Құралдар мен материалдар:
сандық, ұзындығы – 3 м таспа жіп – 4 дана, топтың
жартысына жететіндей етіп диаметрі 20 см доптар, ритмдік гимнастика кешендерін
орындауға арналған музыка.
Билингвалды компонент:
сиқырлы сандық – волшебный сундучок, Сандықты тап! –
Найди сундучок!, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойын түріндегі жаттығу: «Сандықты тап!». Балалармен бірге сиқырлы сандықтан
тапқан ойыншықтарды зерттеу.
II. Негізгі кезең.
Ырғақты-музыкалық қозғалыстар. Ойын түріндегі жаттығу: «Бізге кім қонаққа келді?»
– табанның сыртқы жағымен жүру. Тізбекте бір-бірден музыканың ырғағымен жүру
жаттығуларын кезекпен орындау (музыканың ырғағы мен характері әртүрлі, әр қонақ
өзінше жүреді және әрқайсысының өз музыкасы бар)
Ритмдік гимнастика: жаттығуларды музыканың ырғағымен орындау. Кешенді орындау
барысында дене сымбатын бұзбай, денені тік ұстау.
Екі тізбекке тұрады.
Негізгі іс-қимылдарды ойын түрінде орындау.
Ойын түріндегі жаттығу: «Жолмен жүріп өт».
Нұсқау – ырғақпен, адымды барынша кеңірек ашып жүру қажет.
«Тізерлеп тұру» қалпында допты бір-біріне домалату. Балалардың назарын допты
қолмен екпінмен итеру қажеттігіне және доптың қозғалыс бағытын сақтауға аударады.
Ойын: «Секір-бұрыл». Ойын тәртібін еске салу. Балалардың жерге дұрыс түсуін
қадағалау.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |