5
жаттығуларының күрделі түрлерін орындау арқылы өз күшін сынауға талпынады.
Балалардың бойында қимыл-қозғалыс импровизациясына деген қажеттілік туындайды.
Олар кез келген қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындауға дайын. Бірақ өзінің нақты
мүмкіндіктерін бағалай білмейді. Бала шамасы келмейтініне көзі жеткеннен кейін қимыл-
қозғалыс жаттығуларын жалпылама істе салады, аяғына дейін жеткізбейді. Бірақ өзі
қимылдарды толық орындадым деп ойлайды.
Бұл жастағы баланың зейін қою қабілеті тұрақты сипатқа ие бола бастайды. Көру
қабілеті, есту және сезіну қабілеті жетіледі, есте сақтау және еске түсіру қабілеті дами
бастайды. Балалар қимыл түрлерін ажырата бастайды, олардың кейбір элементтерін,
мысалы, жылдамдығын, дене мүшелерінің қозғалыс ретін бөліп көрсетуді үйренеді. Олар
қимылдарды саналы түрде орындай бастайды. Қимылдардың нәтижесіне, олардың дұрыс,
тиісінше орындалуына деген қызығушылық пайда болады.
Дәл осы жастан бастап оқу мотивтері, балалардың белгілі бір қимыл техникасын игеруі
мәселесі алдыңғы орынға шығады. Алайда, оқу қызметі әлі де болса ойындық қызметпен
астасып жатады. Сондықтан түрлі тосынсыйларды (сюрприз) пайдалануға болады.
Балаларға жақсы таныс ойындық жаттығулар мен тапсырмалар да қолданылады.
Мектепке дейінгі жастағы ортаңғы топ балаларының қозғалысын дамыту үшін қимыл-
қозғалыстың жалпылама түрлерін пайдаланып қана қоймай, жекелеген құрамдас бөліктер
мен қозғалыс элементтерін, позаларды меңгертуге көшуге болады. Баланың барлық денесі
мен жекелеген дене мүшелерін бір-бірімен байланыста дамытуға мүмкіндік беріледі. Білім
беру саласына жүктеліп отырған бұл міндет балалардың өз қимылдарының ізбе-ізділігі
мен сапасын қабылдау, көзге елестету, сараптау және бағалауға деген сұранысының
жоғарылауынан туындап отыр.
Балалардың бұрын үйренген қимыл-қозғалыс дағдылары мен машықтарын бекіту – бұл
арнайы тәсілдермен қимыл-қозғалыстарға үйрету. Алдыңғы топтарда үйренген
жаттығуларын жоғары деңгейде қайталатып орындату – бұл қозғалыс мектебін құруда
елеулі рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: