  фирмасы  486  процессорлардың  соңғы  нҧсқасы 
ретінде    AMD486DX  -  120  жылдамдығы,  секундына  90  млн  операция 
процессорларын    кӛпшілікке  ҧсынды.  Іntel  қуатты  жҧмыс  станцияларына 
арналған  Pentіum  Pro  процессорын  шығарды.  Оның  кэш-жады    кӛлемі    256 
Кбайт  шамасында,  жҧмыс  жиілігі  –  150  МГц-тан  жоғары,  қҧрамында  5,5  млн 
транзисторлары  болды.  
1996  жылы,  Іntel  фирмасы  мультимедиялық  қҧрылғылармен  жҧмыс 
істейтін,  жаңа  мҥмкіндіктерді  сҥйемелдейтін  Pentіum  MMX  процессорын  
(жиілігі  -  166  МГц-тен  жоғары,  4,4  млн  транзисторы  бар)  ҧсынды.  «Ҥлкен» 
тҧрмыстық    компьютерлерге  арналған  сҧйық  кристалды  мониторлар  ӛндірісі 
іске қосылды.  
1997 жылы, Іntel фирмасының жаңа процессоры - Іntel Pentіum ІІ (7,5 млн 
транзисторы бар) шықты. Жиілігі – 233 МГц-тен жоғары, есептеу жылдамдығы 
- секундына 250 млн операция. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет