III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Эмоционалдық фонды қалыпқа келтіру – «Күлкілі беттер». Шарға жымиған күлкінің
суретін салып, көңілді шарды балаларға сыйлайды. Дені сау және тату болу үшін үйде де,
балабақшада да Денешынықтыру қажеттігін балалардың есіне салады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
№ 38
Білім беру саласы:
Денсаулық. Таным
Бөлімі:
Денешынықтыру.
Тақырыбы:
Ерекше орындықтар
Мақсаты:
Тепе-теңдікті сақтау және еңбектеу жаттығулары арқылы организмнің
функционалдық мүмкіндіктерін арттыру.
Міндеттері:
тапсырмаларды орындап, гимнастикалық орындық үстінде жаттығулар
орындау, тепе-теңдікті сақтау. Тізе мен алақанды тіреп, бір қатарға қойылған заттардың
арасымен еңбектеп жүру қабілетін жетілдіруді жалғастырамыз. Аяқ пен қолдың
қозғалысын үйлестіру және заттарға жанаспай жүруді үйрету. Ептілікке, шыдамдылыққа
баулу, үйлестіру қабілетін дамыту; тәртіпке бағынуға, батылдыққа баулу.
Достарыңызбен бөлісу: |