15
-
деректердің ғылыми құндылығын пысықтау принциптері мен
тәсілдері.
2.
Нақты-қолтаңбалық мәселелер:
-
деректердің нақты түрлері мен типтеріне шолу жасау;
-
нақты ескерткіштерге деректанулық талдау жасау;
-
деректерден алынған мәліметтерді нақты тарихи міндеттерді
пайдалану тәсілдері және т.б.
Қазақстан тарихының деректану курсының мәселелері мен құрылымы
оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар:
-
ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялық және
әдіснамалық саласынан білім беру;
-
пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы
ақпарат беру;
-
тарихи зерттеудің жалпы қажеттілігінен шыға отырып, олармен
жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру.
Сонымен, теориялық-әдіснамалық, ақпараттық және әдістемелік
мәселелер бір-бірімен байланысты қаралады. Әдістемелік мәселелерді ашу
деректерге шолу жасаумен қатар жүргізіледі, бұл жағдайда басты назар,
негізінен, деректер жеткізген фактілер мазмұнына емес, әр түрлі деректердің
ақпараттар беру ерекшелігін көрсетуге бөлінеді.
1.3 Отан тарихы курсының жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі орны мен маңызы
Бүгінгі Адами дүние әлемге, өркениетке, мемлекетке, ұлтқа, ұлысқа,
ағайын-туысқа, қалысқа бөлінеді. Қазақ ұлты бірден жаратылған жоқ, оның
бірнеше мың жылдық өсу, даму динамикасы бар.
Достарыңызбен бөлісу: