Билингвалды компонент:
дене мүшелері – части тела, мұрын – нос, ауыз – рот, көз –
глаза, құлақ – уши, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Дидактикалық ойын: «Атауын ата және көрсет»: беттегі ауыз, мұрын, құлақ, көз сынды
мүшелерді атап беруге шақырады. Ойын соңында денсаулықты күту, аурудың алдын алу
жөнінде жалпы түсінік береді. Әр баланың – ең әдемі, ең үздік екеніне, денсаулықты
нығайту керектігіне ерекше назар аударады.
II. Негізгі кезең.
Ойын түрінде бір-бірден тізбекке тұру, «Өз орныңды тап!» ойыны. Тізбектегі
қашықтыққа назар аудару.
Бағытын ауыстыру арқылы бір-бірден тізбекте жүру, жүгіру.
Екі тізбекке тұру. Жалпы дамытатын жаттығуларды орындау. Жаттығулардың
орындалуын көрсету.
Негізгі қимыл-қозғалыстарды ойын түрінде орындау: «Шыршалар, шырша бүрі, қояндар».
Организмді шынықтырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |