Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет137/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

ҰОҚ барысы:  
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Балаларды әдемі жапырақтармен тағы да ойнауға шақырады.
 
II. Негізгі кезең. 
Бір-бірден сапқа тұрып, тізелерін жоғары көтеріп жүреді, жүгіреді. Қолдарын әртүрлі 
қалыпта ұстайды. 
 
Екі  сапқа  тұру.  Жапырақтардың  көмегімен  жалпы  дамытатын  жаттығуларды  орындау. 
Сапта арақашықтықты сақтау. Қолды шынтақтан жазып, түзету. 
Негізгі іс-қимылдарды орындайды: 
Тігінен тасталған жіптің бойымен жүру. Қозғалысты орындау жолын түсіндіру, (бала 
көрсетеді) тепе-теңдік, дененің сұлулығын  сақтауға назар аударту. 
 
Қос аяқпен секіру – «аяқтарды бірге қойып, аяқтың арасын ашып» секіру, қолдарын 
бастан асырып шапалақтау – тапсырманың ырғақпен орындалуын, аяқ пен қолдың 
үйлесімді қимылдауына көңіл бөлу қажет (аяқтың арасын ашқанда – қолды қапталға қарай 
созамыз, аяқты қосқанда – қолымызды бастан асырып шапалақтаймыз). 
Төрт аяқтап еңбектеу (6 метр қашықтыққа). Қозғалысты, қол мен аяқтың үйлесімділігін 
қамтамасыз ету. Қимылдардың орындалуын қадағалау. 
 
«Лақтыр – қағып ал» ойынын ұйымдастырады: 
Ойын тәртібін түсіндіреді. Жұптарды таңдауға, оларды залға арақашықтық сақтап, бір-
біріне кедергі келтірмейтіндей етіп орналастыруға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет