Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф



Pdf көрінісі
бет43/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз

ғундардың 
да аты кеңінен жайылған. Жоғалып 
кеткен осынау халықтың аты жауынгершілікпен, мейірімсіздікпен 
аттастырылады. Аттила бастаған ғұндар Еуропа елдерін сан рет қан 
қақсатып, қанға бөктірген еді. Олар халықтардың ұлы көші-қонына ( 
халықтардың ұлы қоныс аударуы ) түрткі болды, мұның аяғы Рим 
империясының құлауына әкеліп соқты. Мұның бәрі Еуропа тарихынан 
баршаға мәлім тұстары. Ғұндар б.д.д. ІV-ІІІ ғғ. мен біздің заманымыздың 
V-VІ ғасырлар тұсында әлемге әйгілі болған көшпелі өркениетін 
қалыптастырған қағанаттардың бірі. Тарихи әдебиеттерде олар - ғұндар 
немесе сюнну деген атпен мәлім. « Хунну үйінің
 ө
рлеуі» ( көне жазбаларда бұл 
оқиға осылай аталады) б.д.д. 206 жылы билік басына келген Модэ шаньюдің 
есімімен және оның ұлы Лаошаньмен тығыз байланысты. Ол келе-сала 
жеңісті соғыстар жүргізіп,
 
талай жерлерді жаулап алды. Б.д.д. ІІ ғасырда 
Қытай (Хань әулеті) Ғұн билігін мойындап «бейбітшілік және туыстық 
келісіміне» қол қойды. Осы кезде ғұн патшаларының (шаньюй) қол астына 
қазіргі Кореядан бастап Шығыс Қазақстанға дейін, солтүстігінде Байкалдан 
бастап оңтүстігінде Тибетке дейінгі кең байтақ жерлердегі елдерді 
империясына қосып үстемдік етті. Бұл дәлел археологиялық қазба 
жұмыстарынан көрініс табады. Антрополог Ю.Д.Талько-Гринцевич 1896ж. 


54 
бесжүзден астам Байкал өңіріндегі әртүрлі конструкциялы зираттарды 
зерттеп, олар б.д.д. ІІІ ғасырдағы тегі түрік еліне жататын «Ғұн ордасына 
біріккен қуатты мемлекет» деп тұжырымдады. Келесі экспедиция 1924 
жылдары С.А.Теплоуховтың басшылығымен солтүстік Монголиядағы Ноин-
Ул тауындағы ежелгі зиратты зерттеуге жіберілді. Оның пайымдауынша 
Талько-Гринцевич зерттеген зираттар мен Ноил-Ул мәдениетінде тығыз 
ұқсастық бар және ол тек ұлы ғұндардың мұрағаты болуы мүмкін деген 
дәйектеме берді. Кеңес Үкіметінің Ұлттық Академиясының ұйғарымы 
бойынша Г.П.Сосновскийдің басшылығымен Улан-Удэ маңындағы Иволгин 
қалашығын зерттеп, ғұн мәдениеті жайлы құнды мәліметтерді келтірді. 
Біріншіден, ғұндар көрші елдерден гөрі алғашқы болып темір 
металлургиясын игеріп, олардан тұрмысқа қажетті әртүрлі бұйымдар мен 
қару-жарақ пен әскери сауыт киімін әзірлегені белгілі болды. Қолөнер 
барынша дамып, соның ішінде зергерлік өнері мейлінше жетілген биік 
деңгейдегі «аң стилі» - дүниетанымдарының ғажайып көрінісін береді. 
Екіншіден, қоныстарында қазба жұмыстарын жүргізген кезде, олардың 
отырықшы бола тұра аралас шаруашылықпен шұғылданып, егін егіп, мал 
өсірген ірі кәсіби-егіншілік орталықтарды дамытқан мәдениет екені 
байқалды. Қазіргі уақытта тап осындай мәдени орталықтар Оңтүстік Сібірде, 
Тува, Алтай, Монғол, Ордос жерлерінде көбінен табылуда. Ғұндардың түрік 
тілдес болғандығының және өзіндік әріптік жазуының бар екендігінің бір 
айғағы 1982 жылы моңғол археологтары тапқан – Хунну (Ғұн) жазуы. 
Алтыннан шекіп жасалған теңгейде (медальон) көне руниканың 9 әрпінен 
тұратын 4 сөз жазылған: «Ой-сеңгір. Елшінің найзасы». Тарихшы 
Қ.Сартқожаұлының топшылауы бойынша; «ғұндар дыбыс белгілейтін 
алфавиттік жазу қолданған және ол ғұндардан бері ұрпақтан-ұрпаққа 
үзілмей жалғасып, Х ғасырға дейін қолданылды»,- дейді. 
Ғұндар жоғары дамыған материалдық мәдениет пен әскери-әкімшілік 
принциптік түрде ұйымдасқан билік институтын және мәдени катализатор 
қызметін атқарған империялық құрылымды қалыптастырды. Мемлекет 
басында атадан балаға мұра ретінде ауысып отыратын Тәңірдің рақымымен 
берілген билік лауазымы Шаньюй (Тәңірқұты) басқарды. Оны «Тәңірдің 
ұлы», «Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген» деп таныды. 
Империяның барлық жері - Шаньюдің меншігі болып есептелді, ал халқын 
қорғауда - ол міндетті болды. Биліктегі келесі баспалдақ оның кеңесшілері 
мен әскер басшыларында болды. Төменгі чиндерге – тумэндер, мыңдықтар, 
жүздіктер, ондықтар жатты. Тумэндерді шаньюдің өзі тағайындап, оған жері 
мен халқын бөліп беріп отырды. Әр түрлі салық жүйелері мен міндетті түрде 
еркек қауымның әскер борышын өтеу заңы бекітілді. 
Әйткенмен, Ғұн державасы ұзаққа созылмады. Б.д.д. 55 жылы ол екіге 
бөлінуімен аяқталды. Ғұн империясының дағдарысына қытайлардың тікелей 
қатысы болды. Олар көрші тайпалардың арасына ылаң салып, қарама-қарсы 
қойды. Оңтүстік ғұндар Хань әулетіне бағынса, солтүстік ғұндар батысқа 
қарай қоныс аударды. Осы батысқа қарай қоныс аударған солтүстік ғұндар 
Алтай тауы мен Іле алқабы, Жетісу өңірі мен Сырдария бойына келіп 


