III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, тапсырманы жақсы орындауға тырысқан, епті балаларды
ынталандырады. Бұл ойын туралы үйдегі жақындарына, достарына айтып беруді ұсынады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
№ 18
Білім беру саласы:
Денсаулық.
Бөлімі:
Денешынықтыру.
Тақырыбы:
Организмді шынықтырамыз. (
Таза ауада өткізу)
Мақсаты:
Самокат тебу және секіру дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
тыныс алу мен дем шығару актілерін реттеуді үйрету. Сапта жүрген кезде
бағытты өзгерту қабілетін жетілдіру.
Бір-бірден тізбекке тұруға жаттықтыру, өз бетінше әрекет ету және сапқа тұрған кезде
кеңістікті бағдарлау қабілетін дамыту. Бір орында қос аяқтап секіруге жаттығуды
жалғастыру. Бір уақытта екі аяқпен бірдей еденнен серпіліп секіру қабілетін
қалыптастыру. Еденнен бір уақытта қос аяқпен екпінмен секіру қабілетін нығайту.
Педагогтің түсіндіргендерін мұқият тыңдау, көрсеткендерін бақылау қабілетін
қалыптастыру, жинақылыққа, зейінді болуға үйрету. Өз организмін күтуге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |