Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет6/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

Жүйелілік қағидасы 
Организмдегі  функционалдық  және  құрылымдық  өзгерістер,  қозғалыс  дағдысы  т.б.  
қайтып  орнына  келгіш.  Басқаша  айтқанда,  денешынықтыру  сабақтары  тоқтатылған 
жағдайда  олар  бұрынғы  қалпына  қайтып  оралады.  Сондықтан  ұйымдастырылған  оқу 
қызметін соңғысының нәтижесі алдыңғы оқу қызметінде «із» қалдыруы үшін, оны белгілі 
бір уақыт аралығында өткізіп, нығайтып, қол жеткен өзгерістерді дамытып отыру қажет. 
Дұрыс  ұйымдастырылған  денешынықтыру  сабақтары  барлық  талаптар  мен  шарттар 
жиынтығы толық ескерілген, жаттығулары белгілі бір жүйемен, белгілі бір ізбе-ізділікпен 
іріктелген болуы шарт. 
 
Өрлеу қағидасы 
Бұл  қағида  бойынша  денешынықтыру  үдерісінде  қойылатын  талаптар  біртіндеп 
күшейіп,  жаңа  тапсырмалар  күрделілендіріледі,  жүктеменің  көлемі  мен  жиілігі  артады. 
Балалардың  қабілеті  мен  дағдысын  қалыптастыру  үшін  біртіндеп  күрделі  қимыл-
қозғалыстарға  көшу  қажет.  Қимыл-қозғалыс  қабілеті  мен  дағды  қоры  балалардың  жаңа 
қозғалыстарды  игеруін  жеңілдетеді.  Сонымен  қатар  балалардың  қимыл-қозғалысын 
үйлестіру  қабілеті  артады.  Ұйымдастырылған  оқу  қызметі  барысында  дене  жүктемесі 
біртіндеп  өсуі  тиіс.  Бала  организмі  үйренген  кезде  жүктеме  организмде  оң  өзгерістер 
тудыра  алмайды.  Организмнің  функционалдық  мүмкіндіктерінің  әрі  қарай  дамуын 
қамтамасыз ету үшін жүктемінің көлемі мен жиілігін жүйелі түрде күшейтіп отыру қажет.  
Жаңа  тапсырмалар  мен  соған  қатысты  жүктемелер  балалардың  жеке  мүмкіндіктеріне 
сәйкес  келген  жағдайда  ғана  жаңа  талаптарды  күшейтіп,  оң  нәтижелерге  қол  жеткізуге 
болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет