1
93
Таза ауада
өткізу
Тақырыбы:
Добым, добым
домалап
Мақсаты:
доппен ойнау дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
допты берілген бағытта домалатуға үйрету. Доп
ұстаған қолын басының артына апару, бүгілген қолдарын
алға-жоғары екпінді түрде жаза отырып, доптың ұшуына
дұрыс бағыт беру білігін бекіту. Спортпен айналысу,
салауатты өмір салты машықтарын тәрбиелеу.
1
94
Тақырыбы:
Бірге
жаттығамыз!
Мақсаты:
қимылдарды ретімен орындау дағдысын
қалыстастыру.
Міндеттері:
артқа қосалқы адым жасау мен өз төңірегінде
айналу жаттығуларын кезекпен орындауға үйрету. Биікте
тұрған зат арқылы бүйірімен аттап өткен кезде денесін тік
ұстап, тепе-еңдік сақтау қабілетін қалыптастыру. Педагогтің
айтқандарын тыңдау, оның көрсеткендеріне мұқият ден қоюға
үйрету, өз қимылдарын өзге балалармен үйлестіріп жасауға,
қозғалыстың ізбе-ізділігін сақтауға үйрету. Күш пен үйлестіру
қабілетін дамыту; дос болуға, тапқырлыққа баулу.
Достарыңызбен бөлісу: |