Э. А. Абдыкеримова



Pdf көрінісі
бет82/134
Дата31.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#116510
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   134
Байланысты:
Э.А.Абдыкеримова.ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Есептің  қойылымы.
  Математикалық  моделін  тҧрғызу.  Алгоритмін  қҧру. 
Есепті компьютерде шешу. Проектіні тексеру. 
ЭЕМ-ң кӛмегімен есептерді шешуге дайындау процесінде бірнеше кезеңді 
ерекшелеуге болады: 
1.  Математикалық  модель  қҧруды  қамтитын  есептің  қойылуы  (есептің 
математикалық қойылуы). 
2. Есепті шешудің алгоритмін жазу. 
3. Прорамманы қҧрастыру. 
4. Программаны жӛндеу. 
5. ЭЕМ-де есепті шешу және нәтижелерді талдау. 
Алғашқы деректердің, есеп шарттарының және оны шешу мақсаттарының 
дәл сипатталуы есептің математикалық қойылуы деп аталады. 
Есеп  қойылғанда  алғашқы  және  қажетті  деректерді  анықтап,  атап  ӛту 
керек, қандай нәтижелер және қандай жағдайда алу қажет екенін айқын тҥсіну 
керек.  Зерттеу  объектісі  математикалық  терминдерде  сипатталады,  алғашқы 
деректер  мен  қажетті  нәтижелер  арасындағы  байланыс  белгіленеді  (кӛбіне 
формулалардың  кӛмегімен),  бҧл  нақты  объектіні  зерттеу  математикалық 
зерттеуде тҥйістіреді. 
Егер есеп математикалық болса, формулалары, шешу әдісі, математикалық 
қойылуы  айқын  болса,  бҧл  кезеңнің  орындалуы  қажет  болмауы  да  мҥмкін.  Іс 
жҥзінде  ЭЕМ  айтарлықтай  кҥрделі  есептерді  шешу  ҥшін  жиі  қолданылады, 
сондықтан  есептердің  қойылу  кезеңі  едәуір  кҥш  салуды,  уақытты  талап  етуі 
мҥмкін.  Мҧндай  есептердің  мысалы  оқу  кестесін  қҧрастыру,  ӛнеркәсіп 
ӛндірісінің  дамуы  нәтижесінде  ауа  райы  ӛзгеруін  болжау,  табиғи  ресурстарды 
тиімді  пайдалану,  экология  мәселелері  бола  алады.  Бҧл  жерде  математикалық 
символиканы  барлық  уақытта  пайдалану  шарт  емес,  бірақ  ойды  математикаға 
тән  қатаңдықпен  жеткізу  қажет.  Есептің  дәл  және  нақты  қойылуы  –  есепті 
жартылай шешу деген сӛз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет