8
Кейін көрсету тәсілін жаттығу техникасының жекелеген элементтерін көзбен көріп
елестету дағдысын қалыптастыру үшін пайдалануға болады. Жаттығуды жасап көрсетер
алдында балаларға қайсы элементке ден қойып, көбірек көңіл бөлу қажеттігін түсіндіреді.
Жаттығуды меңгеру деңгейіне қарай аталған сабақта өткен техниканың белгілі бір
элементтерін көрсетуге болады.
Жаттығуды балалардың бәріне көрінетін, ыңғайлы жерде жасап көрсету үшін орын
таңдаудың да маңызы зор. Мысалы, жалпы дамытуға бағытталған жаттығуларды биіктеу,
балалардан алыстау жерде көрсеткен дұрыс. Бойы кішкентай балаларды топтың алдына
қою қажет. Күрделірек жаттығуларды (лақтыру, секіру т.б.) тегістігі жағынан әртүрлі
жерлерде көрсеткен дұрыс. Бұл дене, қол, аяқты дұрыс қоюды үйретеді.
Педагогтің бойының сәйкес келмеуіне байланысты кейбір жаттығуларды жасауға
балаларды жұмылдыруға болады (гимнастикалық қабырғада жасалатын жаттығулар,
арқанның астымен өту, шеңберге кіру т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: