1 11 Тақырыбы: Түрлі түсті
жалаулар
Мақсаты: секіру және еңбектеу дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: секіру жаттығуларын үйрету. Бір аяқ алда,
екіншісі артта. Қолдарды шынайы қимылдатып, жеңіл әрі
ритмге сай, саптан шықпай жүгіру. Қозғалыс бағытын сақтай
отырып төрт аяқтап еңбектеуге үйретуді жалғастыру.
Организмнің жалпы төзімділігін, үйлестіру қабілетін дамыту.
Дүниеге жағымды көзқараспен қарауға тәрбиелеу,
жинақылыққа баулу.
1 12 Тақырыбы:
Сымбатты дене
Мақсаты: велосипед тебу дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: велосипедпен тура бағытта жүруге үйрету.
Секірген кезде аяқтарды кезекпен ауыстыруды үйретуді
жалғастыру (бір аяқ алда, екіншісі – артта). Кішірейтілген
алаңда жүргенде тұрақты тепе-теңдік сақтау жаттығуларын
жасау, дене сымбатының бұзылуының алдын алу. Педагогтің
түсіндіргендерін мұқият тыңдау қабілетін қалыптастыру,
оның көрсеткендерін мұқият есте сақтауға үйрету.
Организмнің жалпы төзімділігін, үйлестіру қабілетін дамыту.
1