55 
қоныстанып, біздің дәуіріміздегі ІІ-V ғасырларда Юэбань мемлекетін құрды. 
Бір бөлігі Еділ мен Днепрден асып, Боспор патшалығын талқандап Римге 
найзасын тіреді. Қорыта айтсақ, ғұн бастаған «халықтардың ұлы қонысы» 
әлем тарихында орта ғасырлардың қақпасын ашып, жаңа кезеңге бет бұру 
дәуірі басталды. Сөйтіп, VI ғасырда Қазақстан территориясына Көк түріктер 
аяқ басқанда, олар мұнда қаны бөтен жауды емес, бауырлас, түркі тілдес хун 
ұрпақтарды кездестірді, сондықтан да түріктер мен жергілікті тұрғындардың 
арасында қантөгіс соғыс болмай, болашақ қазақ жері бейбіт түрде Түрік 
қағанатының құрамына кірді. 
Осыған орай аса 
ірі 
шығыстанушы В. Радловтың « Дала адамының 
көшпенді өмірі осы уақытқа дейін барлық қазақ тайпаларына тән өздеріне 
лайықты жауынгерлік рухын жоғары көтере түседі» деген сөзін келтіре 
кеткеннің еш артықшылығы жоқ. 
Сонымен, 
ежелгі 
көшпенділер 
дәуіріне 
қатысты 
ойымызды 
тұжырымдайтын болсақ біздің дәуірімізге дейін VІІ-ІV ғасырларда 
Қазақстанның кәзіргі аумағында сол кездегі аса қуатты сақ бірлестіктері 
және олармен тектес басқа да тайпа одақтарының құрылғанын көреміз. Ал
біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырдан біздің дәуіріміздің V ғасырына 
дейінгі кезеңде ол тайпалардың бір-бірімен қоғамдық байланыстары 
тереңдеп, нығая түскенін байқаймыз. Сақ, савромат, киммер, кушан, ғундар, 
үйсіндер, сарматтар және қаңлылар сияқты тайпаларының өзара бірігуі тап 
осы кезеңге сай келеді. Соның нәтижесінде біздің дәуіріміздің V ғасырына 
қарай осы күнгі Қазақстанның орасан зор аумағына Көк Түріктердің 
тайпалары қоныстанып, емін-еркін жайлап кетеді. Бұл тайпалар VI ғасырда 
түркі деген ортақ атқа ие болып, Еуразияның Орталық Азия аумағында 
ортағасырлық империялық қуатты мемлекет құрылымын – Көк Турік 
Қағанатын дүниеге әкелді. 
Осы ерте көшпенділердің Еуразия Даласында мәдени ырғақтары қандай 
болды деген сауал-сұрағына тоқталайық. Шексіз далада қимылсыз жату 
көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол - бір заңдылыққа бағынып, 
табиғаттың құрамдас бөлігі есебінде даланы игеруге бағыт ұстады. Кеңістікті 
меңгеру ісінде жылқының ерекше қызметіне назар аударып, оны адам еркіне 
көндірді. К.Ясперс айтқандай: «тағылықтан өркениетке өтуде жер суару 
жүйелерін жасаумен қатар ... жылқыны пайдалана білу адамзат үшін өте 
маңызды болды»,- деді. Бұл әртүрлі мәдениеттердің сұхбаттасуына мүмкіндік 
берді және А.Вебердің пікірі бойынша: көшпелілер «Ұлы қоныс аударуы» 
атты құбылысты әкелді. Бұл өзге өркениеттердің қалыптасуына үлкен себебін 
тигізді. Мысалы, мұны грек мифологиясынан көруге болады: кентавр Хирон 
(көшпенді скифтің метафорасы) досы Прометейге көмек беру үшін мәңгілік 
өмірден бас тартады. Шумерлік жырдағы осы байланысты Гильгамеш пен 
Энкидудың (Энкиду – Ұлы Далада туған батыр бейнесі) достығынан да 
аңғарылады. О.Сүлейменов «Аз и Я» кітабында шумерлік және түріктік
мәдениеттерінің туыстығы жөнінде айғақты гипотеза келтіреді. Сонымен, 
А.Вебердің айтқан пікірімен ерте көшпенділер дәуірін толастасақ: 
«техногендік өркениет пайда болғанға дейін көшпелілер кеңістікте мәдени 


56 
катализаторлар қызметін атқарды». Яғни, далалық өркениет әлемдік дамудың 
бір қозғаушы күші болғанын дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет