9
Анықтау
Бұл әдіс балалардың назарын аударуға немесе қабылдау қабілетін жетілдіру, үйреніп
жатқан қозғалыстың белгілі бір элеменеттерін ашып көрсету мақсатында пайдаланылады.
Ол жаттығуларды көрсету немесе орындау арқылы сүйемелденеді. Бұл жерде сөз қосалқы
рөл атқарады.
Нұсқаулар
Қозғалыстарды үйренген кезде, қозғалыс дағдысы мен қабілетін нығайту барысында
сөзді қысқаша нұсқау ретінде пайдалануға болады. Бұл сөздер тапсырманы нақтылау;
қалай әрекет ету қажеттігін еске салу; балалардың қатесін түзету және оның алдын алу;
жаттығулардың орындалу деңгейін бағалау (мақұлдау және мақұлдамау); ынталандыру
мақсатында қолданылады.
Нұсқауларды жаттығуларды орындамас бұрын да, жаттығу жасап жатқан кезде де
беруге болады. Біріншісінде нұсқаулар алдын ала нұсқаушылық тәсілі рөлін атқарады.
Екіншісінде педагог тапсырманың дұрыс орындалу деңгейіне баға береді. Жаттығуларды
орындау сапасын бағалау балалардың қозғалыс туралы түсінігін нақтылауға мүмкіндік
береді.
Бұйрықтар. Тапсырмалар
Бұйрық дегеніміз – педагогтің ауызша пәрмендері. Оның нақты мазмұны мен белгілі
бір пішіні болады (мысалы, «Ай-Нал!» т.б.). Сөздік әсер етудің бұл формасы
қысқалығымен және әмірлі үнімен ерекшеленеді. Команда балалардың қызметіне тікелей
басшылық етудің (шұғыл басқару) негізгі тәсіліне жатады.
Нұсқаудың мақсаты – қимылдардың бір кезде басталып, бір кезде аяқталуын,
қозғалыстың белгілі бір ырғағы мен бағытын қамтамасыз ету.
Бұйрық екі бөліктен тұрады: бастапқы және атқару бұйрығы. Бастапқы бөлімде не
істеу керектігі
және оның жолдары, атқару бөлімінде қимылдарды ақырындап орындауға
белгі берілген. Бұл жерде нұсқауды дұрыс бере білуді үйренудің маңызы зор. Басқаша
айтқанда, сөзге екпін түсіре білу, дауыстың күші мен интонацияны дұрыс қою керек.
Мысалы: «Бір орында тұрып алға...» (бастапқы бұйрық), содан соң «Адым бас!» (атқару).
Нұсқаудың бастапқы
бөлігі созылып айтылады, содан кейін аз-кем үзіліс жасалады. Содан
соң қатты дауыспен атқару бөлімі айтылады. Педагог бұйрық берген кезде «тік тұру»
қалпында тұруы тиіс. Оның сенімді шыққан нық даусы, нұсқаудың нақтылығы
балаларды
тәртіпке шақырып, ұйымдастырады, оларды тапсырманы
тез әрі мұқият орындауға
мәжбүрлейді.
Педагог нұсқауды өзі құрастырады («Терезеге қарай – бұрыл!»). Нұсқаудың
бұйрықтан айырмашылығы да осында. Бірақ ол да әмірлік үнмен айтылады. Нұсқаулар
сабақ өтетін орынды дайындау, Денешынықтыру сабағына қажетті
жабдықтарды
үлестіру мен жинауға қатысты тапсырмаларды орындау барысында да пайдаланылады.
Бұйрықтар мен нұсқаулар берген кезде дауыс күші сабақ өтетін бөлменің көлеміне
сәйкес болуы тиіс. Ең бастысы, балалар педагогтің нұсқаулары мен бұйрықтарын естіп,
қимыл-қозғалысты дер кезінде және дұрыс жасауға кірісуі маңызды.
Егер жаттығулар музыканың ырғағымен орындалатын болса, команданың бастапқы
бөлігі (бұйрық) сөзбен айтылады, ал атқару бөлімі (орындауға арналған белгі)
музыканың
бірінші аккордына ауыстырылады.
Балаларға қойылатын сұрақтар оларды байқампаздыққа баулиды,
ойлау және сөйлеу
қабілетін жандандырады, қозғалыс туралы түсінікті нақтылауға көмектеседі және оған
деген қызығушылықты оятады.
Достарыңызбен бөлісу: