Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф



Pdf көрінісі
бет22/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз

жаңа дәуірде
(XV ғ. мен XVIII ғ. аралығы) – дағдарыс 
кезеңіне түседі, ол тұтас көшпелі өркениетін ыдырау жағдайына алып келеді; 
отарлық кезеңінде 
(ХІХ ғ. мен ХХ ғасырдың басында) – көшпелі өркениет 
заманның талабына сай құлдырау (деградация), сондай-ақ жаңашадан 
техникалық-индустриалды қоғамына бейімделу кезеңіне түседі;
кеңестік 
дәуірде
(1917-1990 жж.) – кеңестік модернизация жолында болды; 
егемендік 
кезеңі
(1991 ж. бастап) – шынайы бетбұрыс дәуірі басталды.
Сонымен, 
Көшпелі өркениеттің
феноменділігі неде? Шаруашылықтың 
даму деңгейі мен өзіндік шаруашылық формасы – ерекшелігімен 
(спецификалық) сипатталады. Өндіріс экономикасында таралған түрлердің ең 
мамандырылғанның бірі болып, осы жерде жасалып құрылған мал 
шаруашылықтық және мал-егіншілікті тип шаруашылығы ешуақытта 
алдындағы дәстүрлерден қол үзбеді. Консервативтік «технология» болса да, 
қоғамның саяси және әлеуметтік өмірінің эволюциясына елеулі әсерін 
тигізді. Мал өндірісіне байланысты мамандану мен соған сәйкес 
шаруашылықтық тип байланысы әлеуметтік өмірде мобильділікке және саяси 
белсенділікке жағдай жасады. Ең бастысы, көшпелілер сыртқы әлемсіз өмір 
сүре алмады немесе оған өзге шаруашылық жүйелері қажет болды. Яғни, 
көшпенділердің басты феноменділігі - сыртқы әлем байланысының үзілмеуі 
мен оның қажеттілігінде жатыр. 
Көшпелі өркениетті 
эволюция үрдісінде 
ерекше вариант қана емес, сонымен қатар адамзат тарихында 
мәнді
және 
ажыратылмайтын фактор
деп қарастырған жөн.
Көшпелі өркениеттің мәнін айқындайтын ерекше белгілер: 
1.
Ол неолиттік және индустриалды революция аралығында орын алып, 
өзіне сәйкес құбылысын жаратқан мәдениет. 
2.
«Ажыратылмайтын біртұтастық» идеясы дүниетанымдық көзқараста 
негізгі рөл атқарды, ол – 
экологиялық сана

3.
Этикалық категориялары: сапа, өлшем, кеңістік және уақыт 
ұғымдарымен айқындалды. 
4.
Рухани өмірдегі ұстаным болған тұлғааралық қатынас ру-тайпалық 
қарым-қатынасты түсіндірді. 
5.
Монотеистік қағидамен негізделген Тенгризм діні сипатталады: 
сүйіспеншілік, имандылық, тылсым дүниені меңгеру, ырық және
білімге ынталылық. Тенгризм бойынша адамды қозғаушы күш, яғни 
Тәңірдің жарылқауымен адам «Универсумды» жетілдіру немесе 
жетілдіріп тұру. Ұмай – Ана құдайы, ол отбасын, баланың және 
өнердің қамқоршысы, ал оның атрибуты болып «Алтын жебе мен 
садақ» көрініс табады. 
6.
Қоғамдық-саяси ұйымдасу жүйесі дамыған ру-тайпалық және әскери-
әкімшілік қатынас симбиозын құрған тұрақты әлеуметтік-саяси қалып 
жүйесін құрды. Соған сәйкес іріктелген ерекше топ – «ақсүйек» әулеті 
негізделді. 


21 
7.
Айырбас сауданы, сауда - ішкі және сыртқы, әсіресе халықаралық 
сауданы (Ұлы Жібек жолы) жаратты. 
8.
Таста қашалған жазудан бастап, қағазда көмкерілген өзіндік алфавиттік 
жазба туындысы - ұлы істердің бірі болды. 
9.
Айқындаушы түрде ерекше орын алатын туындылардың бірі – ауыз 
өнері, әсіресе «Шежіре». Ол тарихи деректерден өзге, генеалогиялық 
және этногенетикалық мәліметтерді бейнеледі. Жырау поэзиясы - 
рационалдық құбылыс, далалық интеллектуализм, өзінше көшпелі 
өркениеттік театры. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет