Күтілетін нәтиже:
жасайды:
кегельдермен жалпы дамытатын жаттығулар орындау, «өкшеге отыру»
қалпында допты бір-біріне қарай домалату.
түсінеді:
кегельдердің не үшін пайдаланылатынын, заттардың арасымен жүргенде
бағытты қалай өзгерту керектігін, допты бір-біріне домалатқанда оның бағытын сақтау
қажеттігін, өзінің саптағы орнын қалай табу керектігін.
қолданады:
ойын кезінде кеңістікте бағдарлау қабілетін, секірген кезде тізені сәл бүгіп,
аяқтарды бірге қоюды және арасын ашып қоюды біледі.
Құралдар мен материалдар:
кегельдер (бала санына қара), топтың жартысына жететін
доп, ойнауға арналған шеңберлер.
Билингвалды компонент:
«Орнынды тап!»
–
«Найди место!», сәлеметсіз бе –
здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қозғалатын орта қалыптастыру – екі қатарға кегельдер қойып шығу (кегельдер жай емес,
сиқырлы болғандықтан балалардың епті әрі шапшаң болуына көмектеседі).
Достарыңызбен бөлісу: |