Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф



Pdf көрінісі
бет25/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз

ата-бабалық негіз
пайда болғанын куәлендіреді. Ұлы Даланың этникалық процестегі шешуші 
кезеңі бірінші мыңжылдықтың орта кезіне тура келеді. Жаңа әлеуметтік 
(
империялық
) қатынастың құрылуы - 
Түрік дәуірін
, яғни жалпытүріктік 
этникалық сана-сезімнің – 
түріктік (ұлттық) тіл мен идеологияның
қалыптасуымен аяқталады. Сапалық жағынан өзгеріс енгізген 
моңғол дәуірі 
көшпелі өркениет тарихын қанат серпінінен
өткізеді, түрік елін соңғы рет 
біріктірген шыңғыздықтар әулеті аса маңызды факторларға жол ашады. 
Бірақ, сырттан келген саяси себеп пен іштегі тартыс түрік елінің 
бөлшектеніп, дараланған мемлекеттік құрылымдардың пайда болуына 
жағдай жасайды. Сөйтіп, осының салдарынан саяси түрде Қазақ хандығы 
қалыптасады, ал оның негізін құрған алаш тайпалары қазақ атауын 
қабылдайды. 
Қытайдан оралып келген Зәкенұлы Тұрсынхан Қазақстан оқырмандарын 
қытайдың ғалымы Су Бэйхайдың «Қазақтың тұтас тарихы» деп аталатын 
төрт томнан тұратын еңбегімен таныстырды. Еңбегін бағалай келіп: 
«бұрынғы қасаң көзқарастарынан шыққан, қазаққа тиесілі түйінді мәселелер 
жан-жақты зерттелген»,-деп жоғары баға береді. Автордың ұсынған 
дәйектері бойынша қазақтардың түп-төркіні - Хан патшалығы дәуіріндегі 
үйсіндер – қазақ халқының ұлт болып қалыптасуындағы негізгі этникалық 
арнасы және ұйытқысы болады, Қазақ ұлты ХV ғасырда емес, б.д.д. ІІ 
ғасырда қалыптасқан деген пікірді жан-жақтылы дәлелдеді. Тарихтағы үйсін, 
қаңлы, қыпшақ ұлыстары қазақ халқын қалыптастырған негізгі этникалық 
тұлғалар ретінде бастан-аяқ қазақ даласында билік құрған. Ал ғұн, түрік, 
қарақидан, моңғол тектес этникалық топтар мен ұлыстар билеп төстегенімен,
әлдеқашан қалыптасқан қазақтың ұлттық құрамына сіңісіп бөгделенуге 
ұшырап кетті,- дейді. Шыңғыс жорығы қазақ даласындағы көптеген ұлттар 
мен ұлыстардың өзара бірігіп, өз алдына ірі ұлттық құрамдарға жіктелуіне 
оңды ықпал етті. Моңғол әулеті билеген дәуірдегі қазақтардың Қытай 
мәдениетіне қосқан үлесін айырықша бағалайды. Солардың өкілі ретінде 
Ханбалыққа (Пекин) дейін барып өз шығармаларын қытай тілінде жазған 
Төте, Темірташ, Тайбұқа, Найсан, Қаңлы Сисан тектес тарихшы, ақын, 
хаткер, музыканттарды бір-бірлеп таныстырады, әрі оларды қазақ халқының 
төл перзенттері ретінде дәлелдейді. Әрине, Су Бэйхайдың «Қазақтың тұтас 
тарихы» еңбегі – қазақ тарихнамасына қосылған ғылыми құндылыққа ие
бағалы байлық дейміз. Сондықтан бұл еңбекті қолдана отырып зерттеп, 
ғылыми айналысқа енгізудің мән-маңызы ерекше. Сөйтіп, халық болып 
қалыптасу үрдісін қорытып айтылатын түйін мына мәндерге ие: 


24 
1. Қазақстанның ежелгі тұрғындары Еуразиялық аймақта мекен құрды. 
Антропологиялық сипаты еуропа нәсілдік дала түрі болды. Тарихи 
көзқараста әзірше тұрақталған лингвистикалық сипаты үндіеуропалық 
үйелменің ежелгі иран тармағына кіреді. Бірақ кейінгі зерттеулер әуел бастан 
тіл тармағы түркілік болды деген дәйектер көрініс тапты. 
2. Ең көне өркениеттің тұрғындары кейініректегі антропологиялық жұрттың 
құрылуының басты өзегі болып қала берді. Жергілікті ұрпақтың 
антропологиялық негізі өткен кезеңмен генетикалық байланысы үзілмеді.
3. Тарихи даму мен жағрафиялық жағдайына байланысты біздің 
заманымыздың І мыңжылдығында Шығыс пен Батыс арасындағы көпірлік 
рөлі - қоныс аударулар орталығына айналдырады. Енді оның генофонына 
шығыстық сипат қосыла бастайды. 
4. Қазіргі қазақтарға тән кейіп ХІV-ХV ғасырларда екі нәсілдің – тұрақты 
еуропеоидтық және кейін қосылған моңғолоидтық нәсілдердің далалық түрі 
қалыптасты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет